Өлең, жыр, ақындар

Нақыл сөздері

Адамның қажырлы еңбегі үшін ең үлкен сый — қол жеткізген табысы емес, оның бойындағы өзгеріс.

Ілмектер: адам, еңбек, сый, табыс, өзгеріс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Әр таңды өміріңнің басы, ал әр кешті өміріңнің соңы деп есепте.

Ілмектер: таң, өмір, кеш, соңы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Шын мәніндегі ұлы адамның бірінші белгісі кішіпейілділік екеніне сенемін. Кішіпейілділік дегенде, адамның өз қабілетіне күмәнмен қарап, өз ойын білдіруге жасқануын емес, қолынан не келетінін, өзінің шама-шарқын білуін айтып отырмын.

Ілмектер: Кішіпейілділік, ұлы, адам, ой, шама, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Ауа-райы еш уақытта жаман болмайды. Жақсы ауа-райының әрқилы түрлері ғана болады.

Ілмектер: Ауа-райы, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жақсы Джон Рескин

Ән есті болса, жүйелі тәртіпке, есер болса, бейберекетсіздікке себепкер.

Ілмектер: ән, тәртіп, бейберекетсіздік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Негізінде, ең үлкен қателіктердің басында қашан да тәкаппарлық тұрады.

Ілмектер: қателік, тәкаппарлық, тәкаппар, қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Құлдық сананың белгісі — параға сатылу.

Ілмектер: құл, құлдық сана, сана, белгі, пара, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Өнердің кереметтігі — ештеңені ашып айтпасаң да, бәрін астарлап жеткізуде.

Ілмектер: Өнер, керемет, астарлап айту, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Шатақ мінезді болғаннан гөрі қарапайым болу әлдеқайда қиын.

Ілмектер: шатақ, мінез, қарапайым, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Ең ұлы өнер — барша мақұлықтың жаратылысы, тән мен жан, әсіресе, жан.

Ілмектер: өнер, жаратылыс, мақұлық, тән, жан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Мемлекеттің күштілігі мен қуаттылығы онда өмір сүретін жақсы адамдардың санына байланысты.

Ілмектер: мемлекет, қуат, күш, адам, сан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Суретшілік не мүсіншілік қабілеті жоқ адамнан сәулетші шықпайды. Суретшілігі де, мүсіншілігі де жоқтар құрылысшы ғана бола алады.

Ілмектер: суретші, мүсінші, сәулетші, адам, қабілет, құрылысшы, мамандық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Кемшіліктеріңізді ойлап сары уайымға салынбаңыз. Ал өзгелердің кемшін тұсын мүлде ойға алмаңыз. Жақсы қасиеттерді бойыңызға сіңіруге тырысыңыз. Ал кемшіліктеріңізден, қураған жапырақтың үзіліп түсетіні сияқты, уақыты келгенде арыласыз.

Ілмектер: кемшілік, уайым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қасиет, жапырақ Джон Рескин

Мемлекеттің бірінші міндеті — онда туған балалар ақыл тоқтатып, есейгенше жақсы баспанамен, киіммен, тамақпен қамтамасыз ету және білім беру.

Ілмектер: мемлекет, міндет, бала, баспана, киім, тамақ, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Білімқұмар бала білім арқылы кемеріне толса, ал білім алғысы келмейтін бала масқара болады.

Ілмектер: Білімқұмар, бала, кемер, масқара, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Сапа ешқашан кездейсоқ келмейді. Ол — саналы түрде талаптанудың жемісі.

Ілмектер: сапа, Кездейсоқтық, сана, талап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Дүниеміз артқан сайын шаршауымыз да көбейеді.

Ілмектер: дүние, шаршау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Ұлы халықтар тарихын ісімен, сөзімен және өнерімен жазады.

Ілмектер: ұлы, халық, тарих, іс, сөз, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Ақыл-кеңессіз берілген садақа түкке татымайды.

Ілмектер: ақыл, кеңес, садақа, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Балаларыңызды адалдыққа баулу — тәрбиенің басы.

Ілмектер: бала, адалдық, тәрбие, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Қарап көріңіз