Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман. Ілмектер: мал, жұрт, заман Ахмет Байтұрсынұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. — Ахмет Байтұрсынұлы тіл, ұлт
Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! — Абай Құнанбайұлы құдай, қорқу
Атаның ұлы жақсыға — малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі. — Шалкиіз Тіленшіұлы ата, ұл
Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын! — Ахмет Байтұрсынұлы жұрт, бала
Мен өлсем де өлемін жөнімменен, Тәннен басқа немді алар өлім менен?! Өлген күні апарып тығары – гөр, Мен жоқ болам көміліп тәнімменен. Тән көмілер, көмілмес еткем ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін. — Ахмет Байтұрсынұлы өлім, жұрт
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге, Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге. — Бұқар жырау тас, теңіз
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі