Елбасының басын сыйламасаң да, тағын сыйла, Дін басының өзіне сенбесең де, дініне сен. Ілмектер: Елбасы, тақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дін Сайын Назарбекұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Елбасының басын сыйламасаң да, тағын сыйла, Дін басының өзіне сенбесең де, дініне сен.
Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек! — Бауыржан Момышұлы адам, ақша
Арсыз болмай атақ жоқ, Алдамшы болмай бақ қайда. — Абай Құнанбайұлы ар, атақ
Отының болсын жантақтан, Қатының болсын қалмақтан, Қосының болсын қазақтан. — Бұқар жырау отын, жантақ
Адам болсаң, болғайсың адал жанды, Жауыздықтан аулақ бол, сүй адамды. Жақсылықты жақсылық табар іздеп, Жамандықпен жақсы атақ кім шығарды? — Низами атақ, жаман
Тақуа болма, тентек болма - ғашық бол. — Қожа Ахмет Йассауи ғашық, тақуа
Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ. — Қорқыт ата дүние, мал
Атағы шыққан жақсыға, Ақылды байлап қылма құл. — Шәкәрім Құдайбердіұлы атақ, ақыл
Еңбек бізге атақ, даңқ әперетін ерлік мағынасын тапты. — Ғабит Мүсірепов еңбек, атақ
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі