Өлең, жыр, ақындар




Гауһар

Парсы тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар.


Есімге сілтеме: Гауһар

Гаяна

Грек тілінен — жерге тән, жерден шыққан.


Есімге сілтеме: Гаяна

Гүлажар

Көркі гүлдей жайнаған қыз.


Есімге сілтеме: Гүлажар

Гүлай

Қазақ есімі— гүлдей сұлу, айдай көркем қыз.


Есімге сілтеме: Гүлай

Гүлайым

Гүлайым — иран-парсы тілінен енген, «гүлдей сұлу», «менің гүлім» және «айым» (ай тәрізді көркем) деген мағыналарды білдіретін әдемі қыз есімі. Бұл есім нәзіктікті, гүлдей құлпырған әсемдікті және айдай сұлулықты сипаттайды, көбіне қыз баланың сұлу әрі нәзік болып өсуіне тілек ретінде қойылады. Есімнің толық мағынасына тоқталсақ: Гүл — нәзіктік, әсемдік, жас өмір символы. Айым — айым, айымдай, сұлуым деген мағына береді. Жалпы алғанда: гүлдей құлпырған сұлу, айдай ару дегенді білдіреді.


Есімге сілтеме: Гүлайым

Гүлбанат

тәжік тілінен - қыздардың гүлі, сұлуы, әдемісі.


Есімге сілтеме: Гүлбанат

Гүлбану

тәжік тілінен — гүл жайнаған қыз, сүйкімді бойжеткен.


Есімге сілтеме: Гүлбану

Гүлбараш

иран тілінен алынған гүлбара — сұлу, көркем, яғни гүлдей сұлу, әдемі, көркем. Түрі — Гүлбаршын.


Есімге сілтеме: Гүлбараш

Гүлбахрам

араб тілінен — көктем гүлі. Еркелету түрі — Гүлпаш. Күлпаш.


Есімге сілтеме: Гүлбахрам

Гүлболсын

тәжік тілінен алынған гүл + қазақ сөзі болсын, яғни гүлдей жайнасын, гүл сияқты әдемі, көркем болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Гүлболсын

Гүлғайша

тәжік тілінен алынған гүл + ғайша — Айша, яғни гүл жайнаған Айша.


Есімге сілтеме: Гүлғайша

Гүлдана

тәжік тілінен — сұлу дана, данышпан, білгір. Түрі — Күлдана.


Есімге сілтеме: Гүлдана

Гүлжамал

араб тілінен алынған жамал — сұлулық, көркемдік. Яғни, гүлдей сұлу, нұрлы, әдемі. Түрлері - Гүлжан, Гүлжанат, Өзгеріскен түрі — Күлжанат.


Есімге сілтеме: Гүлжамал

Гүлжәмила

иран және араб тілдерінен алынған жәмила - көркем, әдемі. Гүл сияқты көркем, ажары гүлдей.


Есімге сілтеме: Гүлжәмила

Гүлжеңіс

жеңістің гүлі. Ұлы Отан соғысының жеңісі күні туған қыз балаға осындай есім қойылған. Синонимі — Жеңісгүл.


Есімге сілтеме: Гүлжеңіс

Гүлзарифа

иран тілінен алынған зариф — нәзік, жіңішке, яғни гүлдей нәзік, көркем, сұлу.


Есімге сілтеме: Гүлзарифа

Гүлзипа

зипа иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, тамаша, өте керемет, яғни гүлдей көркем, сұлу қыз. Өзгеріскен түрі - Күлзипа.


Есімге сілтеме: Гүлзипа

Гүлмария

иран тілінен алынған гүл + көне еврей тілінен Мария, яғни сұлу Мария.


Есімге сілтеме: Гүлмария

Гүлмира

иран тілінен алынған гүл + орыс тілінен мир(а) - бейбітшілік, тыныштық яғни бейбітшілік, тыныштық гүлі. Синонимі — Бейбітгүл.


Есімге сілтеме: Гүлмира

Гүлназ

иран тілінен алынған ноз — еркелік, наздық, яғни гүлдей құлпырған, әдемі, әсем кыз. Түрі — Назгүл. Қысқарған түрі — Назым.


Есімге сілтеме: Гүлназ

Гүлнар

иран тілінен алынған гүл + нар, анар өсімдігінін гүлі, қызыл, қырмызы гүл.


Есімге сілтеме: Гүлнар

Гүлнафиса

иран және араб тілдерінен алынған — гүлдей көркем, ажарлы, нұрлы.


Есімге сілтеме: Гүлнафиса

Гүлниса

араб тілінен алынған ниса — әйел қауымы, қыздар, яғни қыз, әйел біткеннің сұлуы, әдемісі.


Есімге сілтеме: Гүлниса

Гүлнүр

иран және араб тілдерінен алынған нұр — жарық, сәуле. Гүлдей сұлу, көркем әдемі, гүлдей көркем.


Есімге сілтеме: Гүлнүр

Гүлсанат

иран және араб тілдерінен алынған санат, санам - әдемі, сұлу, яғни гүлдей әдемі сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Гүлсанат

Гүлсара

иран және араб тілдерінен - гүлдердің ең таңдаулысы, әдемісі яғни таза гүл, асыл гүл. Өзгеріскен түрі — Күлсара.


Есімге сілтеме: Гүлсара

Гүлсипат

иран және араб тілдерінен - гүлдей әдемі, көркем, сұлу.


Есімге сілтеме: Гүлсипат

Гүлшар

иран тілінен алынған шар + араб тілінен алынған шарх - шығыс, яғни Шығыс гүлі деп қойылған есім. Өзгеріскен түрі — Күлшар.


Есімге сілтеме: Гүлшар

Гүлшара

иран тілінен алынған шара - бет, жүз, шырай, ең, түс, келбет, яғни сұлу келбетті, шырайлы. Өзгеріскен түрі — Күлшара.


Есімге сілтеме: Гүлшара

Гүлшаруан

гүл + шаруан, шахрбану — қаланын сұлу бикеші.


Есімге сілтеме: Гүлшаруан

Гүлшат

иран тілінен алынған - шаттық, қуаныш гүлі.


Есімге сілтеме: Гүлшат

Гүлшаш

(қараңыз: Сұлушаш).


Есімге сілтеме: Гүлшаш

Гайни, гайния

араб тілінен алынған эйнь - кез, ең маңызды, аса елеулі.


Есімге сілтеме: Гайни, гайния

Гарифолла

араб тілінен — жәрдем беруші, демеуші.


Есімге сілтеме: Гарифолла

Гафар

араб тілінен кешірімді, мархабатты.


Есімге сілтеме: Гафар

Гафу

араб тілінен — кешіру, кешірім.


Есімге сілтеме: Гафу