Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына. Ілмектер: афоризм, қасиет, сөз, мағына Марк Твен Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына.
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса? Батырлықтан не пайда, Халқына қайран қылмаса? Хандықтан не пайда, Қарашасын жалмаса? Молдалықтан не пайда, Шариғатты өзгертіп, Нашарларды алдаса? — Төле би Әлібекұлы шариғат, батырлық
Ит мені қапты деп, оны қапсам, адамдық аузымда не қасиет қалады. — Мұхтар Әуезов ит, адам
Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын. — Шәкен Айманов театр, нақыл
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін. — Асан қайғы қадір, қасиет
Естіге айтқан тура сөз, Шыңға тіккен тумен тең. Езге айтқан тура сөз, Құмға сіңген сумен тең. — Майқы би сөз, нақыл
Ал екінші бақытым – тілім менің Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім… — Мұқағали Мақатаев тіл, қасиет
Хабарлама
INFO
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі