Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.

Ілмектер: талап, үміт, халық Ахмет Байтұрсынұлы

Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.

Ілмектер: өткен, күй Ахмет Байтұрсынұлы

Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.

Ілмектер: іс Ахмет Байтұрсынұлы

Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді.

Ілмектер: алу, беру Ахмет Байтұрсынұлы

Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.

Ілмектер: сынау Ахмет Байтұрсынұлы

Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек.

Ілмектер: ес, ас, күш Ахмет Байтұрсынұлы

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.

Ілмектер: борыш, адамшылық Ахмет Байтұрсынұлы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ілмектер: мектеп, мұғалім Ахмет Байтұрсынұлы

Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

Ілмектер: тәрбие Ахмет Байтұрсынұлы

Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.

Ілмектер: жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

Ілмектер: тіл, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!

Ілмектер: жұрт, бала Ахмет Байтұрсынұлы

Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.

Ілмектер: ақиқат, сөз, мақал Ахмет Байтұрсынұлы

Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!

Ілмектер: заман Ахмет Байтұрсынұлы

Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.

Ілмектер: Қазақ, жер Ахмет Байтұрсынұлы

Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.

Ілмектер: сөз, зейін, тіл Ахмет Байтұрсынұлы

Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!

Ілмектер: дәйексөз, ел, Рух Ахмет Байтұрсынұлы

Сөздің ең ұлысы – тарих.

Ілмектер: тарих, сөз, дәйексөз Ахмет Байтұрсынұлы

Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

Ілмектер: мал, жұрт, заман Ахмет Байтұрсынұлы

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

Ілмектер: адам, іс, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Қарап көріңіз