Өлең, жыр, ақындар

Әмір Темір

Әмір Темір; Ақсақ Темір; Темірлан (қаз. Темір бін-Тарағай Барлас; өз. Amir Temir ibn-Tarag’ay; пар. تيمور لنگ ; моң. ᠲᠡᠮᠦᠷ; 8 сәуір 1336 жыл, Қожа-Илғыр ауылы, қазіргі Шахрисабз — 18 ақпан 1405 жыл, Отрар) — атақты Монғол және түрік тектес халықтарының билеушісі, Темір әулеті империясының негіздеушісі. 1370 жылы Мәуереннахрды басып алып, 1405 жылға дейін 35 жыл билік құрған, 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысы». Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылады. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып ақсақ болып қалған. Ол Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша-ақсақ) Ақсақ Темір атанады.


Нақыл сөздері

Күш кімде болса,
Шындық сонда.

Ілмектер: күш, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әмір Темір

Өлген аңға емес, өлтiруiң керек аңға қара.

Ілмектер: аң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әмір Темір

Бүгiн бiтер iстi ертеңге қалдырма.

Ілмектер: бүгін, ертең, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әмір Темір

Тоғайға от түссе, құрғағы мен суы бiрдей жанады.

Ілмектер: тоғай, құрғақ, су, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әмір Темір

Тайды күтiп мiнген адам, ат та мiнедi.

Ілмектер: тай, ат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әмір Темір

Қарап көріңіз