Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.
қазақ ақ және ай деген екі сөзден бірігіп жасалған есім. Ата-ана баласын айдай аппақ, таза, кіршіксіз, адал болсын деп ырмандап қойған есім.
Жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.
араб тілінен алынған әхәд— бір, бірлік, жалғыз, жалқы. Тұңғыш балаға берілетін есім.
қазақ ақ және бай сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұл есім бала адал, ак ниетті болсын деген ниетпіен қойылған.
қазақ сөзінен ақ + иран сөзінен болат құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
өзен атына байланысты қойылған есім. Мұндай есімдер әдетте бала өзен жағасында туған ағдайда қойылған.
қазақ есімі адал, таза адам, ак көңіл жан. Ақмұқан, Ақжол, Ақтанлақ сияқты есімдердің еркелете айту түрі.
Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған қыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.
өмірге алған бағыты, ашық, айқын, жолы сара, таза деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілінен алынған ақ және тәжік тілінен алынған хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.
қазақ тілінен ақ — таза, адал, немесе араб тілінен хак — әкім, әмір. Қожа араб тіліненХоджа — мырза, үйретуші, ие. Адал үйретуші деген мағынаны білдіреді.
қозы сияқты сүйкімді, әдемі, көркем болсын деп, қозыға балап қойылған есім.
есім құрамындағы ақ сөзі арабтың хак «әкім, пайғамбар» деген сөзінін тіліміздегі өзгерген түрі. Назар араб тілінен алынған нәзәр — қарау, көзқарас, көз салу, ықылас, ілтипат. Демек бұл есім құдіреттің назары, ілтипаты деген мағынаны білдіреді. Хақназар, Қақназар деп те айтылады.
ақпан — февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған.
есім құрамындағы ақ арабтың хақ «әкім, әмір» сөзінің тіліміздегі өзгерген нұсқасы. Алсұлтан арабтың солтан «әкім, билеуші, мемлекет басшысы» деген сөзі.
бала бақытты болсын, ата-ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім.
араб тілінен алынған ахл + бай. Ақылға бай деген мағынада. Еркелету тұлғалары — Ақылжан, Ақылтай, Ақыш.
иран тілінен алынған ақун — өлең шығарушы, жыршы. Біріккен тұлғалы есімдер — Оразақын, Әлақын, Нұрақын, Байақын, Тұрдақын.
араб тілінен алынған ахраб — шаян. Октябрь айына сәйкес зодиак белгісі. Сол айда туған балаға қойылатын есім.
баланың келешегі зор болсын, өмірде алда жүрсін деген тілекпен берілген есім. Алғатай деген де есім бар.
қазақ есімі. бала ата-анаға алданыш, жұбаныш болсын деген тілекпен қойылған есім; баланың алды, тұңғышы. Алданазар деген толық есімнің еркелете қыскартып айтылған түрі.
көне түркі тілінен алынған— қу — айлакер. Бұл — халық ауыз әдебиетіндегі айлакер кейіпкер Алдар көсенің есімі.
Асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.
Қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.
иран тілінен алынған алмас — ең асыл, қатты тас. Біріккен тұлғалы есімдер. Алмасбай, Алмасбек, Алмасхан.
алп — батыр, ар — ер сөзінің көне түркі тілдеріндегі жуан айтылуы. Яғни батыр адам, ер кісі.
бұл баланың әкесі не шешесі алпыс жасқа толғанда туғандықтан қойылған есім.
моңғол тілінен келген алтан — алтын, тай-таг — тау. Алтай тауының атынан қойылған кісі есімі. Біріккен тұлғалы есімдер — Алтайбай, Алтайбек.
саусағы немесе башпайы алтау боп туған ер балаларға ертеде осылай ат берілген.
Көбіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.
қазақ сөздері алтын + бек. Бала алтын сияқты әдемі әрі өмірі мықты, берік болсын деп қойылған есім.
қазақ сөздері алтын + сары. Бала қымбатты, қадірменді болсын деген тілекпен қойылған есім.
араб тілінен алынған халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан.
Сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.
араб тілінен алынған аман + қазақтың сөзі келді. Бала дүниеге, өмірге аман-сау келді, өлмей тірі туды деген мағынада қойылған есім. Қазіргі кезде бұл есім азамат соғысының батыры, Қазақ халқының ардагер ұлы Амангелді Иманов есімі ретінде, оның құрметіне жиі қойылады. Еркелетіп айту түрі — Амантай.
араб тілінен енген, қазақ қыз балаларына жиі қойылатын есім. Оның негізгі мағынасы: «сенімді», «адал», «саламат», «қауіпсіз», «шынайы» дегенді білдіреді. Бұл есім ислам дінінде ерекше қасиетті болып саналады, өйткені Мұхаммед пайғамбардың анасының есімі Әмина бинт Уахб болған. Әмина есімінің толық сипаттамасы: Шығу тегі: Араб тілі. Мағынасы: Сенімді, адал, жан-дүниесі тыныш, қауіпсіз жерде болған жан. Исламдағы орны: Мұхаммед пайғамбардың анасының есімі болғандықтан, рухани маңызы жоғары. Сипаттамасы: Бұл есімді иеленген қыздар сенімді, байсалды, жауапкершілігі жоғары және адал болып келеді.Қазақ тілінде бұл есім әлі күнге дейін өз мәнін жоймаған, нәзіктік пен сенімділікті білдіретін ең танымал есімдердің бірі.
Парсы тілінен - қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер — Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.
иран тілінен алынған анар — оңтүстікте өсетін, қызыл дәнді алма тектес жеміс. Бала анардай әрлі, нұрлы, көрікті болсын деп қойылған есім. Оның Анарбек, Анартай, Анаржан деген тұлғалары да бар.
қазақ тілінен алынған сағынған, зарыққан. Бұл есім баласы болмай жүрген семБяның бала көргенде қойған есімі.
қазақ есімі, Отаныңның, ата- анаңның намысын қорғаушы бол деген мағынадағы есім. Синонимі — Ардан.
иран тілінен алынған — тілек, арман, мақсат. Еркелету тұлғасы Арманжан, Армантай, Армаш.
Арсений – көне грек тілінен "арсениос" – батыл, ержүрек деген мағына береді.
қазақ есімі, бәрінен жоғары, құнды, қымбат, ерекше. біріккен тұлғалар — артықбай, артыққали.
Аружан есімі — қазақ және парсы тілдерінен енген, «сұлу», «көркем», «нәзік» және «жан» (рух) деген мағыналарды білдіретін терең мағыналы есім. Бұл есімді ата-аналар қызының арудай әдемі, сымбатты, ішкі жан дүниесі таза, мейірімді әрі рухани бай болсын деген ниетпен қояды. Есімнің ерекшеліктері мен мағынасы: Тілдік негізі: Парсы тілінен «ару» (сұлу, әдемі) және «жан» (рух, жан) сөздерінің бірігуінен жасалған. Символикасы: Әдемілік, нәзіктік, рухани тазалық, мейірімділік және сымбаттылық. Танымал сипаттамасы: Аружан есімді қыздар көбіне пысық, қайсар, сәнге талғамы жоғары, иманды және сабаққа жақсы болып келеді. Қорыта айтқанда, Аружан — сұлулық пен ішкі үйлесімділікті білдіретін, ізгілікке бағытталған ерекше есім.
қазақ тілінен алынған есім батылдық пен батырлық бейнесі ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Арыстанбек, Арыстанғали, Арыстанбай.
араб тілінен алынған хасан - сұлу, тым көркем, өте әдемі. Біріккен тұлғалы есімдер — Асанбай, Асанбек, Асанғали, Асангелді, Асанхан, Асанжан, Асанмұрат, Асанқожа.
Араб тілінен алынған әсил - негіз, түбір, түп нұсқасы; шынайы, нағыз; қымбатты, ардақты.
Асыл және жан сөздерінен - мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.
Бұл бетте толық тізім берілген.
Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі