Өлең, жыр, ақындар

Сайын Назарбекұлы

Сайын Назарбекұлы Назарбек (2 қаңтар, 1941 жылы Маңғыстау облысы, Тиген ауылында туған) — ақын, сәулетші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. Маңғыстау облысының және Атырау облысының Құрметті азаматы. Қазақстан Сәулетшілер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Жылтыраған жүзін сыйлама
Кісілігін сыйла,
Жылтыраған сөзін сыйлама
Түсінігін сыйла.

Ілмектер: сыйлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Кісіден жиренбе, ісінен жирен,
Түсінен торықпа, ісінен торық.

Ілмектер: кісі, іс, жирен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Көктем шындап түнерсе, нәрін төгеді,
Халық шындап түнерсе, кәрін төгеді.

Ілмектер: халық, көктем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Күн жаманы тынады жауын болып,
Дос жаманы тынады жауың болып.

Ілмектер: жау, күн, жауын, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ел қамын жеген — кісі болар,
Өз қамын жеген — кіші болар.

Ілмектер: ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Арманың ақ сағым,
Тағдырың — қас-қағым.

Ілмектер: арман, тағдыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Шын қорқақ ажалын табар,
Сұм қорқақ амалын табар.

Ілмектер: ажал, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ақылды қорқақ алдырмас.

Ілмектер: ақыл, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ана — тапқан ұлымен ардақты,
Саудагер — тапқан пұлымен салмақты.

Ілмектер: ана, бала, ұл, саудагер, пұл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Қыз атын қызыққандар шығарады.

Ілмектер: қыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Болат болмас суарғанмен жасықты,
Кісі болмас демегенмен пасықты.

Ілмектер: болат, пасық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Дананы — ойынан;
Батырды — сойынан;
Ізгіні — ісінен;
Жақсыны — түсінен;
Көлгірді — көзінен;
Суайтты — сөзінен.

Ілмектер: дана, ой, батыр, ізгі, іс, жақсы, көз, суайт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Бақыт дегеніміз — әр адамның адамзат баласы мен адамгершілікке еткен өз еңбегінен алатын ләззаты.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамгершілік, еңбек, ләззат Сайын Назарбекұлы

Елбасының басын сыйламасаң да, тағын сыйла,
Дін басының өзіне сенбесең де, дініне сен.

Ілмектер: Елбасы, тақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дін Сайын Назарбекұлы

"Адамды Құдай жаратты" дегенге сенейін десем Құдайды аяймын,
"Адам маймылдан жаралды" дегенге сенейін десем адамды аяймын.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, маймыл Сайын Назарбекұлы

Ер қасиеті — шыншылдығы,
Ез қасиеті — күншілдігі.

Ілмектер: ер, ез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шыншылдық, күншілдік Сайын Назарбекұлы

Жақсы өлсе, жеріне кіреді,
Жаман өлсе, көріне кіреді.

Ілмектер: жақсы, жаман, жер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Мылжың сөзінің тоқетері болмас.

Ілмектер: Мылжың, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Анаң жақсы, қызың жақсы — әйеліңе не болған.

Ілмектер: ана, әйел, қыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Өмір — өлтіріп тынар.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Қарап көріңіз