Эссе және өлең-жыр байқауы



Озария

иран тілінен алынған озор — от + ия қосымша. Оттай жанған, өжет.


Есімге сілтеме: Озария

Опажан

араб тілінен алынған вафа + иран тілінен алынған жан, адал, таза, пәк жан, досына шын пейілімен берілген адам.


Есімге сілтеме: Опажан

Оразгүл

көне түркі тілінен келген орыз — ырыс, құт, бақыт. Есімнің екінші сыңары иран тіліндегі гүл.


Есімге сілтеме: Оразгүл

Орал

Орал өзені атынан қойылған есім.


Есімге сілтеме: Орал

Орынша

бәз қалпынша, баяғыша, өзгеріссіз, тұрақты.


Есімге сілтеме: Орынша

Обай

моңғол тілінен алынған овоо — көрім, тәуір, жақсы.


Есімге сілтеме: Обай

Ожарбай

қазақтың есімі ожар — қайсар, бірбет, өжет + бай.


Есімге сілтеме: Ожарбай

Озарбек

озар, озу — алға тусу, озып кету + бек.


Есімге сілтеме: Озарбек

Озат

ол қатарынан озып кетеді, алға жетеді, алдыңғы қатарлы деген мәнде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Озат

Ойлы

ақылды, парасатты, дана.


Есімге сілтеме: Ойлы

Ойрат

моңғол тілінен алынған ой, орман, тоғай + рат — орат — халық; яғни орман халқы.


Есімге сілтеме: Ойрат

Олжабай

олжадан түскен, бере салған бала.


Есімге сілтеме: Олжабай

Олжас

ол жас қайрат, жас жігер деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Олжас

Омар

араб тілінен алынған гумәр — өмірлі, ғұмырлы. Біріккен тұлғалы есімдер — Омарбай, Омарбек, Омарғали. Фонетикалық түрлері - Ғұмар, Құмар.


Есімге сілтеме: Омар

Омарбай

өмірлі, ғұмырлы адам.


Есімге сілтеме: Омарбай

Омарбек

өмір-жасы, ғұмыры ұзақ, мықты, берік.


Есімге сілтеме: Омарбек

Омарғали

ұзак өмір сүруші, көп жасаушы.


Есімге сілтеме: Омарғали

Омархан

өмірі ұзақ, ғұмырлы хан.


Есімге сілтеме: Омархан

Онбай

бала өз теңінен он есе артық бай болсын деген тілекпен ертеде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Онбай

Оңалбай, оңалбек

шаруасы, халжайы жақсы, оңды бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Оңалбай, оңалбек

Оңғар

оңда, түзе.


Есімге сілтеме: Оңғар

Оңғарбай

ісі алға басқан, ісі оңған бай болсын деген мәнді есім.


Есімге сілтеме: Оңғарбай

Оңдасын

құдай оңдасын, тәңір жарылқасын. Синонимі — Оңласын.


Есімге сілтеме: Оңдасын

Опабек

араб тілінен алынған вафа — орындау, айқан сөзде тұру, адалдык, тазалык + бек. Сөзінде тұратын адам деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Опабек

Ораз

көне түркі тілінен келген - ырыс, құт, бақыт.


Есімге сілтеме: Ораз

Оразақ

араб тілінен алынған разақ — өмірге, тіршілікке алғыс сезімін білдіру.


Есімге сілтеме: Оразақ

Оразақын

араб тілінен - бақытты, ырысты ақын.


Есімге сілтеме: Оразақын

Оразалы, оразғали

көне түркі тілінен келген ораз + араб тілінен алынған алы - ғали; яғни өте бақытты. Синонимдері — Құтқали, Бақытқали.


Есімге сілтеме: Оразалы, оразғали

Оразбай

араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бай, Бақытты, ырысты бай. Синонимдері — Оразбек, Бақтыбай, Құттыбай.


Есімге сілтеме: Оразбай

Оразбек

араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бек. Өте бақытты, ырысты. Синонимдері — Бақытбек, Рысбек, Құттыбек.


Есімге сілтеме: Оразбек

Оразгелді

араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі келді, бақытты, ырысты боп келді деген мағынада. Синонимдері — Бақыткелді, Рыскелді.


Есімге сілтеме: Оразгелді

Оразғұл

бақытты қызметші.


Есімге сілтеме: Оразғұл

Оразмұхамбет

бақытты Мухамбет.


Есімге сілтеме: Оразмұхамбет

Орақ

көне түркі тілінен егін оратын орақ, қолшалғы. Ауыспалы мағынада орып түсетін, өткір. Эпостағы батырдың есімі.


Есімге сілтеме: Орақ

Орақбай

астыққа, егінге бай болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Орақбай

Орасан

ерекше, ерен.


Есімге сілтеме: Орасан

Ордабай

көне түркі тілінен орда - ерте кезде үлкен мәселе шешерде немесе жауға аттанарда бас қосатын жиынды атаған; кейін ол «хан тұрағы, мекені, хан сарайы» дегенді білдіретін болған. Ал бұдан да кейінірек жаңа мағынаға ие болып, «орталық», «астана» деген ұғымды да танытқан. Бұл сөз арқылы жасалған кісі есімдері — Ордәлі, Ордабек, Ордағали, т. б.


Есімге сілтеме: Ордабай

Орманбай, орманбек

орман-тоғай, баланы орманға ие болсын, соның байлығына бас болсын деген тілекпен осындай есім берген.


Есімге сілтеме: Орманбай, орманбек

Орманшы

бала орман байлығын қорғайтын адам болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Орманшы

Орынбай

өмірде өз орнын таба алатын адам болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Орынбай

Орынбек

өмірде орны берік, мықты.


Есімге сілтеме: Орынбек

Орынғали

өмірде алатын орны жоғары, биік.


Есімге сілтеме: Орынғали

Оспан

араб тілінен алынған — кеңінен тараған есім. Мағынасы - ерлік, батырлық, батылдық. Фонетикалық түрлері — Ғұсман, Құспан, Осман. Біріккен тұлғалы есімдер — Оспанәлі, Оспанғали (аса жоғары, аса үлкен батырлық), Оспанбай, Оспанбек, Оспанбет, Оспанхан.


Есімге сілтеме: Оспан

Отан

жаңа есім, туған ел, өскен жер, сүйікті мемлекет.


Есімге сілтеме: Отан

Отар

отарда туған балаға берілген есім.


Есімге сілтеме: Отар

Отарбай

отарға, отарлы қойға бай болсын деген ниетпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Отарбай

Ошақбай

жанға, балаға бай болсын деген тілекпен де байланысты.


Есімге сілтеме: Ошақбай

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...