Өлең, жыр, ақындар

Марк Твен

Марк Твен ( 30 қараша 1835 жыл, Флорида, Миссури, АҚШ — 21 сәуір 1910 жыл, Реддинг, Коннектикут, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, көсемсөзші. Көркем әдебиет, тарихи көркем әдебиет, балалар әдебиеті, сатира, эссе, философиялық әдебиет, әдебиеттану жанрларында шығармаларын жазған. Гуманист және демократ.


Туындылары Нақыл сөздері

Егер бізді біреу сыйламай қойса, біз оған қапаланып, қатты ренжиміз. Ал, шындығында пенденің барлығы өз ішінен өзін-өзі сыйламайды ғой.

Ілмектер: сыйлау, ренжу, пенде Марк Твен

Ақша қажет болса бөтен адамдардан сұра, ақыл керек болса досыңмен сырлас, ал саған ештеңе қажет болмаса туыстарыңа бар.

Ілмектер: ақша, туыс, дос, ақыл Марк Твен

Жақсы кітап оқымайтын адамның кітап оқи алмайтын адамнан еш артықшылығы жоқ.

Ілмектер: кітап, адам Марк Твен

Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына.

Ілмектер: афоризм, қасиет, сөз, мағына Марк Твен

Бірнәрсені енді жасамаймын деп уәде берсем болды, сол нәрсені жасағым келеді де тұрады

Ілмектер: әдет Марк Твен

14 жасымда менің әкем ақымақ болатын, зорға шыдайтынмын. Жасым 21-ге келгенде әкемнің 7 жыл ішінде қалай ақылды болып кеткеніне таң қалдым.

Ілмектер: бала, мысқыл Марк Твен

Темекіні тастау ең оңай іс, өз басым 30 рет тастаған шығармын

Ілмектер: темекі, Әдет Марк Твен

Адамзат ең қуатты қаруға ие, ол күлкі

Ілмектер: күлкі, қару Марк Твен

Жас ол тек сіздің санаңызда ғана, егер ол туралы ойламасаңыз ол жоқ деген сөз

Ілмектер: адамның жасы Марк Твен

Адам өзіне ырза болмай, өмірге де ырза бола алмайды

Ілмектер: Өмір Марк Твен

Қарап көріңіз

Пікірлер