Бенедикт Спиноза — нақыл сөздері, ойлары және өмірбаяны

Бенедикт Спиноза нақыл сөздері, ой-толғамдары және автор туралы қысқаша мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың дәйексөздері, өмірбаяны және басқа бөлімдеріне апаратын ішкі сілтемелер бір жерде жинақталған.

Автор туралы

Бенедикт (Барух) Спиноза (Spіnoza) (24.11.1632 жыл, Амстердам, – 21.2.1677 жыл, Гаага) – материалистік, пантеистік көзқарастағы Нидерланд философы.

Спинозаның философиялық көзқарасы ең алдымен ортағасырлық еврей философиясының (Маймонид, Крескас) ықпалында қалыптаса бастағанымен Дж. Бруноның пантеистік-материалистік көзқарасын, Декарттың рационалистік методын, Т.Гоббстың философиясын игеруі оның пантеистік-материалистік көзқарасқа көшуіне себеп болды. Ол пантеистік дәстүрдегі табиғат пен құдай біртұтас субстанция деген қағиданы өзінің онтологиясына негіз етіп алды. Таным теориясында рационалистік бағыт ұстанып, интеллектуалдық ақыл-ойға, парасатқа негізделген білімді сезімдік таным мен тәжірибеден жоғары қойды. Оның ілімін рационалды интуитивті гносеология, пантеистік метафизика, табиғат жайлы натуралистік көзқарас құрады. Спиноза діни-телеологиялық қағиданы жоққа шығарып, механикалық детерменизмді жақтады. “Көне өсиетті” тарихи-рационалистік тұрғыда сынап, діни нанымды надандыққа балады.

Автордың бөлімдері

Нақыл сөздері

Жарияланған материалдар

Үрей — рухтың дәрменсіздігі салдарынан пайда болады.

Ілмектер: Үрей, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дәрменсіздік, салдар, рух Бенедикт Спиноза
WhatsApp Telegram

Нәрсе көпшiлiктiң оны мойындамағанынан ақиқат болмай қалмайды.

Ілмектер: ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бенедикт Спиноза
WhatsApp Telegram

Түсінік — келісімнің басы.

Ілмектер: Түсіністік, келісім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бенедикт Спиноза
WhatsApp Telegram