Қазақша есімдер және олардың мағынасы

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Әмірбек

көне түркі тілінен келген, дос, сүйікті жолдас. біріккен тұлғалы есім — әміржан.


Есімге сілтеме: Әмірбек

Әшімбай

араб тілінен алынған хәшим + қазақ сөзі бай. Құрметті, қадірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Әшімбай

Баба

иран тілінен алынған бобо — арғы ата, дада. Біріккен тұлғалы есімдер — Бабажан, Бабахан, Бабанияз.


Есімге сілтеме: Баба

Бабағали

иран тілінен алынған бобо + араб тілінен алынған ғали, яғни Ғали ата.


Есімге сілтеме: Бабағали

Бабағожа

иран тілінен алынған бобо + араб тілінен алынған ғожа , хожа - яғни үлкен қожа.


Есімге сілтеме: Бабағожа

Бабажан

иран тілінен алынған бобо + жан. Атаның сүйікті жаны, адамы.


Есімге сілтеме: Бабажан

Бабақан

иран тілінен алынған бобо + қазақ тілінен алынған қан ( хан) яғни үлкен, ата хан.


Есімге сілтеме: Бабақан

Бабанияз

иран тілінен алынған бобо + нияз —өтініш, тілек; үміт, сый, тарту. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Бабатай, Бабаш.


Есімге сілтеме: Бабанияз

Бабас

азербайжан тілінен алынған бабасы — атай, үлкен әке.


Есімге сілтеме: Бабас

Бағашар

иран тілінен алынған бәхт + қазақ тілінен алынған ашар. Бағы ашылған, құт қонған, ырысы бар.


Есімге сілтеме: Бағашар

Бағдат

иран тілінен алынған бағ (баг) + дад — сый, сыйлық.


Есімге сілтеме: Бағдат

Бағила

Араб тілінен алынған бахи - мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты, мәңгі жасаушы.


Есімге сілтеме: Бағила

Бағлан

қазақ тілінен - ерте туып, жетілген қозы. Ауыспалы мағына - жайнаған жас.


Есімге сілтеме: Бағлан

Бағыбай

араб тілінен алынған бәхт + қазақ сөзі бай. Бақытты адам деген мағыналы есім. Түрі — Бағыбек.


Есімге сілтеме: Бағыбай

Бағымша

Араб тілінен алынған бақ, бах — бақыт, ырыс, құт, яғни менің бағым, ырысым деген сөз.


Есімге сілтеме: Бағымша

Бадамбай

иран тілінен алынған бадам — оңтүстікте өсетін жеміс ағашы, соның жемісі.


Есімге сілтеме: Бадамбай

Базан

араб тілінен - бассейн.


Есімге сілтеме: Базан

Базар

иран тілінен - мейрам, базар күні, сауда-саттық орны.


Есімге сілтеме: Базар

Базарайым

Парсы тілінен алынған базар және қазақ сөзі айым - менің қуанышым, базарым, айша жарқыраған аппағым.


Есімге сілтеме: Базарайым

Базаргүл

Парсы тілінен алынған базар және қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған қуанышым, базарым деген мағынада қойылған есім.


Есімге сілтеме: Базаргүл

Базарлы

иран тілінен алынған базар +араб тілінен алынған ғали немесе әлі. Өмірі тамашаға пен қызыққа бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі – Базарғали.


Есімге сілтеме: Базарлы

Базыл

араб тілінен алынған базл – жомарттық, мырзалық, сый тарту. Түрлері – Фазыл, Пазыл. Біріккен тұлғалы есімдер – Базылбек, Фазылбек, Фазылхан, Пазылбек.


Есімге сілтеме: Базыл

Бай

бұл сөз түркі халықтары тілінде мал-дүниесі мол, ауқатты, әлді адам деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Бай

Байарыстан

арыстан сияқты батыл, ер жүрек балаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Байарыстан

Байахмет

қазақтың сөзі бай + араб сөзі - ахмет. Мақтауға лайық.


Есімге сілтеме: Байахмет

Байбақты

дүниеге, өмірге бай адам, ер бала келеді деп күтті, үміттенді деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Байбақты

Байбарыс, бейбарыс

бұл түрікмен, татар, қазақ, қырғыз тілдердегі ескі есім. Барыс ертедегі түркілердің жыл санауындағы үшінші жыл аты, сол жылы туған балаға осындай ат қойылған.


Есімге сілтеме: Байбарыс, бейбарыс

Байбек

бала мықты, бай болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Байбек

Байбол

бала ауқатты, бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Байбол

Байболат

бала ауқатты, бай болады деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Байболат

Байболды

мұндай есім, әдетте, көп балалы үйдін баласына қойылып отырған.


Есімге сілтеме: Байболды

Байбосын , байболсын

бала дәулетті, күйлі-қуатты, бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Байбосын , байболсын

Байбөрі

көне түркі тілінен келген бөрі-қасқыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Бөрібай, Қасқырбай.


Есімге сілтеме: Байбөрі

Байғали

қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғали — биік, жоғары. Өте бай адам деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Байғали

Байғанат

бай + қанат, яғни сүйенері, тірегі көп, туысы мол деген мағынада қойылған есім.


Есімге сілтеме: Байғанат

Байғани

қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғани — дәулетті, ауқатты, адам.


Есімге сілтеме: Байғани

Байғожа

қазақ тілінен алынған бай + иран сөзі ходжа - қожайын, мырза, ұстаз.


Есімге сілтеме: Байғожа

Байдар

байлықтың қожасы, иесі.


Есімге сілтеме: Байдар

Байдәулет

дүниеге, байлыққа, бакытқа бай деген мағынадағы есім.


Есімге сілтеме: Байдәулет

Байділда

қазақтың сөзі бай + араб сөзі - дилла, алтын, алтын ақша, яғни алтынға, алтын ақшаға бай болсын деп қойылған есім. Еркелете, қысқартып айту тұлғасы — Байдаш.


Есімге сілтеме: Байділда

Байжан

қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған джон, үйде бала көп бөлсын, адам саны көбейсін, өсе берсін деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Жанбай.


Есімге сілтеме: Байжан

Байжанбай

жанға, адамға бай болсын, баланың жолдастары, туған-туыстары көп болсын, бай болсын деген тілекпен қойылады.


Есімге сілтеме: Байжанбай

Байжарас,

байлығы жарассын деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Байжарас,

Байжігіт

дәулетгі азамат, нағыз жігіт болсын деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Байжігіт

Байжол

баланың өмір-жасы, өмір жолы ұзақ бөлсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Байжол

Байзақ

бай + зақ —ұзақ сөзінің қысқарған түрі. Баланың өмір-жасы ұзақ болып, көп жасасын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Байзақ

Байқошқар

бала ұрпаққа бай болсын деген тілекпен қойылғаны аңғарылады.


Есімге сілтеме: Байқошқар

Байқұт

ырыс, бақыт. Бала ырысты, бақытты болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Байқұт

Байқұтты

бақытты бай деген мағынаны білдіретін есім. Түрі — Құттыбай.


Есімге сілтеме: Байқұтты

Байлы

бақытты, асқан бай, дәулетті.


Есімге сілтеме: Байлы

Баймағамбет

қазақ тілінен алынған бай + иран тілінен алынған мағамбет. Атақты, даңқты, атағы жайылған. Еркелетіп айту тұлғалары — Байкен, Бәкен, Байкеш.


Есімге сілтеме: Баймағамбет

Байман

қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған ман — адам, кісі, яғни бай адам, дәулетті кісі. Түрлері — Баймен, Бәймен.


Есімге сілтеме: Байман

Баймұрат

қазақтың сөзі бай + араб тілінен алынған мурад — мұратына жеткен бай. Түрі — Мұратбай.


Есімге сілтеме: Баймұрат

Баймырза

қазақтың сөзі бай + иран тілінен алынған - мырза. түрлері — мырзабай, мырзабек.


Есімге сілтеме: Баймырза

Байназар

қазақ тілінен алынған бай + араб тілінен алынған назар — ықылас, іңкәр, көзқарас.


Есімге сілтеме: Байназар

Байнұр

қазақ тілінен алынған бай + араб тілінен алынған нұр. Нұры жанған, бағы асқан адам болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Байнұр

Байсал

сабырлылық, тыныштық, табандылық.


Есімге сілтеме: Байсал

Байсан

біріккен тұлғалы есім. Ауыспалы мағынасы есебі жоқ, қисапсыз. Түрі — Сансызбай.


Есімге сілтеме: Байсан

Байсары

бай + сары. Байсары есімінің соңғы «ы» дыбысының түсіп, қысқарған түрі Байсар. Синонимі - Сарыбай.


Есімге сілтеме: Байсары

Байсерке

бай + серке, түрі — Серкебай.


Есімге сілтеме: Байсерке

Байсұлтан

қазақ тілінен алынған бай + араб тілінен алынған сұлтан. Билік жүргізуші деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Байсұлтан

Байтақ — ұшы

қиыры жоқ кең, шексіз; шамадан тыс көп, өте мол.


Есімге сілтеме: Байтақ — ұшы

Байтас

адам өміріндегі бақыт пен байлық тастай берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Байтас

Байтемір

баланың өміріндегі байлығы мен бақыты темірдей мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Байтемір

Байту

бала бай боп туды, өмірге бай боп келді деген мағынада қойылған есім.


Есімге сілтеме: Байту

Байтуғай

бала бақытты, өмірі бай боп туса екен деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Байтуғай

Байтұр

бақытты өмір сүр, өмірінде молшылық-береке болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Байтұр

Байшы

байышы, бай бол деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Байшы

Байызбай

араб тілінен алынған фаиз — молшылық, жомарттық. Тіліміздегі Жомартбай, Мырзабай есімдерімен мәндес.


Есімге сілтеме: Байызбай

Байыр

бай болар, бақытты болар деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Байыр

Бақай

араб тілінен алынған бахи — қатты, тұрақты, мәңгі.


Есімге сілтеме: Бақай

Бақи

араб тілінен алынған мәңгілік, адал, тұрақты.


Есімге сілтеме: Бақи

Баққожа

араб тілінен алынған бахт — бақыт, құт, ырыс + араб тілінен алынған ходжа — ұстаз, мырза қожайын. Бақытты ұстаз, ырысы асқан мырза.


Есімге сілтеме: Баққожа

Бақталап

араб тілінен алынған бахи + қазақтың сөзі талап. Бағы асқан талапты, талант иесі болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бақталап

Бақтарай

араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі арай. Бақыты жанған, жайнаған деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Бақтарай

Бақтияр

иран тілінен — бақытты, кұтты.


Есімге сілтеме: Бақтияр

Бақтыбай

араб тілінен — бақытқа бай, бақытты.


Есімге сілтеме: Бақтыбай

Бақтыгүл

Араб тілінен алынған бақыт және қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған бақытты бала деген мағына беретін есім.


Есімге сілтеме: Бақтыгүл

Бақытбек

(қараңыз: Оразбек).


Есімге сілтеме: Бақытбек

Бақытжан

араб тілінен алынған бәхт + иран тілінен алынған жан. Бақытты жан, бағы асқан адам.


Есімге сілтеме: Бақытжан

Бақытжар

араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі жар — дос. Бақытты жолдас болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бақытжар

Бақыткелді

(қараңыз: Оразгелді).


Есімге сілтеме: Бақыткелді

Бақытқалы

(қараңыз: Оразалы).


Есімге сілтеме: Бақытқалы

Балабай

бала + бай. Баласы көп болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Балабай

Балақай

бала сөзінің еркелетіп айту түрі.


Есімге сілтеме: Балақай

Балауса

Өндірдей жас.


Есімге сілтеме: Балауса

Балахмет

араб тілінен алынған бала — жүрек, жан, ес, ой, зейін; қанат, қол + ахмет. Ата-ананың сүйеніші, қанаты, тірегі. Біріккен тұлғалы есімдер — Балқыбал, Балқыбек.


Есімге сілтеме: Балахмет

Балбала

Балдай тәтті бала деген мәнді есім; араб тілінен бал - парасат, ақыл, ес, зерде, яғни ақылды, есті бала.


Есімге сілтеме: Балбала

Балгүл

Балдай, шырынды гүл; яғни ата-ананың ең сүйікті, балдай тәтті баласы болсын деген мағынада қойылған есім.


Есімге сілтеме: Балгүл

Балғабек

балға + бек, бала балғадай мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Балғабек

Балғаным

Сүйкімді, сүйікті, ақылды, ойлы, есті ханым. Түрі – балғын.


Есімге сілтеме: Балғаным

Балғожа

араб тілінен алынған бал — жүрек + қожа, жүректің әміршісі, деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Балғожа

Балдай

Ата-анасына балдай тәтті, қымбат болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Балдай

Балжан

Балдай тәтті әрі ақылды болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Балжан

Балқадиша

Ақылды Қадиша.


Есімге сілтеме: Балқадиша

Балқы

елжіреу, насаттану. біріккен тұлғалы түрі — балқыбек.


Есімге сілтеме: Балқы

Балмұқан

араб тілінен алынған бал + араб тілінен алынған мухқан — қызмет етуші. Адал жүрегімен қызмет етуші.


Есімге сілтеме: Балмұқан

Балта

бала өткір, қайтпас-қайсар батыл, мықты болсын деген ниетпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Балтабай,


Есімге сілтеме: Балта

Балтабек

еркелете кысқартып айтылған түрі - Балташ.


Есімге сілтеме: Балтабек

Балуанғали

иран тілінен алынған пахлеван — батыр, ер, күрескер, палуан + араб тілінен алынғанғали — жоғары биік. Ең мықты күрескер, батыр деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Балуанғали

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.