Қазақша есімдер және олардың мағынасы

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Озарбек

озар, озу — алға тусу, озып кету + бек.


Есімге сілтеме: Озарбек

Олжабай

олжадан түскен, бере салған бала.


Есімге сілтеме: Олжабай

Омарбай

өмірлі, ғұмырлы адам.


Есімге сілтеме: Омарбай

Омарбек

өмір-жасы, ғұмыры ұзақ, мықты, берік.


Есімге сілтеме: Омарбек

Онбай

бала өз теңінен он есе артық бай болсын деген тілекпен ертеде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Онбай

Оңалбай, оңалбек

шаруасы, халжайы жақсы, оңды бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Оңалбай, оңалбек

Оңғарбай

ісі алға басқан, ісі оңған бай болсын деген мәнді есім.


Есімге сілтеме: Оңғарбай

Опабек

араб тілінен алынған вафа — орындау, айқан сөзде тұру, адалдык, тазалык + бек. Сөзінде тұратын адам деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Опабек

Оразбай

араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бай, Бақытты, ырысты бай. Синонимдері — Оразбек, Бақтыбай, Құттыбай.


Есімге сілтеме: Оразбай

Оразбек

араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бек. Өте бақытты, ырысты. Синонимдері — Бақытбек, Рысбек, Құттыбек.


Есімге сілтеме: Оразбек

Оразмұхамбет

бақытты Мухамбет.


Есімге сілтеме: Оразмұхамбет

Орақбай

астыққа, егінге бай болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Орақбай

Ордабай

көне түркі тілінен орда - ерте кезде үлкен мәселе шешерде немесе жауға аттанарда бас қосатын жиынды атаған; кейін ол «хан тұрағы, мекені, хан сарайы» дегенді білдіретін болған. Ал бұдан да кейінірек жаңа мағынаға ие болып, «орталық», «астана» деген ұғымды да танытқан. Бұл сөз арқылы жасалған кісі есімдері — Ордәлі, Ордабек, Ордағали, т. б.


Есімге сілтеме: Ордабай

Орманбай, орманбек

орман-тоғай, баланы орманға ие болсын, соның байлығына бас болсын деген тілекпен осындай есім берген.


Есімге сілтеме: Орманбай, орманбек

Орынбай

өмірде өз орнын таба алатын адам болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Орынбай

Орынбек

өмірде орны берік, мықты.


Есімге сілтеме: Орынбек

Отарбай

отарға, отарлы қойға бай болсын деген ниетпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Отарбай

Ошақбай

жанға, балаға бай болсын деген тілекпен де байланысты.


Есімге сілтеме: Ошақбай

Өзбек

өзбек халқы атынан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Өзбекбай, Өзбекәлі.


Есімге сілтеме: Өзбек

Өзенбай

өзенге, суға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Өзенбай

Өлкебай

қарауында көп өлке, аймақ, алқап, тұрак, мекен болсын, соларға үстем болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Өлкебай

Өмірбай

бала өмірлі болсын, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойған есім. Фонетикалық түрі - Өмірбек.


Есімге сілтеме: Өмірбай

Өнербек

өнері мықты, өнерлі адам.


Есімге сілтеме: Өнербек

Өрбике

қазақ сөзінен өр ауыспалы мағынасы паң, ерекше ерен, бике , бикеш — ханзада, ханша, яғни ерекше, асыл туған бикеш.


Есімге сілтеме: Өрбике

Өскенбай

байлығы өсіп, көбейсін деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Өскенбай

Өтебай

байлығы асқан, тасыған бай.


Есімге сілтеме: Өтебай

Өтемағамбет, өтемұхамбет

қазақ сөзі өте + араб тілінен алынған Мохаммед. Мұхамбеттей атағы асқан


Есімге сілтеме: Өтемағамбет, өтемұхамбет

Панабек

иран тілінен алынған панаһ — қорғаныш, тірек + бек. Мықты қорғаныш, тірек.


Есімге сілтеме: Панабек

Пердебек

араб тілінен алынған парда — күш; яғни күшті, мықты.


Есімге сілтеме: Пердебек

Рабат

араб тілінен алынған рафоат — ұлылық, биіктік, жоғары дәреже.


Есімге сілтеме: Рабат

Рабия

араб тілінен — тәрбиелеуші, тәрбие беруші.


Есімге сілтеме: Рабия

Райбай

дүниеге өз көзқарасы, пікірі бар, саналы адам.


Есімге сілтеме: Райбай

Райбек

араб тілінен - райы қатты, бір бет бала.


Есімге сілтеме: Райбек

Райымбек

араб тілінен алынған раим - рақымды, мейірімді + бек — мықты, мығым; берік, яғни мейірімді, қайырымды; бет алысынан қайтпайтын қайсар батыл, берік адам.


Есімге сілтеме: Райымбек

Рәбиға

араб тілінен — төртінші, төртінші қыз; көктем, көктем кезі; жолдас, серік.


Есімге сілтеме: Рәбиға

Рысбек

(қараңыз: Оразбек).


Есімге сілтеме: Рысбек

Сабаз

иран тілінен алынған шаһбаз — ер, азамат, батыл; сұңқар. Біріккен тұлғалы есім — Сабазбек.


Есімге сілтеме: Сабаз

Сабаншы

көне түркі соқашы, егінші, дихан, көктемде егін айдау кезінде туған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сабаншы

Сабатай

қазақ сөзі саба — қымыз ашыту, сақтау үшін жылқы терісінен істелген кен ыдыс; ауыспалы


Есімге сілтеме: Сабатай

Сабиғат

араб тілінен — жаңа, жас; сұлулық, әдемілік. Фонетикалық түрі. — Сәбиғат.


Есімге сілтеме: Сабиғат

Сабыр

араб тілінен — шыдамды, төзімді.


Есімге сілтеме: Сабыр

Сабыржан

сабырлы, шыдамды, төзімді кісі. Синонимі — Сабырқан.


Есімге сілтеме: Сабыржан

Садыбай

(қараңыз: Жақсыбай).


Есімге сілтеме: Садыбай

Сайбақ

араб, моңғол тіліндегі жақсы, оңды деген мағынаны білдіретін сайын сөзіне араб тіліндегі бақ - бақыт сөзін қосу арқылы жасалған есім. Яғни, аса бақытты, жақсы ғұмыр деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Сайбақ

Сайрамбай

Сайрам қаласында туылған адам.


Есімге сілтеме: Сайрамбай

Сандыбай

қазақ тілінен алынған санды — әдеттен тыс, сирек кездесетін + бай.


Есімге сілтеме: Сандыбай

Сансызбай

(қараңыз: Байсан).


Есімге сілтеме: Сансызбай

Сапарбай

араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бай. Өмір жолы ұзақ, мол болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сапарбай

Сапарбек

араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бек. Өмір жолы берік, мықты болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сапарбек

Сарыбай

баланы алтынға балап немесе өмірде кең пейілді болсын деп қойған есім.


Есімге сілтеме: Сарыбай

Сарыбас

бала өңі сары немесе шашы сары болғандықтан қойылған; бала алғыр, білімді болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сарыбас

Сәбиға

араб тілінен алынған сәбәхат — Көркем, сұлу қыз.


Есімге сілтеме: Сәбиға

Сәбиғат

араб тілінен алынған - сұлулық, әдемілік.


Есімге сілтеме: Сәбиғат

Сәбила

араб тілінен — жол, сапар.


Есімге сілтеме: Сәбила

Сәбира

араб тілінен алынған сабир — төзімді, шыдамды, бекем, сабырлы.


Есімге сілтеме: Сәбира

Сәбит

араб тілінен алынған - мықты, тұрақты, табанды, адал.


Есімге сілтеме: Сәбит

Сәрсенбі

иран тілінен алынған шәһар — төрт + шәмбе — күн, төртінші күн, яғни бейсенбі, бейсенбі күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәрсенбай, Сәрсенбек, Сәрсенәлі, Сәрсенғали, Сәрсенқан. Еркелетіп, ықшамдала қысқартылған түрлері - Сәрсек, Сәрсен, Сәрсекей, Сәркеш.


Есімге сілтеме: Сәрсенбі

Сәтбай

араб тілінен — құтты бала (бай).


Есімге сілтеме: Сәтбай

Сейсенбай

иран тілінен алынған се - үш, сенбі (шамбе) — күн + бай, яғни айдын үшінші күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сейсенбек, Сейсенби, Сейсенғали, Сейсенхан.


Есімге сілтеме: Сейсенбай

Сексенбай

мұндай есім көбіне бала әкесі 80 жасқа келгенде туған балаға қойылады.


Есімге сілтеме: Сексенбай

Сембай

иран тілінен алынған шамбе + бай, яғни сембі күні туған бала.


Есімге сілтеме: Сембай

Сембі

иран тілінен алынған шамбе — алтыншы күн, сөл күні туған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сембі

Сеңгірбай

көне түркі тілінен келген сеңгір - таудың биік төбесі + бай, бала таудай биік болсын деген мәнде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сеңгірбай

Серікбол

көптің серігі, досы бол деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Серікбол

Серкебай

(қараңыз: Байсерке).


Есімге сілтеме: Серкебай

Солтыбай

араб тілінен алынған солдо — күш, өкім, билік; күшті, мықты; + бай. Демек, күшті, мықты адам.


Есімге сілтеме: Солтыбай

Сомбел

белі мықты, күшті, балуан тұлғалы бөлсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сомбел

Сүгірбай

көне түркі тілінен - бала білгір ғылымнан, өнерден хабары, білімі мол болсын деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Сүгірбек.


Есімге сілтеме: Сүгірбай

Сүиінбала

көңіл тойып, сүйсінерлік қыз бала.


Есімге сілтеме: Сүиінбала

Сүйінбай

көптің көңілі толсын, істеген ісіне разы болып сүйсінсін деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Сүйінбай

Сүмбебай

иран тілінен алынған сунба - мылтықтың сүмбесі. Бала сүмбедей тіптік, түзу, мүсінді, әдемі болып өссін деген тілекпен қойылса керек.


Есімге сілтеме: Сүмбебай

Сүттібай

сүтке, жалпы аққа бай болсын деп қойылған.


Есімге сілтеме: Сүттібай

Сыбанқұл

бұл есімнің бірінші сыңары араб тілінен Шабан — тоқ, тойған; Бұл есімнің түбірі Сыбан, Шейбан, Шейбани, Шибан түрлерінде де кездеседі.


Есімге сілтеме: Сыбанқұл

Сымбат

көрік, кескін, келбет.


Есімге сілтеме: Сымбат

Сындыбай

сымбатты, әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сындыбай

Сындыбала

көрікті, кескінді, келбетті қыз бала.


Есімге сілтеме: Сындыбала

Сырбай

араб тілінен алынған сиер — өмірбаян, табиғи жаратылыс, өмірдегі жағымды ісәрекет.


Есімге сілтеме: Сырбай

Сырғабай

араб тілінен алынған сыр + ға қосымша + бай; яғни бала өнер-білім, ғылым құпиясын жете білсін, соны меңгерсін деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сырғабай

Сырғабек

сырға берік, мықты болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сырғабек

Сырмұхамбет

көне түркі тілінен сыр - шыдам, төзім, ұстамды + араб тілінен алынған Мухаммет, яғни төзімді, шыдамды, ұстамды Мұхамбет. Дыбыстың өзгеру түрі — Сырымбет.


Есімге сілтеме: Сырмұхамбет

Табар

қазақ сөзіне тап + ар есімше жұрнағы жалғанып жаңалған сөз, яғни бала білімді болып дүниені


Есімге сілтеме: Табар

Табылған

баласы өлген үйде дүниеге жаңадан келген сәбиге жоғалғаны табылды деп осылайша ат берілген. Кейде табылған да деп қоя береді.


Есімге сілтеме: Табылған

Тазабек

нағыз мықты, берік адам, нағыз бек.


Есімге сілтеме: Тазабек

Тайбек

тайға мінгенде құламайтын, жығылмайтын, мықты берік отыратын бала болсын деген мақсатпен қойылған есім. Еркелетіп қысқартып айту түрі -Тайжан.


Есімге сілтеме: Тайбек

Талшыбық

қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Талшыбық

Танабай

қазақтың сөзі тана — екі жасар баспақ + бай. Сиыр малы атауынан қойылған есімдер көп болған. Синонимдері — Бұка, Бұқабай, Өгізбай, Сиырбай, Бұзаушы және т. б.


Есімге сілтеме: Танабай

Таңбол

ата-ананың сәулесі, мандайындағы жарығы, бақыты болсын деген ниетпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Таңбол

Таңсықбай

ұл балаға әбден таңсық, құмар боп жүргенде туған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Таңсықбай

Тасболат

тас пен болаттай мықты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Тасболат

Татубай

бақытты, тыныш, бейбіт өмір сүруші (адам).


Есімге сілтеме: Татубай

Тәбиба

араб тілінен - емші, дәрігер.


Есімге сілтеме: Тәбиба

Тәбила

араб тілінен — ұзақ, ұзағынан берген (өмір).


Есімге сілтеме: Тәбила

Тәбия

араб тілінен - қорған, қамал, бекініс.


Есімге сілтеме: Тәбия

Тәңірбай

(қараңыз: Көкбай).


Есімге сілтеме: Тәңірбай

Тәрбие

араб тілінен - тәртіп, ауыспалы мағынасы ұлгі - өнеге.


Есімге сілтеме: Тәрбие

Тәттібай

тәтті, ауыспалы мағынасы тойымды, қадірлі.


Есімге сілтеме: Тәттібай

Тәттібала

сүйікті, сүйкімді қыз бала.


Есімге сілтеме: Тәттібала

Темірбек

(қараңыз: Бектемір).


Есімге сілтеме: Темірбек

Темірболат

бала темірдей мықты, берік болады деген сеніммен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Темірболат

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.