Өлең, жыр, ақындар

Асқар Сүлейменов

Асқар Сүлейменов (29 желтоқсан 1938, Шолаққорған елді мекені, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы – 15 мамыр 1992, Алматы) – жазушы, әдебиет сыншысы, драматург.

1959 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университеті) бітірген.
1962 жылы ҚазПИ-дің (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университеті) аспирантурасын бітірген.
1961 жылы алғашқы сын мақаласы “Жол басы” “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде жарияланған.

Шығармалар

“Бесін” (1970)

“Адасқақ” (1988)

“Бесатар” (1996) прозалық шығармалары

“Арғымақ пен шабандоз”

“Кек” (1978, 2002) драмалық жинағы

“Парасат падишасы” (1998)

“Болмыспен бетпе-бет” (2001) сыни-эстетикалық еңбектері, әдебиет пен өнер турасында жүзден астам мақалалары жарық көрген.



Туындылары Нақыл сөздері

Оқушыны қасқыр көрген тазыдай қалтырат.

Ілмектер: Асқар Сүлейменов, оқушы, таз, қасқыр Асқар Сүлейменов

Мәтіннің дәмін алудың төте жолы – талмай оқу.

Ілмектер: мәтін, оқу, нақыл, қанатты сөздер, афоризм Асқар Сүлейменов

Қоғамның кеселінің бір емі — оған тіке қарау.

Ілмектер: қоғам, кесел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Түс — күндіз бұққан ойдың ойыны.

Ілмектер: түс, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Отау көтеріп оңаша тұрып алмай достастықтың құшағына қойып кету – саяси логикаға қиналып сыйысады.

Ілмектер: логика, отау, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Келіншектің сұлу кезі — ұйқыдағы кезі. Айтып та болмас әлгінің, айтпай да болмас әлгінің тұсындағы кезі емес. Әсіресе сол кезі емес.

Ілмектер: келіншек, ұйқы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Таранбаған әйелде — бір мекиеннің, таранған әйелде — екі мекиеннің миы бар.

Ілмектер: әйел, ми, мый, мекиен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Дін құрыса — тіл сақтайды, тіл құрыса — үн сақтайды, бәрі құрыса — діл сақтайды

Ілмектер: дін, тіл, үн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Ұл өсіріп, қыз асырап отырмыз.

Ілмектер: ұл, қыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Пытыра қазақ: шүрегей атады, өзбек – жалғыз оқ: бұлан атады.

Ілмектер: қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өзбек Асқар Сүлейменов

Бала тапқандікі емес — бала қаққан мен баққандікі.

Ілмектер: бала, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Жақсы кітап — ұлттың антологиясы.

Ілмектер: кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Өмір - тән, өнер - жан: тән тұншыққанда - жан шыңғырады.

Ілмектер: өмір, тән, жан, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Ұлтжандылықты ауаның деңгейіне көтерген үш халық болса, екеуі - француздар мен поляктар, екі халық болса - тағы сол екеуі. Ұлтшылдықпен тыныстау олар үшін табиғи нәрсе. Парижде қайтқан Шопеннің жүрегін Варшавадағы шіркеуге мирас қылғаны ұмыт қалмайды.

Ілмектер: Ұлтжандылық, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Қит етсе болды америкалап шыға келетін аура етек алды. Бұл өзі мегежіннің інгенмен бой салыстырғанындай.

Ілмектер: Америка, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Бірлік түбі – зорлық.

Ілмектер: бірлік, зорлық, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Бұл ғаламда тұзақты да, тұсау-тұсамысты да туабітті танымасқа жаралған біреу бар: ол – адам.

Ілмектер: адам, ғалам, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Байлық - барлық болғанда, өнер - мұрат. Байлықтан мұрат шықпаған. Ал, мұрат - тірлік.

Ілмектер: мұрат, байлық, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Бабы мен бағы бұққан тұяқ та бір – ойға суарылмаған әуен мен әуез де бір: нені айту бір пара, қалай айту бір пара, кімге айту, қашан айту бір пара.

Ілмектер: әуен, әуез, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Қазақтай психофизикалық типтің азасын «Жігердей» кемерлейтін күй, «Қаракесектей» шыңғыртар ән жоқ.

Ілмектер: күй, ән, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Қарап көріңіз