Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (19)

"ертең" туралы Ұлағатты сөздер

"ертең" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ертең" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Бүгінгінің парадокстары — бұл ертеңгінің ескішілдігі.

Ілмектер: парадокс, ертең, ескішілдік Марсель Пруст
WhatsApp Telegram

Өткенді аңсағаннан гөрі — ертеңге көз жіберген жақсы.

Ілмектер: аңсау, ертең, өткен шақ Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Канондық кітаптар — ұлтқа етене жақын, ал апокалиптикалық кітаптар — интернационалдық сөзінің толық мағынасына сəйкес болып келеді. Олар ешкім жаза қоймағандай көрінгеніне де қарамастан өмір сүре береді. Олардың мағынасы бұлыңғыр келеді: бүгін — бірдеңені білдірсе, ертең — басқа бірдеңені білдіруі мүмкін.

Ілмектер: кітап, ұлт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бүгін, ертең Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Бүгінгі іс-әрекетіміздің сәтсіздік тәжірибесі, ертеңгі күнгі сәтті ісіміздің хабаршысы болуға тиіс.

Ілмектер: сәтсіздік, ертең, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ертең жоқ. Кешіктірмеңіз, қазір жасаңыз.

Ілмектер: ертең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Тони Моррисон
WhatsApp Telegram

Бүгiн iстеуге болатынды ертеңге қалдырмаңыз.

Ілмектер: бүгін, ертең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Джефферсон
WhatsApp Telegram

Бүгiн бiтер iстi ертеңге қалдырма.

Ілмектер: бүгін, ертең, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әмір Темір
WhatsApp Telegram

Махаббат адамды опат етіп, өмірге қайта әкеле алады, қайта түлетіп, шыжғырып тұрып өз таңбасын басады; бүгін ол маған құласа, ертең саған ауады, бүрсүгіні басқаны табады. Өйткені ол ағынды да аумалы-төкпелі тылсым дүние.

Ілмектер: махаббат, опат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір, ертең, дүние Кнут Гамсун
WhatsApp Telegram

Саясаткер ертең және арғы күні не боларын болжай алу керек. Ал кейін оның не себепті болмағанын түсіндіре алуы керек.

Ілмектер: Саясаткер, ертең, болжау, түсіндіру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль
WhatsApp Telegram

Уайым ертеңгі мәселені шешпейді, тек бүгінгі мазаны алады.

Ілмектер: уайым, мазасыздық, ертең, бүгін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Омар Хайям
WhatsApp Telegram

Бүгін істейтін жұмысты ертеңге қалдырма.

Ілмектер: бүгін, ертең, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги
WhatsApp Telegram

Өзгелер қаламаған нәрсені бүгін жаса, ертең басқалардың қолынан келмейтін өмірді сүретін боласың.

Ілмектер: өмір, қалау, ертең, бүгін Джаред Лето
WhatsApp Telegram

Бүгін істеп тастаңыз. Өзіңізге ертесіне рахмет айтасыз.

Ілмектер: рахмет, бүгін, ертең Лес Браун
WhatsApp Telegram

Ең кедей, ең бейшара, ең бақытсыз, ең сәтсіз адам – "ертең" сөзін көп қолданатын адам.

Ілмектер: кедей, бейшара, адам, ертең Роберт Кийосаки
WhatsApp Telegram

Бедел жинаңыз, ертең ол Сізге жұмыс жасайтын болады.

Ілмектер: Бедел, ертең, жұмыс Джон Дэвисон Рокфеллер
WhatsApp Telegram

Мен бүгін шешуге болатын мәселені ертеңге қалдырғанды ұнатпаймын...

Ілмектер: бүгін, ертең, мәселе Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Бүгін аш болған қарын ертең тояр.

Ілмектер: бүгін, ертең, қарын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.

Ілмектер: Өмір, бүгін, ертең, өмір-өзен Дінмұхамед Қонаев
WhatsApp Telegram