Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.
қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деп түсінігі бар. Бұл есім қазір халық арасында жиі қойылады.
араб тілінен алынған — қатал, қатыгез, жауынгер. Түрлері - Ғаббас, Қаппас, Қапбас.
араб тілінен алынған — күтуші, қорғаушы, сақтаушы. Жаңа мағынасы — ғалым, білімпаз. Түрлері — Хафиз, Қапыз. Біріккен тұлғалы есім — Абызбай.
араб тілінен алынған есім - абыл, әбіл — ата, әке. Әбділмәмбет деген есімнің қысқарған түрі.
араб тілінен ғазы — жауынгер, әскер, яғни жауынгердің, әскердің атасы, әкесі.
көне түркі тілінен алынған аға + бек. жас жағынан немесе лауазым жағынан үлкен, жоғары бек.
қазақ есімі - ажар — әдемі, шырайлы, көрікті, келісті + бек. Яғни аса көрікті, өте әдемі, келбетті.
қазақ есімі — айбат, айбын. Бұл есім сәбиге айбатты, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады. Сыйлап, құрметтеп айту түрі — Айаға, Айеке, еркелетіп айту түрі — Айбаржан, Айке, Айкеш, Айкен.
Қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.
қазақ есімі - айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.
қазақ есімі - ай + бек — берік, мықты. Сәби ғұмырлы, беделді болсын деген тілекпен қойылған есім.
қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.
Екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.
Қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған зиба - сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.
қазақ сөзі - ай + араб сөзі мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат.
біріккен қазақ сөздері айна + бек. Пәктіктің, тазалықтың, адалдық пен шынайылықтың бейнесі.
қазақ ақ және бай сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұл есім бала адал, ак ниетті болсын деген ниетпіен қойылған.
қазақ сөзінен ақ + иран сөзінен болат құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған қыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.
ақпан — февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған.
араб тілінен алынған ахл + бай. Ақылға бай деген мағынада. Еркелету тұлғалары — Ақылжан, Ақылтай, Ақыш.
бұл баланың әкесі не шешесі алпыс жасқа толғанда туғандықтан қойылған есім.
саусағы немесе башпайы алтау боп туған ер балаларға ертеде осылай ат берілген.
қазақ сөздері алтын + бек. Бала алтын сияқты әдемі әрі өмірі мықты, берік болсын деп қойылған есім.
иран тілінен алынған анар — оңтүстікте өсетін, қызыл дәнді алма тектес жеміс. Бала анардай әрлі, нұрлы, көрікті болсын деп қойылған есім. Оның Анарбек, Анартай, Анаржан деген тұлғалары да бар.
қазақ есімі, Отаныңның, ата- анаңның намысын қорғаушы бол деген мағынадағы есім. Синонимі — Ардан.
қазақ есімі, — тәрбиеші, ұстаз. XII—XVIII ғ.ғ. Орта Азияда, Қазақстанда, Азербайжанда, Грузияда және Арменияда балаларды тәрбиелеушіні осылай атаған.
араб тілінен алынған Абд (құл = араб. عبد ) + бақи (мәңгі, мәңгілік, яғни мәңгі жасаушы).
араб тілінен алынған Абд (құл = араб. عبد ) + ғали (қымбатты, қадірлі, сүйікті, яғни аса қымбатты, қадірлі, артық, қашанда сүйікті, сүйкімді). Еркелете қысқарту тұлғасы — Әбдеш, Әбікен.
араб тілінен алынған ғабд + ғаффар — кешіруші. Кешірімді әміршінің, жаратушының құлы.
араб тілінен алынған ғабд + жамил - сұлу, өте әдемі, сүйкімді; қайырымды ақкөңіл, сыпайы.
араб тілінен алынған ғабд + карим — қолы ашық, жомарт; ақкөңіл, кең пейіл, сүйкімді, әдемі.
араб тілінен алынған ғабд + қадир құдіретті, артықшылық, лайықты, басымдылық деген мағынаны білдіреді.
араб тілінен алынған ғабд + каир — жақсы, мейірман, мейірімді, жақсылық қылушы, қайырымдылық жасаушы.
араб тілінен алынған ғабд + манап - ақсүйек, асылзада. Қысқартып еркелетіп айтылатын түрі — Әбдеш.
араб тілінен алынған ғабд + мажит — күшті, атақты, даңқты. Атақтылардың, даңқтылардың қызметшісі.
араб тілінен алынған рахим — қайырымды, мейірімді, рақымды, мейрімділікті, рақымы түсушіліктің құлы. Қысқарған түрі — Әбдірақ.
араб тілінен алынған рахман — рақымды, мейірімді, кішіпейіл. Мейірімділіктің құлы. Қысқартылып Әбдірақ, Әбіш деп айтылады.
араб тілінен алынған расул — елші, уәкіл, хабаршы. Синонимдері — Абдрасіл, Әбдрасыл.
араб тілінен алынған рәззак — өмірге ризық беруші. Синонимдері — Әбдіразақ, Әбдіраззақ.
араб тілінен алынған сәлам — бейбітшілік, тыныштық. Тыныштықты, бейбітшілікті жақтаушы. Синонимі — Әбсалам.
араб тілінен алынған самад — мәнгі, тұрақты, яғни мәңгі өмір сүруші. Синонимі — Әбсамат.
араб тілінен алынған сәттар — кешірімшіл, корғаушы; қорғау, қорған болу.
араб тілінен алынған сейидь, — мырза, бастық, қожа, яғни, мырзаның пендесі, орындаушысы деген мағынаны білдіреді. Түрлері — Әбдулсейіт, Әбсейт, Әбусейіт, Әбшейіт.
араб тілінен алынған ғабд + халық, жұрт, қауым, ел, халықтың, елдің қызметшісі.
араб тілінен алынған шукран — құрметтеу, сыйлау, алғыс айту, мақтау, мадақтау.
араб тілінен алынған Абд (құл = араб. عبد ) + уали (әкім, әмір, басқарушы, үкімет уәкілі).
араб тілінен алынған абад — мәңгілік, шексіздік, ұзақ өмір сүруші деген мағынаны береді.
Араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік.
арабтың әбу — әке деген мағынаны білдіретін сөзінің сөйлеу тілдегі айтылу формасы. Бұл сөз біріккен тұлғалы кісі аттарының сыңары ретінде жиі кездеседі. Мысалы: Әбілғазы, Әбілманап, Әбілтай, т. б.
араб тілінен алынған ғазиз — күшті; сирек, бағалы; суйкімді, сыпайы, қадірлі.
араб тілінен алынған хаир - мәңгі жақсылық, рақымдылық, жақсылық пен ізгіліктің әкесі, атасы.
араб тілінен алынған фәйз — асыптасу, молшылық; жомарттық байлық; жеңуші, жеңімпаз. Жомарттықтың атасы деген мағына береді.
араб тілінен алынған абу — әке + бикер — тұңғыш; кіршіксіз пәк, таза. Тұңғыштың әкесі деген мағынаны береді.
араб тілінен алынған абу - әке + ғалим — оқымысты, ғұлама. Көп білетін білімді деген мағынаны білдіреді.
араб тілінен алынған абу - әке + наср — жәрдем беруші, көмекші; жеңімпаз.
араб тілінен алынған абу — әке + сәдик — адал, таза, шыншыл, адалдық, тазалық.
араб тілінен алынған абу — әке + талиб — білім іздеуші; сұраушы; студент.
көне түркі тілінен келген әжі — аға + бай. Бұл әжі сөзі біріккен тұлғалы кісі есімдерінің құрамында қолданылып, кейде қажы, әжі түрінде жиі кездеседі. Ондай біріккен тұлғалы есімдер — Әжібек, Әжіғали, Әжігерей, Әжімұкамбет. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Әжікен, Әжтай, Әжік.
иран тілінен алынған азер — от + қазақ сөзі бай, яғни батыл, ер жүрек адам.
араб тілінен алынған ғали + қазақ тілінен алынған би. Жоғары мәртебелі би деген мағыналы есім.
Бұл бетте толық тізім берілген.
Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі