Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"зерігу" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "зерігу" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Зерігу қызмет орнына, табиғаты келмейтін жұмысқа бейімділігіне, қабілетіне қарамай тағайындай салушылықтан келіп туады.
Ілмектер: Зерігу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Тіршілік дегеніміз аңсар. Аңсар қанағаттанбаса қайғы-мұң туылады. Аңсар қанағаттанса зерігу-жалығу туылады. Өмір қайғы мен зерігудің арасында тынымсыз тербелген маятникке ұқсайды. Шаттық дегеніміз қайғыдан зерігуге, не зерігуден қайғыға ауысып бара жатқандағы уақыттық қасқағым сәт қана.
Ілмектер: тіршілік, аңсар, қайғы, мұң, өмір, шаттық, уақыт, сәт, зерігу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр
Парасаттылар өз өмірінен лаззат алады, бос уақытын дұрыс игереді. Ақымақтар бос қалуға төзбейді. Бос уақыт оларды зеріктіреді. Сондықтан олар пайдасыз ойынмен көңіл аулап, уақыттық рахатқа салынады.
Ілмектер: парасат, өмір, уақыт, ақымақ, зерігу, пайдасыз, ойын, рахат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр
Өмірдің қас жауы — қайғы мен зерігу.
Ілмектер: өмір, жау, қайғы, зерігу Артур Шопенгауэр
Жұмыс бізді үш түрлі зор қырсықтан: зерігуден, кемшіліктен және мұқтаждықтан құтқарады.
Ілмектер: жұмыс, зерігу, кемшілік, мұқтаждық Франсуа Вольтер
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі