Өлең, жыр, ақындар

Асқар Сүлейменов

Асқар Сүлейменов (29 желтоқсан 1938, Шолаққорған елді мекені, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы – 15 мамыр 1992, Алматы) – жазушы, әдебиет сыншысы, драматург.

1959 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университеті) бітірген.
1962 жылы ҚазПИ-дің (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университеті) аспирантурасын бітірген.
1961 жылы алғашқы сын мақаласы “Жол басы” “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде жарияланған.

Шығармалар

“Бесін” (1970)

“Адасқақ” (1988)

“Бесатар” (1996) прозалық шығармалары

“Арғымақ пен шабандоз”

“Кек” (1978, 2002) драмалық жинағы

“Парасат падишасы” (1998)

“Болмыспен бетпе-бет” (2001) сыни-эстетикалық еңбектері, әдебиет пен өнер турасында жүзден астам мақалалары жарық көрген.



Туындылары Нақыл сөздері

Өнердің өмірден айырмашылығы - өнер өмірден үйренбейді.

Ілмектер: өнер, өмір Асқар Сүлейменов

Үлкен арман сабырда жатады.

Ілмектер: арман, сабыр Асқар Сүлейменов

Жақсы кітап – ұяттың антологиясы.

Ілмектер: кітап Асқар Сүлейменов

Өзгенікін еске түсіруден өзіңдікін еске түсіру күшке түседі.

Ілмектер: еске түсіру Асқар Сүлейменов

Есесін жіберген ел - ел емес.

Ілмектер: ел Асқар Сүлейменов

Әр сөздің өз ұяты бар.

Ілмектер: сөз, ұят Асқар Сүлейменов

Ұяла алмаған - тірі өлік.

Ілмектер: ұят Асқар Сүлейменов

Сүрінгенін секіргендей көрсете білер бар.

Ілмектер: сүріну, секіру, көрсету Асқар Сүлейменов

Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамикасы бар.

Ілмектер: өнер, логика, динамика Асқар Сүлейменов

Қарап көріңіз