Қазақша есімдер және олардың мағынасы

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Бекін

мықты бол, бекем бол деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Бекін

Беккболат

бек + болат. Бала мықты болады, болаттай берік, өмір-жасы ұзақ, болып, көп жасайды деген тілекпен қойылған. Еркелете қысқартып айту түрлері — Бекен, Бекет.


Есімге сілтеме: Беккболат

Беккелді

өмірге берік, мықты боп келді деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Беккелді

Бекқали

бек + араб тілінен алынған ғали - мықты, күшті.


Есімге сілтеме: Бекқали

Беклан

бек — берік, бекім + қосымша лан, мықты, бекем.


Есімге сілтеме: Беклан

Бекмұрат

қазақ тілінен алынған бек + араб тілінен алынған мұрат — тілек, мақсат, мұраты, ойлаған арман-тілегі зор деген мағынада.


Есімге сілтеме: Бекмұрат

Бекмұхамбет

бек - күшті + араб тілінен алынған мұхамед. Күшті Мұхамед. өзгерген түрі — Баймахан, Бекмақан. Еркелете қысқартып айтылатын түрлері — Бектай, Бекен, Бекеш, Бекіш.


Есімге сілтеме: Бекмұхамбет

Бекназар

бек + араб тілінен алынған нәзәр – көзқарас, назары қатты түскен деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Бекназар

Бекнар

бек — өте, әсіре + иран тілінен алынған нар — тіршілік күші, қуат.


Есімге сілтеме: Бекнар

Бекнияз

қазақ тілінен алынған бек — күшті, + иран тілінен алынған ниязь — өтініш, тілек; үміт; сый, тарту.


Есімге сілтеме: Бекнияз

Бексейіт

бек — күшті, мықты + араб тілінен алынған сейдь — мырза, бастық, әкім; құрметті, қадірлі.


Есімге сілтеме: Бексейіт

Бексұлтан

қазақ тілінен алынған сұлтан — билеуші әкім. Синонимі — Сұлтанбек.


Есімге сілтеме: Бексұлтан

Бексұлу

Тым сұлу, аса көрікті.


Есімге сілтеме: Бексұлу

Бектемір

бала темірдей мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бектемір

Бектеміс

бекте — бекіту, мықты ұстау. Бұл Бектұрған деген есімнің синонимі болып табылады.


Есімге сілтеме: Бектеміс

Бектен

мықты бол, берік бол деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Бектен

Бектілеу

қазақ тілінен алынған бек - өте + тілеу — тілек. Түрі — Өтетілеу.


Есімге сілтеме: Бектілеу

Бектұр

бұл есім бала өмірлі, тұрақты болсын деген тілекпен қойылған. Түрі — Түрбек. Еркелетіп айтылатын түрі — Бекен.


Есімге сілтеме: Бектұр

Бектұрған

бала өмірде ұзақ өмір сүрсін, тұрақтап қалсын деген мағынаны білдіреді. Түрі — Тұрғанбек.


Есімге сілтеме: Бектұрған

Бектұрсын

бұл есім де баланың жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Бектұрсын

Беласар

тірек, күш.


Есімге сілтеме: Беласар

Беласыл

ең қымбат, нағыз мықты таяныш, сүйеніш деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Беласыл

Белберді

бел + берді, өмірге таяныш, сүйеніш берді, ер бала берді деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Белберді

Белгібай

белгі - көне түркі тілінде дана, данышпан деген сөз. Синонимдері — Нысанбай, Нышанбай.


Есімге сілтеме: Белгібай

Белес

асу, шоқы.


Есімге сілтеме: Белес

Берген

ер бала туды деген мағынадағы есім.


Есімге сілтеме: Берген

Берден

бер + қосымша ден.


Есімге сілтеме: Берден

Бердияр

қазақ тілінен алынған берді + иран тілінен алынған яр — дос, яғни дос берді деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Бердияр

Берді

сыйлады, тарту етті. Біріккен тұлғалы есім — Бердібай.


Есімге сілтеме: Берді

Бердінияз

қазақ тілінен алынған берді + иран тілінен алынған нияз — өтініш, сый. Сұрап алған бала. Қыскартып айтылатын түрі — Бернияз.


Есімге сілтеме: Бердінияз

Береке

ырыс, молшылық, құт. Түрі — Берекет.


Есімге сілтеме: Береке

Берен

асыл құрыш.


Есімге сілтеме: Берен

Бержан

бер + жан - жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Бержан

Берік

мықты, бекем, беркін, табанды, тұрақты.


Есімге сілтеме: Берік

Берікбай

(қараңыз: Мығым)


Есімге сілтеме: Берікбай

Беркін

берік, мықты бол сөзінін қысқаша тұлғасы. Біріккен тұлғалы есім — Беркінбай.


Есімге сілтеме: Беркін

Берқайыр

қазақ тілінен алынған бер + араб тілінен алынған хайр - жақсы, қайырымды, тамаша. Бала мейірімді, қайырымды болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Берқайыр

Бернар

бер + нар - күшті, мықты. Бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек.


Есімге сілтеме: Бернар

Бесбай

балаға Үшбай, Бесбай, Жетібай, Тоғызбай деп есім беру белгілі бір ырыммен байланысты болған.


Есімге сілтеме: Бесбай

Биахмет

қазақ тілінен алынған би - әкім + араб тілінен алынған ахмет — мақтаулы, мақтауға лайық.


Есімге сілтеме: Биахмет

Бибатыр

қазақ тілінен алынған би + батыр.


Есімге сілтеме: Бибатыр

Бибі

Парсы тілінен — үй иесі, азаматша.


Есімге сілтеме: Бибі

Бибігүл

Парсы тілінен алынған бибі және қазақ сөзі гүл. Гүл жайнаған ханым.


Есімге сілтеме: Бибігүл

Бибіжамал

Парсы тілінен — көркем, сұлу қыз, әйел. Қысқарған түрі - Бижамал.


Есімге сілтеме: Бибіжамал

Бибінұр

Парсы тілінен алынған - қыз біткеннің, әйелдердің нұрлысы, сұлуы.


Есімге сілтеме: Бибінұр

Бибісара

Парсы тілінен алынған бибі — әйел, сара — таза, яғни, таза, адал әйел.


Есімге сілтеме: Бибісара

Бибіханым

Ханым сөзінің өзгерген түрі. Қысқарған түрі — Биғаным.


Есімге сілтеме: Бибіханым

Биғалым

қазақ тілінен алынған би - үлкен + араб тілінен алынған ғалым.


Есімге сілтеме: Биғалым

Бидайбек

бала астыққа кенелсін деген тілекпен қойылып отырған.


Есімге сілтеме: Бидайбек

Бижан

билік, үстемдік, әкімдік жүргізуші адам.


Есімге сілтеме: Бижан

Биман

би + иран тілінен алынған ман - адам, яғни әкім адам.


Есімге сілтеме: Биман

Биржан

атақты біржан салдың құрметіне жиі қойылатын есім. мағынасы — жалғыз, жалқы туған адам.


Есімге сілтеме: Биржан

Біжікен

көне алтай тілінен бичик, біжіг — грамота, кітап.


Есімге сілтеме: Біжікен

Білгір

көп білетін, білімді, білгіш.


Есімге сілтеме: Білгір

Білім

оқу, білім.


Есімге сілтеме: Білім

Бірлік

ынтымақтық, бірауыздылык, тұтастық.


Есімге сілтеме: Бірлік

Бодан

көне түркі тілінен алынған будун — халық, ел.


Есімге сілтеме: Бодан

Бозай

тіліміздегі боз — көп мағыналы сөз: ақшыл-сарғылт, ашық-қылан түс; құрғақ сор жер; ауыспалы мағына жас өспірім боз бала; жаңа (боз үй, боз киіз). Баланы айға балау негізінде қойылса керек.


Есімге сілтеме: Бозай

Боздақ

жас жігіт, бозбала. Түрлері — Бозжан, Бозжігіт. Еркелете қысқартып айту түрі — Бозтай.


Есімге сілтеме: Боздақ

Болат

иран тілінен алынған пулад — құрыш. Біріккен тұлғалы есімдер — Болатжан, Болатбек, Болатқан, Болаттай, Жанболат, Бекболат, Тасболат, т. б.


Есімге сілтеме: Болат

Болатбек

иран тілінен алынған пулад — құрыш + бек. Болаттай мықты, берік болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Болатбек

Болатжан

болаттай берік, мықты адам деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Болатжан

Болатқожа

мықты қожайын деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Болатқожа

Болған

кемеліне келіп толған, жетілген, кенелген деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Болған

Болғанбай

кемеліне келіп, толып жетілген, кенелген бай адам деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Болғанбай

Болсынбек

құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Болсынбек

Боран

бала қатулы, батыл ер болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Боран

Боранбай

ерте кезде боранды күні туылған балаға осындай ат қоя берген.


Есімге сілтеме: Боранбай

Боранғазы

ызғарлы, қаһарлы жауынгер, әскер деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Боранғазы

Борібай

бала бөрі сияқты еш нәрседен жалтармайтын батыл, азулы, күшті бөлсын деп қойылған есім. Түрі - Қасқырбай.


Есімге сілтеме: Борібай

Бота

Түйенің ботасына ұқсатып қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бота

Ботабай

бала ботаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете кысқартып айту тұлғалары — Ботай, Ботан, Боташ.


Есімге сілтеме: Ботабай

Ботакөз

Ботаның көзі сияқты мөлдір қара көз.


Есімге сілтеме: Ботакөз

Бошай

көне түркі тілінен келген бош — тәуелсіз, еркін + бай.


Есімге сілтеме: Бошай

Бөжей

дана, данышпан.


Есімге сілтеме: Бөжей

Бөкей

батыр, ер, палуан сөзінін өзгерген түрі.


Есімге сілтеме: Бөкей

Бөлебай

туыстық атаумен байланысты қойылған есім, шешелері туыс балалар бөле болады.


Есімге сілтеме: Бөлебай

Бөлтірік

бала батыл, өткір, азулы болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бөлтірік

Бөпетай

иран тілінен алынған бәбек, бөбек — жас бала, сәби. Еркелете қысқартып айту тұлғасы Бөпей.


Есімге сілтеме: Бөпетай

Бура

бұл есім бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек. Біріккен тұлғалы есімдер: — Бурабай, Бурақан.


Есімге сілтеме: Бура

Бүбі

(қараңыз: Айбибі).


Есімге сілтеме: Бүбі

Бүбіхан

(қараңыз: Айбибі).


Есімге сілтеме: Бүбіхан

Бүбіш

(қараңыз: Айбибі).


Есімге сілтеме: Бүбіш

Бүлдіршін

Өте жас, өндірдей жас.


Есімге сілтеме: Бүлдіршін

Бүркіт

бүркіт сияқты алғыр, қыран, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Бүркітбай, Бүркітбек.


Есімге сілтеме: Бүркіт

Бұғыбай

бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бұғыбай

Бұзаушы

(қараңыз: Тана- бай).


Есімге сілтеме: Бұзаушы

Бұқа

(қараңыз: Танабай).


Есімге сілтеме: Бұқа

Бұлабай

бұла — еркін, ерке деген ұғымды білдіреді. Синонимі —Еркебай.


Есімге сілтеме: Бұлабай

Бұлақбай

бұлаққа балап қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бұлақбай

Бұланбай

қазақ тілінен алынған бүлан — бұғы тектес аң.


Есімге сілтеме: Бұланбай

Бұлбұл

Парсы тілінен — сандуғаш.


Есімге сілтеме: Бұлбұл

Бұлдыбай

дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бұлдыбай

Бұлқыш

есімнің түбірі бұлқы-жұлқы, жұлқып тарт — ш есім қосымшасы. Қайратты, жігерлі, пысық, еті тірі.


Есімге сілтеме: Бұлқыш

Бұрхан

араб тілінен — дәлел, айғақ, себеп.


Есімге сілтеме: Бұрхан

Бұхара

араб тілінен алынған бухара — қара халық, Өзбекстандағы әйгілі қала аты, содан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Бұхарбай.


Есімге сілтеме: Бұхара

Гайни, гайния

араб тілінен алынған эйнь - кез, ең маңызды, аса елеулі.


Есімге сілтеме: Гайни, гайния

Гарифолла

араб тілінен — жәрдем беруші, демеуші.


Есімге сілтеме: Гарифолла

Гауһар

Парсы тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар.


Есімге сілтеме: Гауһар

Гафар

араб тілінен кешірімді, мархабатты.


Есімге сілтеме: Гафар

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.