Балпық би — нақыл сөздері, ойлары және өмірбаяны

Балпық би нақыл сөздері, ой-толғамдары және автор туралы қысқаша мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың дәйексөздері, өмірбаяны және басқа бөлімдеріне апаратын ішкі сілтемелер бір жерде жинақталған.

Автор туралы

Балпық би (1694 —1784 жж.) Осыдан 280 жылдай уақыт бұрын Жалайыр елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпықтың тарихи еңбегі ерекше. Ескелді би, Қабылиса (Қабан) ақынмен бірге ол да көзі тірісінде әулие саналған, 1694 жылы дүниеге келіп, Қаратал, Көксу бойында 1784 жылы қайтыс болса керек.

Балпық он екі ата Жалайырдың ең үлкені Андас тармағына жатады. Қай жерде, қандай жағдайда болмасын өзінен екі жас үлкен Ескелді бимен аты қатар аталған. Жүздеген жылдар бойы үздіксіз шапқын жасап тұрған Жоңғар қалмақтарынан ығысып, Сыр бойын, Шу бойын паналап жүрген Жалайырлардың басын құрап, Ескелді, Қабан ақын, Орақ батырлармен бірге жаудан босаған Жетісу өлкесіне көшіріп әкеліп, қоныстандырған еңбегі ел аузында ерекше айтылады.

Автордың бөлімдері

Нақыл сөздері

Жарияланған материалдар

Бірлік бар жерде тірлік бар,
Ру бар жерде бұру бар.

Ілмектер: бірлік, тірлік, ру, жер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Балпық би Балпық би
WhatsApp Telegram