Қазақша есімдер және олардың мағынасы

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Балшекер

Бал мен шекердей болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Балшекер

Балым

Менің балым, ақылдым, қымбаттым. Балғаным деген есімнің еркелете қысқартып айту түрі.


Есімге сілтеме: Балым

Бану

Араб тілінен алынған эбнатун — көпше түрі банату — қыз, бойжеткен. Парсы тілінен алынған бану — әмірші, әкім әйел, ханым.


Есімге сілтеме: Бану

Бапа

араб тілінен алынған уәфа — дұрыстық, адалдық; толықтык; сөзде тұру, уәдені орындау.


Есімге сілтеме: Бапа

Барақ

араб тілінен алынған бәррақ — баррақ - жарқыраған, құбылған.


Есімге сілтеме: Барақ

Барат

араб тілінен алынған бара - босаған, тыныс алған.


Есімге сілтеме: Барат

Баржақсы

барлығы ойдағыдай, көнілдегідей деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Баржақсы

Бари

араб тілінен алынған бари - жаратушы.


Есімге сілтеме: Бари

Барлас

моңғол тілінен алынған батыр, атақты жерден шыққан адам.


Есімге сілтеме: Барлас

Барлыбай

қазақтың сөзі бар, үлкен, зор + қосымша лы + бай; дәулетті, бай адам.


Есімге сілтеме: Барлыбай

Барыс

жолбарыс тұқымдас жыртқыш аң; көне, он екі мүшел жыл атынын үшінші аты.


Есімге сілтеме: Барыс

Басар

өлген баланың орнын басар, жасы ұзақ болар деген үміт, тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Басар

Басқан

баласы өлгеннен кейін туған балаға осындай ат қойылған.


Есімге сілтеме: Басқан

Бастаубай

бастау + бай, бастаудай мөп-мөлдір, таза адам боп өссін деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бастаубай

Басым

күші, білімі басқадан артық, мол, басым болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Басым

Батсайы

Жолақты жібек мата.


Есімге сілтеме: Батсайы

Баттал

иран тілінен алынған баттол — батыл, өткір, өжет.


Есімге сілтеме: Баттал

Батталхан

иран тілінен алынған баттол + көне туркі тілінен алынған хан — өткір, өжет, батыл хан.


Есімге сілтеме: Батталхан

Батыр

қазақ тілінен алынған каһарман - батыл, ер жүрек.


Есімге сілтеме: Батыр

Батыралы

батыр + араб тілінен алынған алы , ғали сөзінің жуан айтылуы, яғни батыр ғали.


Есімге сілтеме: Батыралы

Батырбек

батыр + бек, мықты, күшті батыр. Түрі — Бекбатыр.


Есімге сілтеме: Батырбек

Батырқан

әрі батыр әрі хан болсын деген тілекпен қойылған көне есім.


Есімге сілтеме: Батырқан

Батырлан

өжеттену, ер жүректене түсу.


Есімге сілтеме: Батырлан

Батырша

батыр + ша , шах иран сөзінің қысқарған түрі. Батыр шах деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Батырша

Баубек

өмір-жасы ұзақ, өмірлі болсын, табанды жігіт болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Бекбау.


Есімге сілтеме: Баубек

Бауыржан

ағайынға, туған-туысқа жан-тәнімен берілсін, жанындай жақсы көрсін, бауырмал болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бауыржан

Баязит

араб тілінен Абуязид есімінің өзгерген түрі. Абуязид — Язидтің әкесі деген мағынаны білдіреді. Ал Язид сөзінің тура мағынасы – ерекше, айрықша асқан.


Есімге сілтеме: Баязит

Баян

Көне түркі, моңғол тілдеріне ортақ «мықты», «зор», «бай» мағыналы сөз. Араб тілінен вайан — айқын, ашық, түсінік, анықтама, хабарлама.


Есімге сілтеме: Баян

Баянды

тұрақты, табанды.


Есімге сілтеме: Баянды

Баянсұлу

Ғашықтық жырдағы ақылды да сұлу қыздың есімі.


Есімге сілтеме: Баянсұлу

Баят

араб тілінен — хак, ақшыл түсті.


Есімге сілтеме: Баят

Бәдер

Араб тілінен алынған бәдр — толық ай.


Есімге сілтеме: Бәдер

Бәдиға

Араб тілінен алынған бадига — ғажайып зат, таңғажайып нәрсе, шығармашылық өнер, шеберлік, өте шебер.


Есімге сілтеме: Бәдиға

Бәдинұр

Араб тілінен — теңдесі жоқ сұлу, көркем, нұрлы.


Есімге сілтеме: Бәдинұр

Бәдігүлжамал

Араб тілінен - теңдесі жоқ сұлу, әдемі қыз. Еркелете қысқартып айту түрі — Бәдеш.


Есімге сілтеме: Бәдігүлжамал

Бәзила

(қараңыз: Фазила).


Есімге сілтеме: Бәзила

Бәкизат

Парсы тілінен алынған пак — таза, кіршіксіз және зада — бала, перзент.


Есімге сілтеме: Бәкизат

Бәкібала

Парсы тілінен алынған пак — таза бала, яғни кіршіксіз, таза бала.


Есімге сілтеме: Бәкібала

Бәкір

араб тілінен — зерттеуші.


Есімге сілтеме: Бәкір

Бәлиға

Араб тілінен — есейген, ержеткен қыз.


Есімге сілтеме: Бәлиға

Бәлия

Араб тілінен алынған валия — оқыған білімді қыз.


Есімге сілтеме: Бәлия

Бәтес

Орыс тілінен батист, жұқа биязы ақ мата. Осы матадай ақ, таза, адал болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бәтес

Бәшір

араб тілінен — қуанышты хабар жеткізуші, хабаршы, жаршы.


Есімге сілтеме: Бәшір

Бегайдар

қазақтың сөздерден бек — мықты, күшті + айдар — балалардың төбесіне қөйылатын бір шөк шаш. Араб тілінен алынған айдар — хайдар — арыстан деген сөзінің өзгерген түрі.


Есімге сілтеме: Бегайдар

Бегеш

көне түркі тілінен келген, ескі қазақ тілдерінде ведас — хан ұлы деген мағынада айтылған.


Есімге сілтеме: Бегеш

Беделбай

даңққа, атаққа, абыройға бай деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Беделбай

Беделбек , беделхан

беделі, абырой-атағы мықты, зор.


Есімге сілтеме: Беделбек , беделхан

Бейбіт

иран тілінен алынған — бейбітшілік, тыныштық, татулық. Синонимі — Тынышбек, Тиышбек.


Есімге сілтеме: Бейбіт

Бейбітгүл

Бала бейбіт өмірдің гүлі, қуанышы болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бейбітгүл

Бейбітжан

иран тілінен алынған - бейбіт + жан, тыныштықты, татулықты сүйетін адам.


Есімге сілтеме: Бейбітжан

Бейімбет

Бимухамбет деген есімнің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Біріккен тұлғалы есімдер құрамындагы бей — би — бек сөздері түркі тілдерінде «кінәз, бек, әкім, төре» мағыналарында қолданылады.


Есімге сілтеме: Бейімбет

Бейіс

иран тілінен алынған бахшт — ұжмақ. Біріккен тұлғалы есімдер — Бейісәлі, Бейісбай, Бейісқали. Екінші мағынасы мықты, берік.


Есімге сілтеме: Бейіс

Бейқұт

иран тілінен алынған — тыныш, бейбіт.


Есімге сілтеме: Бейқұт

Бекбай

мықты, зор, бай.


Есімге сілтеме: Бекбай

Бекбатыр

бек + батыр. Мықты, күшті батыр деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Бекбатыр

Бекбау

(қараңыз: Баубек).


Есімге сілтеме: Бекбау

Бекберген

бек + берген.Өмір-жасын ұзақ етіп берген деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Бекберген

Бекбол

баланың өмір-жасы ұзақ болсын, мықты болсын деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Бекбол

Бекдайыр

бек + араб тілінен алынған дайр - дайра. Ауданның, аймақтың әкімі, басшысы.


Есімге сілтеме: Бекдайыр

Бекдана

Қазақ сөзі бек және парсы тілінен алынған дана, білгір, яғни нағыз дана, данышпан.


Есімге сілтеме: Бекдана

Бекежан

қазақтың сөзі беке + тәжіктің сөзі жан. адам жанының патшасы деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Бекежан

Бекей

бекем бол, мықты бол.


Есімге сілтеме: Бекей

Бекембай

бекем — мықты, берік + бай. Мықты, күшті адам.


Есімге сілтеме: Бекембай

Бекжан

қазақ тілінен алынған бек + тәжік тілінен алынған жан. Мықты, берік, қайратты адам.


Есімге сілтеме: Бекжан

Бекжасар

бала ұзақ өмір сүрсін, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Көпжасар.


Есімге сілтеме: Бекжасар

Бекжігіт

мықты, күшті, берік жігіт, азамат.


Есімге сілтеме: Бекжігіт

Бекзат

бек + иран тілінен алынған зат , зада — бектің ұлы, бектен туған перзент.


Есімге сілтеме: Бекзат

Бекін

мықты бол, бекем бол деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Бекін

Беккболат

бек + болат. Бала мықты болады, болаттай берік, өмір-жасы ұзақ, болып, көп жасайды деген тілекпен қойылған. Еркелете қысқартып айту түрлері — Бекен, Бекет.


Есімге сілтеме: Беккболат

Беккелді

өмірге берік, мықты боп келді деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Беккелді

Бекқали

бек + араб тілінен алынған ғали - мықты, күшті.


Есімге сілтеме: Бекқали

Беклан

бек — берік, бекім + қосымша лан, мықты, бекем.


Есімге сілтеме: Беклан

Бекмұрат

қазақ тілінен алынған бек + араб тілінен алынған мұрат — тілек, мақсат, мұраты, ойлаған арман-тілегі зор деген мағынада.


Есімге сілтеме: Бекмұрат

Бекмұхамбет

бек - күшті + араб тілінен алынған мұхамед. Күшті Мұхамед. өзгерген түрі — Баймахан, Бекмақан. Еркелете қысқартып айтылатын түрлері — Бектай, Бекен, Бекеш, Бекіш.


Есімге сілтеме: Бекмұхамбет

Бекназар

бек + араб тілінен алынған нәзәр – көзқарас, назары қатты түскен деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Бекназар

Бекнар

бек — өте, әсіре + иран тілінен алынған нар — тіршілік күші, қуат.


Есімге сілтеме: Бекнар

Бекнияз

қазақ тілінен алынған бек — күшті, + иран тілінен алынған ниязь — өтініш, тілек; үміт; сый, тарту.


Есімге сілтеме: Бекнияз

Бексейіт

бек — күшті, мықты + араб тілінен алынған сейдь — мырза, бастық, әкім; құрметті, қадірлі.


Есімге сілтеме: Бексейіт

Бексұлтан

қазақ тілінен алынған сұлтан — билеуші әкім. Синонимі — Сұлтанбек.


Есімге сілтеме: Бексұлтан

Бексұлу

Тым сұлу, аса көрікті.


Есімге сілтеме: Бексұлу

Бектемір

бала темірдей мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бектемір

Бектеміс

бекте — бекіту, мықты ұстау. Бұл Бектұрған деген есімнің синонимі болып табылады.


Есімге сілтеме: Бектеміс

Бектен

мықты бол, берік бол деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Бектен

Бектілеу

қазақ тілінен алынған бек - өте + тілеу — тілек. Түрі — Өтетілеу.


Есімге сілтеме: Бектілеу

Бектұр

бұл есім бала өмірлі, тұрақты болсын деген тілекпен қойылған. Түрі — Түрбек. Еркелетіп айтылатын түрі — Бекен.


Есімге сілтеме: Бектұр

Бектұрған

бала өмірде ұзақ өмір сүрсін, тұрақтап қалсын деген мағынаны білдіреді. Түрі — Тұрғанбек.


Есімге сілтеме: Бектұрған

Бектұрсын

бұл есім де баланың жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Бектұрсын

Беласар

тірек, күш.


Есімге сілтеме: Беласар

Беласыл

ең қымбат, нағыз мықты таяныш, сүйеніш деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Беласыл

Белберді

бел + берді, өмірге таяныш, сүйеніш берді, ер бала берді деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Белберді

Белгібай

белгі - көне түркі тілінде дана, данышпан деген сөз. Синонимдері — Нысанбай, Нышанбай.


Есімге сілтеме: Белгібай

Белес

асу, шоқы.


Есімге сілтеме: Белес

Берген

ер бала туды деген мағынадағы есім.


Есімге сілтеме: Берген

Берден

бер + қосымша ден.


Есімге сілтеме: Берден

Бердияр

қазақ тілінен алынған берді + иран тілінен алынған яр — дос, яғни дос берді деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Бердияр

Берді

сыйлады, тарту етті. Біріккен тұлғалы есім — Бердібай.


Есімге сілтеме: Берді

Бердінияз

қазақ тілінен алынған берді + иран тілінен алынған нияз — өтініш, сый. Сұрап алған бала. Қыскартып айтылатын түрі — Бернияз.


Есімге сілтеме: Бердінияз

Береке

ырыс, молшылық, құт. Түрі — Берекет.


Есімге сілтеме: Береке

Берен

асыл құрыш.


Есімге сілтеме: Берен

Бержан

бер + жан - жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Бержан

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.