Өлең, жыр, ақындар

Дональд Трамп

Дональд Джон Трамп (ағылш. Donald John Trump; 14 маусым 1946 жылы, Куинс, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық бизнесмен, АҚШ теле-радио саласында атақты тұлға, жазушы. Сонымен қатар АҚШ-тағы ірі құрылыс Trump Organization компаниясының президенті және әлем бойынша казино мен отельдері бар Trump Entertainment Resorts компаниясының негізін қалаушы. Трамп әдеттегіден тыс өмір сүру стилімен және ашық сөйлесу мәнерінің арқасында аса танымал.


Нақыл сөздері

Әрқашан өз ашуыңыздың себебін анықтай біліңіз. Дегенмен оның жұмысқа қатысы бар болса, тек жағдайдың қаншалықты күрделі екенін білдіреді.

Ілмектер: ашу, жұмыс, жағдай Дональд Трамп

Ер адамның өміріндегі маңыздылығы бойынша екінші деңгейлі оқиға яхта сатып алу, ал ең маңыздысы сол яхтаны сату сәті болмақ.

Ілмектер: ер, адам, өмір, маңыздылық, сату Дональд Трамп

Өмір маған ең маңызды сабағын берді: Сізді қиын жағдайда жалғыз қалдырған адамды кешіруге болмайды. Ол сізді тағы да алдауға дайын.

Ілмектер: өмір, сабақ, қиындық, кешіру, алдау Дональд Трамп

Жетістікке жету үшін ғаламның 98 пайыз тұрғынынан арылуыңыз керек.

Ілмектер: жетістік, ғалам Дональд Трамп

Ұлыңызды еркелетіп, қолына қалаған сомасын беруге асықпаңыз. Бұл оны көр етіп, жетістікке жетудің маңызы еңбекте екенін ұмытуына алып келеді.

Ілмектер: еркелету, жетістік, еңбек, ұмтылыс Дональд Трамп

Бизнесте қатал немесе аз сөзді болғанша батыл, тіпті арсыз болған ұтымды.

Ілмектер: бизнес, сөз, батыл, ар, ұтымды Дональд Трамп

Шын мәнінде менің компаниямда жұмыс істегісі келмейтіндердің болуын қаламайтынмын. Ендеше сізге де өз жұмысыңыз ұнамаса, кеткеніңіз жөн.

Ілмектер: жұмыс, компания Дональд Трамп

Миллиардерлер үшін жұмыс пен ләззат алудың еш айырмашылығы жоқ.

Ілмектер: жұмыс, ләззат Дональд Трамп

Егер ойлана алатын болсаң, онда үлкен нәрселерді ойла!

Ілмектер: ойлау, қабілет, жалығу Дональд Трамп

Өз дәрежеңе жараса шайпұл тастамау сәтсіздіктің белгісі.

Ілмектер: шайпұл, сәтсіздік Дональд Трамп

Қарап көріңіз

Пікірлер