Өлең, жыр, ақындар




Талжан

тал, өзен бойында өсетін сәнді, нәзік, иіліп тұратын ағаштың бір түрі, қосымша - жан.


Есімге сілтеме: Талжан

Талшыбық

қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Талшыбық

Талшын

ағаштың бір түрі. әдемі, әдемі түс деген мағынасын білдіреді.


Есімге сілтеме: Талшын

Тамара

көне еврей тіліндегі құрма ағашы.


Есімге сілтеме: Тамара

Тамаша

көріністік, ерекше, өте әдемі қыз болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Тамаша

Тана

ақықтан жасалған үлкен жалтырауық түйме.


Есімге сілтеме: Тана

Таңсық

құмар, әуес; сирек зат.


Есімге сілтеме: Таңсық

Таңшолпан

таң жұлдызы, жарық жұлдыз.


Есімге сілтеме: Таңшолпан

Тәбиба

араб тілінен - емші, дәрігер.


Есімге сілтеме: Тәбиба

Тәбила

араб тілінен — ұзақ, ұзағынан берген (өмір).


Есімге сілтеме: Тәбила

Тәбия

араб тілінен - қорған, қамал, бекініс.


Есімге сілтеме: Тәбия

Тәжігүл

иран тілінен алынған тадж — тәж + гүл; тәждегі гұлдей әдемі сұлу.


Есімге сілтеме: Тәжігүл

Тәлипа

араб тілінен алынған таалип - талапкер, талаптанушы, білім іздеуші; сұраушы; студент.


Есімге сілтеме: Тәлипа

Тәмила

араб тілінен - тау кептері, көгершін.


Есімге сілтеме: Тәмила

Тәнзила

араб тілінен - әмір, бұйрық.


Есімге сілтеме: Тәнзила

Тәнзия

араб тілінен - тазалық, пәктік.


Есімге сілтеме: Тәнзия

Тәрбие

араб тілінен - тәртіп, ауыспалы мағынасы ұлгі - өнеге.


Есімге сілтеме: Тәрбие

Тәттібала

сүйікті, сүйкімді қыз бала.


Есімге сілтеме: Тәттібала

Теңдік

бостандық, еркіндік, тең құқықтық.


Есімге сілтеме: Теңдік

Тоғжан

әлді, кұйлі, көңілге тоқ, толымды болсын деген мағынада.


Есімге сілтеме: Тоғжан

Тойбала

той күні туған қыз бала.


Есімге сілтеме: Тойбала

Толғанай

толған айдай аппақ сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Толғанай

Толқын

теңіз, көл бетіндегі шайқалыс, әдемі көрініспен байланысты берілген есім.


Есімге сілтеме: Толқын

Торғын

үлбіреген жұқа жібектің бір түрі.


Есімге сілтеме: Торғын

Торымбала

көне түркі торым — бота, ботақан + бала.


Есімге сілтеме: Торымбала

Тоты

тоты құс, сандуғаш. Бұл есім шешендік пен сұлулықтың, ұзақ өмірдің бейнесі ретінде беріледі. Синонимі — Тотия.


Есімге сілтеме: Тоты

Тұрған

берік тұрып қалған, тоқтаған.


Есімге сілтеме: Тұрған

Тұрсынай

ай сияқты мәңгі өмір сүрсін, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Тұрсынай

Табылған

баласы өлген үйде дүниеге жаңадан келген сәбиге жоғалғаны табылды деп осылайша ат берілген. Кейде табылған да деп қоя береді.


Есімге сілтеме: Табылған

Тағай

араб тілінен - нағашы; бұл есімнің синонимдері — Нағашыбек, Нағашыбай.


Есімге сілтеме: Тағай

Тазабек

нағыз мықты, берік адам, нағыз бек.


Есімге сілтеме: Тазабек

Тайбек

тайға мінгенде құламайтын, жығылмайтын, мықты берік отыратын бала болсын деген мақсатпен қойылған есім. Еркелетіп қысқартып айту түрі -Тайжан.


Есімге сілтеме: Тайбек

Тайлақ

ботадан үлкен бір жасар түйе атауы. Түйе малының атауынан қойылған есімдер ертеде көп қойылып отырған.


Есімге сілтеме: Тайлақ

Таймас

өмірде алған өз бағытынан, алға қойған мақсатынан қайтпас бала.


Есімге сілтеме: Таймас

Тайыр

араб тілінен алынған таир - жоғарыға ұшушы; құс.


Есімге сілтеме: Тайыр

Тақыр

араб тілінен алынған тахир — таза, бүлінбеген, бұзылмаған. Дыбыстық өзгерту түрі — Такир, Тахир.


Есімге сілтеме: Тақыр

Талап

араб тілінен алынған талаб - іздену, талап ету, өтініш, тілек.


Есімге сілтеме: Талап

Талғат

араб тілінен алынған - өң, түр, келбет, рең, жүз, әдемілік, сұлулык.


Есімге сілтеме: Талғат

Талқа

араб тілінен алынған — таңдаулы, тамаша.


Есімге сілтеме: Талқа

Талмас

арымас, шаршамас (адам).


Есімге сілтеме: Талмас

Таңат

таң атқан кезде туған балаға ертеде осындай ат берген. Біріккен тұлғалы есімдер — Таңатқан, Таңатар.


Есімге сілтеме: Таңат

Таңбол

ата-ананың сәулесі, мандайындағы жарығы, бақыты болсын деген ниетпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Таңбол

Таңсықбай

ұл балаға әбден таңсық, құмар боп жүргенде туған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Таңсықбай

Тарғын

көне түркі тілінен— ашулы, зілді. Қазақ эпосындағы батырдың есімі.


Есімге сілтеме: Тарғын

Тасболат

тас пен болаттай мықты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Тасболат

Тасемен

тасқа шыққан емендей мықты боп, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Тасемен

Тасқын

бала өмірі тасқындай боп өтсін деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Тасқын

Тастай

бала тас сияқты мықты, мәңгілік болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Тастай

Тастемір

ата-ана тарапынан баланың өмірлі болуын, тас пен темірдей мықты, берік болуын тілеп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Тастемір

Тастүлек

мықты ұрпақ, жеткіншек.


Есімге сілтеме: Тастүлек

Татубай

бақытты, тыныш, бейбіт өмір сүруші (адам).


Есімге сілтеме: Татубай

Тау

шың, асқар, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Таубай, Таужан, Тауман. Қысқартып айту түрі - Тауан.


Есімге сілтеме: Тау

Тауасат

өмірдің ең қиын асуларынан аса алатын деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Тауасат

Тауфих

араб тілінен алынған тавфих — табыс, жетістік, бақыт; әрекет, көмек.


Есімге сілтеме: Тауфих

Тахауи

араб тілінен алынған — тұкым; ұрпақ.


Есімге сілтеме: Тахауи

Тәжі

иран тілінен алынған тадж. Біріккен тұлғалы есімдер — Тәжібай, Тәжімұрат және т. б.


Есімге сілтеме: Тәжі

Тәкім

араб тілінен алынған таһим — нығаю, бекіну, бекініс.


Есімге сілтеме: Тәкім

Тәліп

араб тілінен алынған таалип — талапкер, талап етуші, білім ізденуші; сұраушы.


Есімге сілтеме: Тәліп

Тәңірбай

(қараңыз: Көкбай).


Есімге сілтеме: Тәңірбай

Тәттібай

тәтті, ауыспалы мағынасы тойымды, қадірлі.


Есімге сілтеме: Тәттібай

Тәуекел

тәуек + кәл — батылдың, бел байлағандық.


Есімге сілтеме: Тәуекел

Тәуір

жақсы, оңды.


Есімге сілтеме: Тәуір

Тегеран

парсы тілінен - «тех» - түп, «ран» - баурай, яғни тау баурайының етегі деген мағынаны білдіреді. Иран астанысы Тегеран тау баурайынының етегінде орналасқан. Оған қоса тегеран сөзі «жайлы жер» дегенді білдіреді.


Есімге сілтеме: Тегеран

Темір

бала өмірі темірдей берік, мықты болсын деп қойылған есім. Синонимі — Тимур.


Есімге сілтеме: Темір

Темірболат

бала темірдей мықты, берік болады деген сеніммен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Темірболат

Темірбек

(қараңыз: Бектемір).


Есімге сілтеме: Темірбек

Темірғали, темірәлі

қазақтың сөзі темір + араб тілінен алынған ғали; мықты ғали.


Есімге сілтеме: Темірғали, темірәлі

Темірқан

темір сияқты мықты хан. Синонимі — Хантемір.


Есімге сілтеме: Темірқан

Темірлан

темір + қосымша лан


Есімге сілтеме: Темірлан

Теміртас

темір мен тастай мықты, берік.


Есімге сілтеме: Теміртас

Теміртүлек

темір + түлек. Синонимі — Тастүлек, яғни жеткіншек, өспірім.


Есімге сілтеме: Теміртүлек

Теңізбай

байлығы теңіздей шалқыған даулетті адам.


Есімге сілтеме: Теңізбай

Тиес

тиісті, тиесілі, қатысты.


Есімге сілтеме: Тиес

Тиянақ

тірек, тұрақ, табандылық.


Есімге сілтеме: Тиянақ

Тоғызақ

әртүрлі бақытсыз себептерден сақтау мақсатымен өз балаларын ата-аналардың сатып алу ғұрпы мен төлем ақысына тоғыз түрлі зат беріледі де, өндай балаға әдетте Тоғызақ немесе Сатыпалды деген ат қөяды.


Есімге сілтеме: Тоғызақ

Тоғызбай

бұл есімнің де қойылу сыры сол Тоғызақпен тығыз байланысты.


Есімге сілтеме: Тоғызбай

Тоқан

көне түркі— сұңқар.


Есімге сілтеме: Тоқан

Тоқсанбай

тоқсан + бай; бұл есім бала тоқсан жасқа келсін деген тілекпен бірге оның әкесі тоқсан жасқа келгенде туғандықтан да қойылған.


Есімге сілтеме: Тоқсанбай

Тоқтар

ұл бала тұрақтамай өле берген семьяда ерте кезде ырым жасап, бала тоқтасын деген мақсатпен қойылған есім. Олар тұрлі тұлғада койылып отырған: Тоқтасын, Тоқтамыс, Тұрсын, Тұрбек, Тұрғамбек, Тұрған, Тұрсынбек т.б. Біріккен тұлғалы есімдер — Тоқтарғали, Тоқтархан.


Есімге сілтеме: Тоқтар

Тоқтыбай

ертеректе тоқты айы деген ай аты болған. Ол қазіргі наурыз айына сәйкес келген. Мұндай есім сол айда туылған балаға беріліп отырған.


Есімге сілтеме: Тоқтыбай

Тоқыр

араб тілінен алынған - қайырымды, кішіпейіл, ұяң мінезді.


Есімге сілтеме: Тоқыр

Толағай

дәу, алып, қара күші мол болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Толағай

Толыбек

үй тола бала боп, олар шетінен бек, әкім болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Толыбек

Толыс

жетіле, өсе түс, ер жет.


Есімге сілтеме: Толыс

Томан

моңғол тілінен тумэн — он мың; бір нәрсенің шексіз көптігін білдіретін сан. Түрлері - Түмен, Туменбай.


Есімге сілтеме: Томан

Төбей

үлкен, зор.


Есімге сілтеме: Төбей

Төлбай

үй балалы болсын, балалар көп болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелетіп айту тұлғасы — Төкен.


Есімге сілтеме: Төлбай

Төлебай

бұл есім өлген баладан кейінгі туған балаға қойылған.


Есімге сілтеме: Төлебай

Төлғожа

тұнғыш бала өзінен кейінгі салалардың үлкені болсын деп қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Төлжан.


Есімге сілтеме: Төлғожа

Төребек

көне түркі тілінен - төре — тәртіп, ереже, заң; әдет, ғұрып, салт + бек. Біріккен тұлғалы есімдер — Төреғали, Төребай, Төрегелді, Төремұрат, Төретай, Төрехан.


Есімге сілтеме: Төребек

Туғанбай

туған + бай. Бай болып туған.


Есімге сілтеме: Туғанбай

Тұрғанбек

(қараңыз: Бектұрған).


Есімге сілтеме: Тұрғанбек

Тұрдыбек

бала көп жасасын, ұзақ өмір сүрсін деп қойылған есім. Дыбыстың өзгеру түрі — Тұрлыбек.


Есімге сілтеме: Тұрдыбек

Тұрманжан

ертеде көшпелі тұрмыста ер-тұрманның маңызы аса зор болған. Сондықтан балаларға шеберлікті меңзеп осылайша ат қойып отырған.


Есімге сілтеме: Тұрманжан

Тұрсын

баласы тұрақтамаған семьяда туған балаға осындай есім берілген.


Есімге сілтеме: Тұрсын

Тұрсынбай

яғни көп, ұзақ жасасын.


Есімге сілтеме: Тұрсынбай

Тұрсынбек

яғни өмірі берік болсын.


Есімге сілтеме: Тұрсынбек

Тұрсынжан

жаны аман болсын, көп жасасын.


Есімге сілтеме: Тұрсынжан

Тұрымтай

қыран құс. Бала қырандай өткір болсын деген мақсатпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Тұрымтай

Тұяқбай

тұяқ — уақ мал, қой-ешкі; ұрпақ, мұра. Бұл есім бала уақ малға бай болсын деп және әкесі елгеннен кейін туған балаға әкеден қалған ұрпак, мирас болсын деген мағынада қойылған.


Есімге сілтеме: Тұяқбай