Эссе және өлең-жыр байқауы



Мағрипа

араб тілінен алынған магрифет — білім, таным, өнер, сауаттылық яки солардың иесі.


Есімге сілтеме: Мағрипа

Майна

иран тілінен — индия қараторғайы.


Есімге сілтеме: Майна

Майнұр

май айында туған нұрлы, көркем, сұлу қыз.


Есімге сілтеме: Майнұр

Майса

тәжік тілінен — ерте көктем; көк майса, шалғын.


Есімге сілтеме: Майса

Мақпал

иран тілінен алынған бахмал — барқыт.


Есімге сілтеме: Мақпал

Манат

көбіне қызыл түсті келетін, фланель тектес мата.


Есімге сілтеме: Манат

Манзура

араб тілінен — бағышталған, арналған.


Есімге сілтеме: Манзура

Маржан

теңіз астынан алынатын қызыл, яки ақшыл түсті тастар; інжу.


Есімге сілтеме: Маржан

Марзия

араб тілінен алынған мәрзия — разы қылушы, яки жағымды, келіскен; көпшілік ұнатқан, мақұлдаған.


Есімге сілтеме: Марзия

Мария

көне еврей тілінен келген— өте жақсы, тамаша; биік мәртебелі ханша. Дыбыстық өзгерген түрі — Мәрия, Мәриям.


Есімге сілтеме: Мария

Марфуға

араб тілінен алынған марфуа — биік мәртебелі, үлкен дәрежелі.


Есімге сілтеме: Марфуға

Мархаба

араб тілінен алынған мархабан — хөш келдіңіз, қайырымдылық.


Есімге сілтеме: Мархаба

Мастура

араб тілінен — жамандықтың алдын алушы, жақсылық тілеуші; адал, таза, құрметті әйел.


Есімге сілтеме: Мастура

Матлуба

араб тілінен — арманы орындалған.


Есімге сілтеме: Матлуба

Маусымжан

араб тілінен алынған - маусым - уақыт, шақ, жиынтерін; ескі календарь бойынша төртінші ай аты; мейрам, мереке.


Есімге сілтеме: Маусымжан

Махбара

тәжік тілінен алынған мах — ай + бара — сұлу, махпора — сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Махбара

Махбүбі

тәжік тілінен алынған мах + араб тілінен алынған бубі ~ бибі, яғни айдай сұлу, сүйікті, сүйкімді.


Есімге сілтеме: Махбүбі

Махинүр

иран тілінен - айлы, жарық, айға ұксас сұлу.


Есімге сілтеме: Махинүр

Мәдина

Араб тілінен алынған, мағынасы - қала.


Есімге сілтеме: Мәдина

Мәликә

араб тілінен - патша әйел, ханша, ханым; билеуші әйел, патшаның әйелі.


Есімге сілтеме: Мәликә

Мәнзила

араб тілінен - дәреже, атақ; әлеуметтік жай.


Есімге сілтеме: Мәнзила

Мәнсура

араб тілінен алынған мансур — женімпаз, жеңуші.


Есімге сілтеме: Мәнсура

Мәрмара

араб тілінен - асыл ақ тас.


Есімге сілтеме: Мәрмара

Мәуе

араб тілінен - жеміс.


Есімге сілтеме: Мәуе

Мейрамгүл

қуаныш гүлі. Түрі — Мейраш.


Есімге сілтеме: Мейрамгүл

Мейіз

иран тілінен - жүзім, кептірген жүзім. Біріккен тұлғалы түрі — Мейізгүл.


Есімге сілтеме: Мейіз

Мейіржан

иран тілінен алынған меһр — ынта, ықлас, ынталы, ықласты, ақ пейіл.


Есімге сілтеме: Мейіржан

Мереке

той, тамаша күні туған балаға берілген есім.


Есімге сілтеме: Мереке

Меруерт

иран тілінен - асыл моншақ.


Есімге сілтеме: Меруерт

Мира

жаңа есім - бейбіт, тыныштық өмір.


Есімге сілтеме: Мира

Мұхтарима

араб тілінен - қадірлі, құрметті, сыйлы.


Есімге сілтеме: Мұхтарима

Мұкаррама

араб тілінен - құрметке бөленген, қадірлі, сыйлы.


Есімге сілтеме: Мұкаррама

Мүлипа

араб тілінен — кітап шығарушы ақын.


Есімге сілтеме: Мүлипа

Мүнира

араб тілінен - нұрлы, жарық, жарқын, айқын. Түрі — Мінира.


Есімге сілтеме: Мүнира

Мүштәри

араб тілінен — сатып алушы; жұлдыз.


Есімге сілтеме: Мүштәри

Мағаз

араб тілінен алынған ма’азза — махаббат, сүйіспеншілік. Яғни қымбатты, сүйікті.


Есімге сілтеме: Мағаз

Мағауия

араб тілінен - сау-саламат; құтылған.


Есімге сілтеме: Мағауия

Мағзұм

араб тілінен алынған ма’сум — талған; шақырылған; қонақ, мейман.


Есімге сілтеме: Мағзұм

Мағруф

араб тілінен алынған магруф — жалпыға мәлім; қолдау тапқан, жені түзу; жәрдем беру, қайырым жасау.


Есімге сілтеме: Мағруф

Майдан

араб тілінен алынған мейдан — ашық алаң, соғыс алаңы; майдан. Бұл есім Ұлы Отан соғысы кезінде туған балаларға қойылған.


Есімге сілтеме: Майдан

Майлы

күйлі, қуатты, әлді.


Есімге сілтеме: Майлы

Мақабыл

араб тілінен — қабылданған, қолдайтын; қолдануға толық болатын.


Есімге сілтеме: Мақабыл

Мақсат

араб тілінен — арман, тілек; тілеп, күтіп алған. түрлері — Мақсұт, Мақсұтбай.


Есімге сілтеме: Мақсат

Мақсұм

араб тілінен алынған Махдум — мырза, қожайын.


Есімге сілтеме: Мақсұм

Малбай

малға, дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған. Түрлері — Малбек, Малдыбай.


Есімге сілтеме: Малбай

Малжан

малды, жалпы байлықты жақсы көретін жан.


Есімге сілтеме: Малжан

Маман

қолынан іс келетін, өнерлі, шебер; маман адам.


Есімге сілтеме: Маман

Мамасадық

араб тілінен — әділдік.


Есімге сілтеме: Мамасадық

Мамат

МАМЫТ - араб тілінен - мақтауға, алғысқа лайық.


Есімге сілтеме: Мамат

Мамыр

ескіше көктемдегі ай аты.


Есімге сілтеме: Мамыр

Манан

араб тілінен алынған мәннан — қайырымды, марқабатты; жомарт.


Есімге сілтеме: Манан

Манап

араб тілінен — орынбасар орнын басу; феодалдық-рулық қоғам кезіндегі атақ; төре ақсүйек.


Есімге сілтеме: Манап

Манар

араб тілінен алынған мәнар жарық шығатын жер (белгі, қараушы); маяк. Біріккен тұлғалы есім — Манарбек. Синонимдері — Шырақбек, Жарықбек.


Есімге сілтеме: Манар

Манасбай

қырғыз тілінен манас - ер- жүрек + қазақ сөзі бай. Бұл қырғыздың эпостық батырының есімі.


Есімге сілтеме: Манасбай

Мансұр

араб тілінен — жеңімпаз, жеңіске жетуші; құдіретті.


Есімге сілтеме: Мансұр

Марабай

иран тілінен алынған мара - белгі үшін қойылған көмбе, сөре + қазақтың сөзі бай; яғни бала әркашанда өз қатарының алды бол, озып жүрсін деген тілекпен қойылғаны байқалады.


Есімге сілтеме: Марабай

Маралбай

маралға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Маралбай

Марат

француз халқынан келген есім. француз буржуазиялық революциясы қолбасшыларының бірі жан - Поль Марат (1747—1793) құрметіне Қазақ отбасына 1930 жылдан бері кеңінен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Маратбек.


Есімге сілтеме: Марат

Мардан

тәжік тілінен - мард — ер, еркек, батыл, ер жүрек.


Есімге сілтеме: Мардан

Марқай

есей, ержет, үлкен боп өс.


Есімге сілтеме: Марқай

Марлен

жаңа есім - Маркс және Ленин фамилияларының бірінші буындарынан жасалған біріккен тұлғалы есім.


Есімге сілтеме: Марлен

Мархабат

араб тілінен алынған марқамат — жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік.


Есімге сілтеме: Мархабат

Масқұт

араб тілінен алынған масһуд — бақытты, ырысты.


Есімге сілтеме: Масқұт

Маусымбай

араб тілінен алынған маусум — уақыт, шақ, жиын-терін айы.


Есімге сілтеме: Маусымбай

Махамбет, мухамбет

Мұхаммед — мақталған, мадақталған, мақтауға лайық, сүйікті. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Мақан, Мақанжан.


Есімге сілтеме: Махамбет, мухамбет

Махмет

араб тілінен алынған маһмеде — мақтауға лайық іс, мақтарлық қасиет, қылық.


Есімге сілтеме: Махмет

Махмут

араб тілінен алынған мақмод — мақталған, мақтауға лайық, мақтаулы.


Есімге сілтеме: Махмут

Маху, махы

иран тілінен алынған мах - ай, айлы, ай жүзді, ай жарығы.


Есімге сілтеме: Маху, махы

Машабай

көне түркі тілінен мәшә — емен. Демек, бала өмірлі, мықты болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Машабай

Машрап

араб тілінен алынған мәшраб — мінез-құлық, іс-әрекет.


Есімге сілтеме: Машрап

Мәдел

моңғол тілінен — сана, ой, ақыл.


Есімге сілтеме: Мәдел

Мәди

араб тілінен алынған мадди — заттық, материалдық; материалистік, материалист.


Есімге сілтеме: Мәди

Мәдит

араб тілінен алынған мәдидь — ұзақ, ұзын, кең.


Есімге сілтеме: Мәдит

Мәдхан

араб тілінен алынған мадһ — мадақтау, дәріптеу + хан.


Есімге сілтеме: Мәдхан

Мәдхат

араб тілінен алынған мадһэд — мадақтауға, дәріптеуге лайық. Біріккен тұлғалы есімдер — Мәтжан, Мәтқасым, Мәтхалық.


Есімге сілтеме: Мәдхат

Мәжғұл

тәжік тіліннен алынған – мәвджигул, мавджи — жайнаған, құлпырған, жарқыраған гүл.


Есімге сілтеме: Мәжғұл

Мәжен

араб тілінен алынған — маджин — ұялмайтын, жасқанбайтын.


Есімге сілтеме: Мәжен

Мәжит

араб тілінен алынған мажид — атақты; даңкты; мақтаулы.


Есімге сілтеме: Мәжит

Мәлік

араб тілінен алынған малик — патша; билеуші.


Есімге сілтеме: Мәлік

Мәлікайдар

араб тілінен - арыстай күшті, мықты патша.


Есімге сілтеме: Мәлікайдар

Мәлім

араб тілінен - белгілі, атақты.


Есімге сілтеме: Мәлім

Мәмбет

иран тілінен - Моммед - жәрдем етуші; жәрдемші, көмекші. Түрі — Мәмет.


Есімге сілтеме: Мәмбет

Мәсімбай

араб тілінен алынған ма’сум - сақталған; шақырылған; қонак, мейман + қазақ сөзі бай. Синонимі - Қонақбай.


Есімге сілтеме: Мәсімбай

Мәтжан

араб тілінен - мақтау, дәріптеу + иран тілінен алынған жан (джон). Мақтаулы адам.


Есімге сілтеме: Мәтжан

Мәткәрім

араб тілінен - мақтауға тұратын адам, қолы ашық жомарт.


Есімге сілтеме: Мәткәрім

Мәтқасым

араб тілінен - мақтауға тұратын көркем, сұлу.


Есімге сілтеме: Мәтқасым

Мәтхалық

араб тілінен - халық мақтаған, халық колдаған.


Есімге сілтеме: Мәтхалық

Мәтібәлі

араб тілінен алынған мадһ — уәли. Мақтауға лайық Уәли.


Есімге сілтеме: Мәтібәлі

Мәтіби

араб тілінен - би, қожа; беделді, күшті, үстем.


Есімге сілтеме: Мәтіби

Мәулен

араб тілінен алынған мевлан - мырза, әкім; жарылқағыш, есіркегіш.


Есімге сілтеме: Мәулен

Мәшһүр

араб тілінен — көпке белгілі, атақты, даңқы шыққан.


Есімге сілтеме: Мәшһүр

Медет

араб тілінен алынған медәд - жәрдем, көмек. Біріккен тұлғалы есімдер - Медетбай, Медетбек.


Есімге сілтеме: Медет

Медетнар

араб тілінен алынған медед + қазақ сөзі нар — бір өркешті үлек түйе, яғни нар тәрізді демеуші, күшті, сенімді.


Есімге сілтеме: Медетнар

Медетхан

медет + қазақ сөзі хан, яғни ханның жәрдемшісі, демеушісі.


Есімге сілтеме: Медетхан

Медеу

араб тілінен алынған мәдәд — үміт, тірек.


Есімге сілтеме: Медеу

Медхат

араб тілінен алынған — медхад — мақтау, мадақтау.


Есімге сілтеме: Медхат

Мейман

араб тілінен алынған мәһман — қонақ.


Есімге сілтеме: Мейман

Мейрам

мереке. Бала өмірі шат-шадыман, мерекеге толы болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.


Есімге сілтеме: Мейрам

Мейір

иран тілінен алынған меһр — мейірім, ынта, ықылас, қайырым.


Есімге сілтеме: Мейір

Мейірбек

аса мейірлі, мейірбанды.


Есімге сілтеме: Мейірбек

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...