Өлең, жыр, ақындар

Роберт Вальзер

Роберт Вальзер (15 сәуір 1878 жыл, Бьенн, Швейцария — 25 желтоқсан 1956 жыл, Херизау, Швейцария) — неміс тілді швейцарлық ақын және прозашы.

1913 жылдан бастап газет-журналдарға жаза бастайды. 1898 жылы «Der Bund» атты берндік газетке жазған мақалаларымен таныла бастайды. 1904 жылы «Insel» баспасынан «Франц Кохердің мектептегі шығармалары» атты тұңғыш романы жарық көреді.

Оның шығармалары К.Моргенштерн, К.Тухольский, Р. Музиль, Г. Гессе, Ф. Кафка, Т.Манн және тағы да басқа неміс тілді жазушылардың ерекше назарын аударады. 1908 жылы «Көмекші» («DerGehülfe») атты автобиографиялық романы жарыққа шығады. Сондай-ақ бірнеше шығармасының желісімен фильмдер түсіріледі.


Нақыл сөздері

Адам ізденсе ғана өмір сүреді.

Ілмектер: адам, ізденіс, өмір Роберт Вальзер

Үндемей де үйдей пəле жабуға болмай ма?!

Ілмектер: үндемеу, пәле Роберт Вальзер

Неге махаббат пен достық күннің көзіндей мəңгілік емес?!

Ілмектер: махаббат, достық, күн, мәңгілік Роберт Вальзер

Өткен — келешекке кедергі.

Ілмектер: келешек, кедергі, өткен шақ Роберт Вальзер

Жазушылардың пианистердей шу шығаруға қақысы жоқ.

Ілмектер: жазушы, пианист, шу Роберт Вальзер

Өзіңді бақытсыз сезіне бастасаң-ақ болды, солай болып шығады екен.

Ілмектер: бақыт, бақытсыздық Роберт Вальзер

Дүниені шырқ үйіріп, əмірін жүргізіп отырғандар арасында шынын айтар ешкім жоқ.

Ілмектер: дүние, шындық Роберт Вальзер

Ешкімнің де менімен бұрыннан білетіндей қарым-қатынас жасауға қақысы жоқ.

Ілмектер: қатынас Роберт Вальзер

Бір-біріңе шындықты бетке айтудың қажеті шамалы: ол қарым- қатынасқа кінəрат түсіреді.

Ілмектер: шындық, қарым-қатынас, кінәрат Роберт Вальзер

Ештеңені жарым-жартылай иемденгім келмейді, одан да ештеңесі жоқтар қатарында жүргенім жақсы: онда ең құрығанда өз жаныма өзім толық қожамын ғой.

Ілмектер: иемдену, жан, қожайын Роберт Вальзер

Қараған сайын жүзі бал-бұл жана түсетін бойжеткен алдында жан рахатын кешуден асқан өміршеңдік жоқ.

Ілмектер: бойжеткен, рахат, өмір, өміршеңдік Роберт Вальзер

Жақсы істер туралы ойлап əуре болма, одан да жақсылық жасай бер.

Ілмектер: жақсы іс, ой, жақсылық Роберт Вальзер

Сəтсіздік — үлкен төре тəрізді соңынан шұбатып төлеңгіт ертіп жүреді. Сəтсіздіктің сіңлісі — ең ізгі жүректің өзін ашу мен қатігездікке жеңдіретін қажеттілік.

Ілмектер: Сəтсіздік, жүрек, ашу, қатігездік Роберт Вальзер

Махаббат туралы жазудың ең жайлы жолы — оны ойдан шығару.

Ілмектер: махаббат, жол, ой Роберт Вальзер

Кіріптарлықтың астарында көп еркіндік жатуы мүмкін, тəуелсіздік дегеніміз — шын мəніндегі құлдық болып шығуы да мүмкін.

Ілмектер: Кіріптарлық, құлдық, еркіндік, тәуелсіздік Роберт Вальзер

Сенімнің аздығы ұдайы жігерлі болып керінуге мəжбүр етеді.

Ілмектер: сенім, жігер, мәжбүр Роберт Вальзер

Біздің дəуіріміз — пайдаға табынушылығымен қатігез.

Ілмектер: дәуір, пайда, табынушылық, қатігез Роберт Вальзер

Жазып біткенде — жаным да шығады: осыған қуанамын.

Ілмектер: жан, қуаныш Роберт Вальзер

Ер бала ер адамнан гөрі батылдау келеді, өйткені ол əлі — бала, ал есею көп ретте кісіні қарабайыр жəне пайдакүнем ете түседі.

Ілмектер: ер бала, ер, адам, батылдық, пайдакүнемдік Роберт Вальзер

Əдептілердің арасында айлакерлер де аз кездеспейді.

Ілмектер: әдеп, айла. айлакер Роберт Вальзер

Қарап көріңіз