Тәжібаев Төлеген нақыл сөздері, ой-толғамдары және автор туралы қысқаша мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың дәйексөздері, өмірбаяны және басқа бөлімдеріне апаратын ішкі сілтемелер бір жерде жинақталған.
Төлеген Тәжібаев (1910, Сүткент ауылы — 1964, Алматы қаласы) — ғалым, педагогика ғылымы докторы, Қазақстан FA академигі (1954), 1935 ж. Мәскеудегі коммунистік тәрбие академиясын, аталған академияның аспирантурасын бітірген. 1938-40 ж. ҚазПИ-да кафедра меңгерушісі, 1940—44 ж. Халық ағарту комиссары, 1944-57 ж. ҚазКСР-нің Сыртқы істер министрі, 1948—53 ж. ҚазМУ-дың ректоры, 1957—61 ж. КСРО-ның Үндістандағы елшісі, 1961—64 ж. ҚазМУ-да педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ол педагогика ғылымы саласында Қазақстандағы тұңғыш доктор және академик. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі II—IV шақырылымдарының депутаты. "Енбек Қызыл Ту", "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қожа тоғай ауылында Тәжібаев атында көше бар.
Еңбек адамның мінезіндегі өзімшіл сыйпаттарды жоюға көмектеседі.
Ілмектер: еңбек, адам, мінез, өзімшілдік Тәжібаев Төлеген
Адал да белсенді еңбек — ерік пен мінезіңді жарасымды бітімін жетілдіре түседі.
Ілмектер: еңбек, ерік, мінез Тәжібаев Төлеген
Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа, жалқаулыққа, зерігушілікке, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеп соғады, табиғи талантын мұқалтады.
Ілмектер: еңбек, адам, жалқаулық, талант, зерігу Тәжібаев Төлеген
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі