Мәжит Дәулетбаев мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.
Бұл автор бетінде Мәжит Дәулетбаев шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.
Мәжит Дәулетбаев (1900–1938) — Қызылжар қаласында дүниеге келген. Алғаш Хасан Понамаревтың медресесіне түскен, Шығыс әдебиеті үлгісінде әжептәуір білім алады. Оған қоса, Сухотин екі кластық училищесінде оқып, орысша сауатын ашқан.
1919–1921 жж. ауыл мұғалімі болады.
1925 жылға дейін «Бостандық туы» газетінде әдеби қызмет атқарып, 1925–1928 жж. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтында оқыған. «Еңбекші қазақ» газетінде әдеби қызметкер болып істеген. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарған.
Әдебиетке алғаш рет өлең жазумен араласты. Отызыншы жылдары прозамен жиі айналысты. Шекспирдің «Гамлетін», Ремарктің «Күнбатыс майданы бір қалыптасын», Лондонның кейбір әңгімелерін, Гогольдің «Үйленуін», Серебрякованың «Маркстің жастық шағын», Пушкин, Бедный, Маяковскийдің кейбір өлеңдерін аударған.
Шығармалары: Өлеңдер. А., ҚМББ, 1927; Мәжит өлеңдері. А., ҚМББ, 1927; Сұрқақпайлар. Комедия. А., ҚМББ, 1932; Партизандар. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1933; Қызылжар. Роман. А., ҚМКӘБ, 1935. Қызылжар. Роман А., «Жазушы», 1976.
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі