Өлең, жыр, ақындар

Роберт Вальзер

Роберт Вальзер (15 сәуір 1878 жыл, Бьенн, Швейцария — 25 желтоқсан 1956 жыл, Херизау, Швейцария) — неміс тілді швейцарлық ақын және прозашы.

1913 жылдан бастап газет-журналдарға жаза бастайды. 1898 жылы «Der Bund» атты берндік газетке жазған мақалаларымен таныла бастайды. 1904 жылы «Insel» баспасынан «Франц Кохердің мектептегі шығармалары» атты тұңғыш романы жарық көреді.

Оның шығармалары К.Моргенштерн, К.Тухольский, Р. Музиль, Г. Гессе, Ф. Кафка, Т.Манн және тағы да басқа неміс тілді жазушылардың ерекше назарын аударады. 1908 жылы «Көмекші» («DerGehülfe») атты автобиографиялық романы жарыққа шығады. Сондай-ақ бірнеше шығармасының желісімен фильмдер түсіріледі.


Нақыл сөздері

Менің ойымша кітап жазатын адамға барынша жиі дұрыс болып көрінгеннен гөрі, айнымас жан тазалығы əлдеқайда маңыздырақ.

Ілмектер: кітап, жазушы, жан, тазалық Роберт Вальзер

Мен басқалардікіне қарағанда өз көңіл күй ауанымның кездейсоқ көріністерінен зəрем ұшады.

Ілмектер: көңіл күй, зәре Роберт Вальзер

Шедевр, біріншіден, — таң қаларлық, екіншіден — жақсы пейілдің мазасын алып, əуреге салмайды.

Ілмектер: Шедевр, таң қалу, әуре, маза Роберт Вальзер

Жоғалту қасіретін терең сезіну мен жоғалту зардабына шыдау — бұл, меніңше, онсыз кісі қандай құдіретті болса да, көзінен сорасы аққан бақырауық ересек бала күйінде қала беретін тəжірибе.

Ілмектер: қасірет, сезім, зардап, шыдам, бала Роберт Вальзер

Өзің өте ұяң бола тұрып, өмірдің қатігездіктерінен қорықпай күреске шығу қандай ғанибет.

Ілмектер: ғанибет, ұяң, күрес, қатыгездік Роберт Вальзер

Сұрай алу үшін өзіңе де, өзгелерге де шексіз сенімді болуың керек.

Ілмектер: сенім, шексіз Роберт Вальзер

Неғұрлым төрт аяғымды тең басуға шын ұмтылып, жанымды салған сайын тəлтіректеп тұрғанымды, солғұрлым айқын аңғара түстім.

Ілмектер: аяқ, аңғару Роберт Вальзер

Адам — мазасын алмаған кезде ғана моп-момақан.

Ілмектер: адам, момын, мазалау Роберт Вальзер

Жақсы көңіл көтеру де — даналық емес деп кім айта алады?!

Ілмектер: көңіл, даналық Роберт Вальзер

Тек жұмыс қана, сайып келгенде шын өмір дегеннің өзі де сол ғой, — рахат, жан қуанышы, болмыс лəззаты.

Ілмектер: өмір, рахат, қуаныш, ләззат Роберт Вальзер

Тек нағыз бейкүнə бала жүрегі ғана жаңа ойларға жүгіне алады, ал жараланған жəне қорланған жүрек ешқашан да ешқандай жаңалық аша алмайды.

Ілмектер: бала, жүрек, ой, жаңалық Роберт Вальзер

Бақыт — жазушылар үшін ең нашар тақырып. Ол тым өзіне-өзі ырза. Оған түсінік беріп жатудың қажеті жоқ.

Ілмектер: бақыт, жазушы, тақырып Роберт Вальзер

Өткенді аңсағаннан гөрі — ертеңге көз жіберген жақсы.

Ілмектер: аңсау, ертең, өткен шақ Роберт Вальзер

Өзің ұлы болғаннан гөрі, өзгенің ұлылығына табыну əлдеқайда жеңіл.

Ілмектер: жеңіл, табыну, Ұлылық Роберт Вальзер

Ең оңай нəрсені суреттеу қиынның қиыны: солай болған жəне солай бола да бермек.

Ілмектер: оңай, суреттеу Роберт Вальзер

Өздерінің жеке қасіретін балалардан жасыруға болмайды деп есептейтін ата-аналар, оларды сол мезетте құлдардың жағдайына түсіреді.

Ілмектер: қасірет, бала, ата-ана, құл Роберт Вальзер

Диктаторлар, негізінен қоғамның ең төменгі сатысында тұрғандар арасынан шығатындықтан, халыққа не қажет екенін жақсы біледі. Олардың өздерінің тілегін орындағандары халықтық да тілегін орындағандық болып шығады... Жұрт өзіне жағынғанды, кейде əкелік қамқорлық жасап, кейде қаталдық танытқанды ұнатады. Осы арқылы оларды соғысқа да іш тартатын етуге болады.

Ілмектер: Диктатор, қоғам, саты, халық, тілек, жұрт, қамқорлық, соғыс Роберт Вальзер

Зорлаушы мен зорланушы, қанаушы мен қаналушы — белгілі бір дəрежеде бірін-бірі толықтырушылар. Еркіндік үшін, оның өрісі кеңейе түсуі үшін оның өкілдері жəне сол сияқты тағы бірдеңелер өте қажет.

Ілмектер: зорлық, қанау, еркіндік, өріс Роберт Вальзер

Əлі өсе аламын деп ойлау ізгі сезімге бөлейтіндіктен, өзіңді жас сезіну — қашан да жайлы.

Ілмектер: сезім, ой Роберт Вальзер

Осы белгілі, парасатты адамдар бір-бірімен тіл табыса алмайтындығы неліктен екен?!

Ілмектер: парасат, тіл табысу Роберт Вальзер

Қарап көріңіз