Ләбиба есімінің мағынасы:

араб тілінен алынған — ақылды, парасатты, өткір.





Қосымша есімдер:


Лазым есімінің мағынасы:

араб тілінен алынған — қажет, міндетті, көректі.

Лашын есімінің мағынасы:

алғыр, қыран құс, сұңқар.

Ләззат есімінің мағынасы:

араб тілінен алынған — тәттілік, шырындылық, сүйкімділік, жағымды, ұнамды, жаратымды.

Ләзиза есімінің мағынасы:

араб тілінен алынған лазиз — тәтті, шырынды, дәмді; ең жақсы, өте тамаша.

Ләйла есімінің мағынасы:

араб тілінен алынған әлләйлун — түн, кеш, көне еврей тілінде Лилия. Түрі — Лейла.

Ләтипа есімінің мағынасы:

араб тілінен алынған латиф — қайырымды, рақымды, жайдары, сүйкімді.

Табылған есімінің мағынасы:

баласы өлген үйде дүниеге жаңадан келген сәбиге жоғалғаны табылды деп осылайша ат берілген. Кейде табылған да деп қоя береді.

Тағай есімінің мағынасы:

араб тілінен - нағашы; бұл есімнің синонимдері — Нағашыбек, Нағашыбай.

Тазабек есімінің мағынасы:

нағыз мықты, берік адам, нағыз бек.

Тайбек есімінің мағынасы:

тайға мінгенде құламайтын, жығылмайтын, мықты берік отыратын бала болсын деген мақсатпен қойылған есім. Еркелетіп қысқартып айту түрі -Тайжан.