Қазақша есімдер және олардың мағынасы - 18-бет

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Сапар

араб тілінен алынған сафар - саяхат, алыс жол.


Есімге сілтеме: Сапар

Сапарбай

араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бай. Өмір жолы ұзақ, мол болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сапарбай

Сапарбек

араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бек. Өмір жолы берік, мықты болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сапарбек

Сапарғали

араб тілінен — сапары, алған беті әркашан биік, жоғары болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сапарғали

Сапи , сафи

араб тілінен сафа — таңдаулы, адал дос.


Есімге сілтеме: Сапи , сафи

Сара

иран тілінен алынған — ең таңдаулы, ең салы, аса жақсы; араб тілінен — ханым, әйел; көне еврей тілінен сарра — атақты, данқты, ақсүйек.


Есімге сілтеме: Сара

Сардар

иран тілінен алынған сар — сардар, генерал, бастық, қолбасшы; туркі тілінде — батыр. Біріккен тұлғалы есім — Сардарбек.


Есімге сілтеме: Сардар

Сари

араб тілінен — атақты, мейрімді, асыл.


Есімге сілтеме: Сари

Сария

араб тілінен алынған сари — атақты, асыл, мейірімді.


Есімге сілтеме: Сария

Сарман

моңғол тілінен сар — ай + ман - кісі аттарындағы қосымша, яғни «ай туды» деген мағынаны білдіреді. Синонимдері – Айтуды, Айтуған.


Есімге сілтеме: Сарман

Сары

ауыспалы мағынасы — кең-байтақ; көп нәрсені білетін, қоғам өмірінен хабардар, білгір.


Есімге сілтеме: Сары

Сарыбай

баланы алтынға балап немесе өмірде кең пейілді болсын деп қойған есім.


Есімге сілтеме: Сарыбай

Сарыбас

бала өңі сары немесе шашы сары болғандықтан қойылған; бала алғыр, білімді болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сарыбас

Сарын

қатты дыбыс, үн; қатты ағын үні, екпін.


Есімге сілтеме: Сарын

Сасан

иран тілінен — мүсәпір, тілекші. Ирандағы сасанидтер династиясы басшысының есімі.


Есімге сілтеме: Сасан

Сатай

моңғол тілінен садан — туыс, туған, туысқан, жақын.


Есімге сілтеме: Сатай

Саттар

араб тілінен алынған — кешірім етуші, жасырушы; қорғаушы.


Есімге сілтеме: Саттар

Сауран

сый, тарту; ескіше екінші ай аты, сол айда туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сауранбай, Сауранбек.


Есімге сілтеме: Сауран

Саурық

үйірге түспеген жас айғыр. Жас, жеткіншек деген мағынада.


Есімге сілтеме: Саурық

Сауық

араб тілінен — тамаша, ойын-күлкі, сауық-сайран; даңк, құрмет.


Есімге сілтеме: Сауық

Сауыт

батырлар киетін кіреуке. Бала мықты, берік болсын деп қойған есім. Біріккен тұлғалы есім – Сауытбай.


Есімге сілтеме: Сауыт

Сафи

араб тілінен — тандаулы, адал дос.


Есімге сілтеме: Сафи

Сафуан

араб тілінен - тазалық, пәктік; қатты гранит тас.


Есімге сілтеме: Сафуан

Сафура

араб тілінен — шыдамды, төзімді, мықты.


Есімге сілтеме: Сафура

Сахи

араб тілінен — жомарт, мырза.


Есімге сілтеме: Сахи

Сая

иран тілінен - қорғаныш, пана.


Есімге сілтеме: Сая

Саян

Саян тауы атынан қойылған есім.


Есімге сілтеме: Саян

Саятқан

араб тілінен алынған — саят — аңшылық, аң аулаушылық + хан.


Есімге сілтеме: Саятқан

Сәбиға

араб тілінен алынған сәбәхат — Көркем, сұлу қыз.


Есімге сілтеме: Сәбиға

Сәбиғат

араб тілінен алынған - сұлулық, әдемілік.


Есімге сілтеме: Сәбиғат

Сәбила

араб тілінен — жол, сапар.


Есімге сілтеме: Сәбила

Сәбира

араб тілінен алынған сабир — төзімді, шыдамды, бекем, сабырлы.


Есімге сілтеме: Сәбира

Сәбит

араб тілінен алынған - мықты, тұрақты, табанды, адал.


Есімге сілтеме: Сәбит

Сәдуақас

араб тілінен алынған сәйд - бақытты, ырысты, құтты + уа қосымша + хас — нағыз; яғни нағыз бақытты, ырысты адам. Қысқартып айту түрлері — Сәду, Сәкен, Оқас.


Есімге сілтеме: Сәдуақас

Сәжида

араб тілінен - ибадат қылушы.


Есімге сілтеме: Сәжида

Сәлима

араб тілінен алынған салим — сау, бүтін, толық, аман-есен; нағыз, тыныш; қарапайым, шынайы, әділ.


Есімге сілтеме: Сәлима

Сәлім

араб тілінен алынған сәлим — сау, бүтін, толық, аман-есен; нағыз, шын, табиғи, аман-сау; қарапайым, адал. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәлімбай, Сәлімбек, Сәлімгерей.


Есімге сілтеме: Сәлім

Сәлмен

иран тілінен — есейген, ер жеткен, үлкен.


Есімге сілтеме: Сәлмен

Сәмен

иран тілінен — байлық, молшылық; күш, қуат, тәртіп, тыныштық.


Есімге сілтеме: Сәмен

Сәмет

араб тілінен — мәңгілік, өмірлік, берік; бас ие, қожайын.


Есімге сілтеме: Сәмет

Сәми

араб тілінен — жоғары, биік, көтеріңкі, зор, асқар.


Есімге сілтеме: Сәми

Сәнәмай

қыз бала көркем, әдемі, әсем де сұлу болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сәнәмай

Сәния

араб тілінен алынған — екінші бала (сан жағынан үйдегі екінші туған бала).


Есімге сілтеме: Сәния

Сәпина

араб тілінен — үлкен қойма, қазына.


Есімге сілтеме: Сәпина

Сәрсенбі

иран тілінен алынған шәһар — төрт + шәмбе — күн, төртінші күн, яғни бейсенбі, бейсенбі күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәрсенбай, Сәрсенбек, Сәрсенәлі, Сәрсенғали, Сәрсенқан. Еркелетіп, ықшамдала қысқартылған түрлері - Сәрсек, Сәрсен, Сәрсекей, Сәркеш.


Есімге сілтеме: Сәрсенбі

Сәруар

иран тілінен — басшы, бастық, жетекші.


Есімге сілтеме: Сәруар

Сәт

араб тілінен - сад — бақыт, құт, ырыс.


Есімге сілтеме: Сәт

Сәтбай

араб тілінен — құтты бала (бай).


Есімге сілтеме: Сәтбай

Сәтжан

араб тілінен алынған сәт, иран тілінен алынған жан — бақытты, ырысты адам.


Есімге сілтеме: Сәтжан

Сәтім

араб және қазақ сөздері қосылған — менің бақытым, құтым, ырысым.


Есімге сілтеме: Сәтім

Сәуір

араб тілінен алынған — жыл мерзіміндегі екінші ай аты, сол айда туған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәуірбек, Сәуірқұл.


Есімге сілтеме: Сәуір

Сәуле

таңғы жарық, шапақ.


Есімге сілтеме: Сәуле

Сәулет

араб тілінен — келбет, ажар, айбын, мақтаныш.


Есімге сілтеме: Сәулет

Сезім

жаңа есім, достық, адалдық, махаббат сезімдер балаға серік болсын деген қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сезім

Сейдахмет

араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + Ахмет, яғни әмір, бастық Ахмет.


Есімге сілтеме: Сейдахмет

Сейдәлі

араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + ғали — жөғары, биік. Демек, жоғары, үлкен бастық, әмір. Синонимдері — Сейдәлі, Сейітқали.


Есімге сілтеме: Сейдәлі

Сейділда, сейдолла

араб тілінен алынған - мырза, орындаушы. Қысқартып айту түрлері — Сейдін, Сейділ, Сейдім.


Есімге сілтеме: Сейділда, сейдолла

Сейдуәли

араб тілінен алынған — мырзаның, бастықтың орынбасары, орындаушысы.


Есімге сілтеме: Сейдуәли

Сейіл

араб тілінен алынған - көктем мерекесі; халық серуені.


Есімге сілтеме: Сейіл

Сейіт

араб тілінен алынған сейидь — мырза, бастық, әкім; құрметті. Құрделі тұлғалы есімдер — Сейітәлі, Сейітбаттал, Сейітбек, Сейітжан, Сейітмұрат, Сейітқожа, Сейіткерей, Сейітмұкамбет.


Есімге сілтеме: Сейіт

Сейітмет, сейітмәмет

араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайық адам.


Есімге сілтеме: Сейітмет, сейітмәмет

Сейсенбай

иран тілінен алынған се - үш, сенбі (шамбе) — күн + бай, яғни айдын үшінші күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сейсенбек, Сейсенби, Сейсенғали, Сейсенхан.


Есімге сілтеме: Сейсенбай

Сейфолла

араб тілінен алынған саифи — қылыштан өткір, кесіп түскіш + олла, алла - яғни қылыштай өткір перзент.


Есімге сілтеме: Сейфолла

Сексенбай

мұндай есім көбіне бала әкесі 80 жасқа келгенде туған балаға қойылады.


Есімге сілтеме: Сексенбай

Сембай

иран тілінен алынған шамбе + бай, яғни сембі күні туған бала.


Есімге сілтеме: Сембай

Сембі

иран тілінен алынған шамбе — алтыншы күн, сөл күні туған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сембі

Сенім

үміт, сенім.


Есімге сілтеме: Сенім

Сеңгірбай

көне түркі тілінен келген сеңгір - таудың биік төбесі + бай, бала таудай биік болсын деген мәнде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сеңгірбай

Серәлі

иран тілінен алынған сер, шер + әлі, ғали, яғни арыстан сияқты батыл. Еркелетіп айту түрі — Сертай.


Есімге сілтеме: Серәлі

Серғазы

араб тілінен алынған - сер - басшы, бастық + араб тілінен алынған ғази — жауынгер; жауынгер, әскер, басшы.


Есімге сілтеме: Серғазы

Серғали

иран тілінен алынған сер + араб тілінен алынған ғали; Басшы Ғали.


Есімге сілтеме: Серғали

Серік

араб тілінен алынған шәрік — жолдас, серіктес. Біріккен тұлғалы есімдер — Серікбай, Серікбек, Серікқали, Серіктұр.


Есімге сілтеме: Серік

Серікбол

көптің серігі, досы бол деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Серікбол

Серке

қой бастайтын серке; ауыспалы мағынасы басшы, жетекші, көсем. Біріккен тұлғалы есім — Серкебай.


Есімге сілтеме: Серке

Серкебай

(қараңыз: Байсерке).


Есімге сілтеме: Серкебай

Сираж

араб тілінен алынған - шырақ; жарық.


Есімге сілтеме: Сираж

Солтыбай

араб тілінен алынған солдо — күш, өкім, билік; күшті, мықты; + бай. Демек, күшті, мықты адам.


Есімге сілтеме: Солтыбай

Сомбел

белі мықты, күшті, балуан тұлғалы бөлсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сомбел

София

грек. – ақылды, білімді, дана. Сафия есімімен үндес, Сафия – "саф таза, тұнық; таңдаулы" деген мағына береді.


Есімге сілтеме: София

Сүгір

көне түркі тілінен келген сукур — хабар.


Есімге сілтеме: Сүгір

Сүгірбай

көне түркі тілінен - бала білгір ғылымнан, өнерден хабары, білімі мол болсын деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Сүгірбек.


Есімге сілтеме: Сүгірбай

Сүиінбала

көңіл тойып, сүйсінерлік қыз бала.


Есімге сілтеме: Сүиінбала

Сүйеу

ата-ана, туысқа тірек, таяныш болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сүйеу

Сүйін

ырза болу, сүйіну, көңіл толу.


Есімге сілтеме: Сүйін

Сүйінбай

көптің көңілі толсын, істеген ісіне разы болып сүйсінсін деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Сүйінбай

Сүлеймен

көне еврей тілінде Шэломох — соломон — бейбіт, тыныш, қорғалған. Қысқартылып айтылу түрлері — Сүлей, Сүлейке.


Есімге сілтеме: Сүлеймен

Сүмбебай

иран тілінен алынған сунба - мылтықтың сүмбесі. Бала сүмбедей тіптік, түзу, мүсінді, әдемі болып өссін деген тілекпен қойылса керек.


Есімге сілтеме: Сүмбебай

Сүндет

араб тілінен алынған суннэт — рәсім, әдет, дәстүр.


Есімге сілтеме: Сүндет

Сүттібай

сүтке, жалпы аққа бай болсын деп қойылған.


Есімге сілтеме: Сүттібай

Сұлтан

араб тілінен — өкімет, билеуші, әкім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сұлтанбай, Сұлтанбек, Сұлтанғали.


Есімге сілтеме: Сұлтан

Сұлтангелді

дүниеге, өмірге билеуші әкім бала келді деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Сұлтангелді

Сұлтанмұрат

бала сұлтан боп тілегіне, мұратына жетсін деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Сұлтанмұрат

Сұлу

өте әдемі, аса көркем.


Есімге сілтеме: Сұлу

Сұлуке сұлу

ак, әдемі-ақ, көркем.


Есімге сілтеме: Сұлуке сұлу

Сұлухан

аса көркем, өте әдемі ханым.


Есімге сілтеме: Сұлухан

Сұлушаш

әдемі қолаң қара шаш. Түрі — Гүлшаш.


Есімге сілтеме: Сұлушаш

Сұңқар

бала сұнқардай көреген, батыл болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сұңқар

Сыбанқұл

бұл есімнің бірінші сыңары араб тілінен Шабан — тоқ, тойған; Бұл есімнің түбірі Сыбан, Шейбан, Шейбани, Шибан түрлерінде де кездеседі.


Есімге сілтеме: Сыбанқұл

Сыдық

араб тілінен алынған седдик — шындық, растық, туралық; әрқашан тура айтушы; шыншыл, әділ.


Есімге сілтеме: Сыдық

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.