Өлең, жыр, ақындар




Үмігүлсім

араб тілінен - Гүлсімнің анасы, туысы; монтиған, томпиған бүйрек бет.


Есімге сілтеме: Үмігүлсім

Үміт

иран тілінен алынған — омид — сенім, тілек, қалау.


Есімге сілтеме: Үміт

Үрия

араб тілінен алынған хория — хор қызы, сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Үрия

Үдербай

көшіп-қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.


Есімге сілтеме: Үдербай

Үлгібай

бала өнегелі, тәрбиелі болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Үлгібай

Үмбет

араб тілінен алынған уммат — халық, көпшілік, қауым. Біріккен тұлғалы есімдер — Үмбетбай, Үмбетәлі, Үмбетжан.


Есімге сілтеме: Үмбет

Үсен

араб тілінен алынған Хасан, Хасен есімдерінің өзгеріп айтылған түрі. Мағынасы — сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсылық.


Есімге сілтеме: Үсен

Үстем

басым, артық.


Есімге сілтеме: Үстем

Үрімбай

тәжік тілінен алынған хуррам — көңілді, шат; гүлденуші, жарқын, шат көңілді, жарқын жүзді. Біріккен тұлғалы есімдер — Үрімжан, Үрімхан.


Есімге сілтеме: Үрімбай