Өлең, жыр, ақындар

Альфред Адлер

Альфред Адлер (нем. Alfred Adler; 7 ақпан 1870, Вена, Аустрия-Мажарстан - 28 мамыр 1937, Абердин, Шотландия, Ұлыбритания) — Аустрия психологі, психоаналитикалық бағыттың өкілі. Вена педагогикалық институтының (1915 жылы), Колумб университетінің (1929, Нью-Йорк) профессоры.

Адлердің психологиялық тұжырымы Зигмунд Фрейдтің психоанализміне біршама жақын. “Күйгелек мінез” (1912), “Дара өзгешеліктер психологиясының практикасы мен теориясы” (1920), “Адамтану” (1927жылы), “Өмірдің мән-мағынасы” (1933 жылы) т.б. еңбектерінде Адлер әр адам өзінің туа біткен кемістігін үнемі сезінеді, бұл жәйт оны басқа біреуден өзін артық деп ұғынуға, кемістігінің орнын толтыруға айрықша жұмылдырады, оған өктемдік жүргізуге итермелейді дейтін идеяны уағыздайды. Ол саналылық пен санасыздықтың арасында елеулі шегара жоқ, жан қуаттары бір-бірімен тығыз байланысты, адам ішкі дүниесін түгелдей негізгі мақсатына жету үшін жұмсайды дейді. Адлер өмірлік стиль, түс көру, неврозды зерттеуге елеулі үлес қосты. Отбасындағы әр жастағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, олардың жеке басын қалыптастыруда тәрбие тәсілдерінің әсерін зерттеді. Адлер психологиядағы жаңа ағым — жаңафрейдшілдіктің тууына ықпал етті. Фрейдің адам мінезінің қалыптасуында алғашқы бес жыл ерекше орын алады дейтін тұжырымын жақтады. Адлер адам психологияның қалыптасуында шешуші рөл атқаратын тарихи-әлеуметтік факторды есепке алмады.


Нақыл сөздері

Жыныс қатынасын өзіне-өзі көңіл толмаушылық немесе өзін біреуден артық санау сияқты дертті көңіл қажетіне пайдалану — барып тұрған ақымақтық жəне бейшаралық.

Ілмектер: көңіл толмаушылық, артық санау, дерт, көңіл, ақымақтық, бейшаралық Альфред Адлер

Адамның құтқарушысы — бірлестік сезімі мен əлеуметтік қызметтестік.

Ілмектер: адам, құтқарушы, сезім, әлеумет Альфред Адлер

Көңіл толмаушылық сезімі топтар мен ұлттарды өзін-өзі құрту құрдымына қарай итермелейді.

Ілмектер: Көңіл толмаушылық, сезім, топ, ұлт, құрдым Альфред Адлер

Адамзат жиі ойдан шығарылған бірдеңелерге қанағаттанып жүре береді: батылдық жетпеген жерде қиял озады.

Ілмектер: батылдық, қиял, адамзат, ой, қанағат Альфред Адлер

Бірлесіп қызмет істеуге ұмтылатын адам ешқашан да күйгелек болмайды.

Ілмектер: қызмет, күйгелектік Альфред Адлер

Ең қиын жол — ең төте жол болып шығатын жағдайлар жиі кездеседі.

Ілмектер: қиындық, жол Альфред Адлер

Өмірде кездесетін күрделі жағдайларда торығушылық (пессимизм) батылдықтың қалған-құтқан қалдығының өзін жоқ қылады.

Ілмектер: пессимизм, батылдық, өмір Альфред Адлер

Ашудың мақсаты — кез келген кедергіні күшпен тез жою.

Ілмектер: ашу, мақсат, күш, кедергі Альфред Адлер

Ақыл дегеніміз — міндетті түрде салауатты ой деген сөз емес.

Ілмектер: ақыл, міндет, ой Альфред Адлер

Атаққұмар өзі жіберген қателіктердің қай-қайсысы үшін де жауапкершілікті басқаларға аудара салуға шебер келеді.

Ілмектер: атаққұмар, қателік, жауапкершілік, шебер Альфред Адлер

Баққұмар кісі қашан да алдына осы өмірде орындалуы мүмкін емес мақсаттар қойып жүреді.

Ілмектер: Баққұмар, өмір, мақсат Альфред Адлер

Істеп жүрген істеріміздің бəрін сезімнің қатысуынсыз-ақ жүзеге асыруға болады: сезім — іс-қимылдың жолбикесі ғана ғой.

Ілмектер: іс, сезім Альфред Адлер

Тек батыл, өзіне өзі сенген, бүкіл дүниені өз үйіндей сезінетін адамдар ғана өмірлік игіліктерін де, қиындықтарын да өз пайдасына асыра алады. Олар қиындықтардың аз кездеспейтінін жақсы біледі, олар сонымен бірге оларды өздері жеңіп шыға алатындықтарын да біледі.

Ілмектер: батылдық, өмір, игілік, қиындық, жеңіс Альфред Адлер

Қазіргі сана өзін «Адам — Табиғат» жүйесін түсінуге тым қауқарсыз да қабілетсіз сезінеді.

Ілмектер: сана, адам, табиғат, жүйе, қауқар, қабілетсіздік Альфред Адлер

Донжуандар — өздерінің «ерлігіне» өздері онша сене бермейтін, сондықтан да оны дəлелдеу үшін барған сайын көп жеңіске құлшынып əуре болатын ер адамдар.

Ілмектер: Донжуан, ерлік, сенім, дәлел, жеңіс, ер адам Альфред Адлер

Тек ортақшылдық сезімге негізделген жəне сондықтан да игілікке ортақ қызмет етуге бағытталған интелектіні ғана ақыл-ойға жатқызуға болады.

Ілмектер: ортақшылық, сезім, интелект, ақыл-ой Альфред Адлер

Біздің өзімізді өзіміз тану қабілетіміз — өз іс-қимылдарымыздың себеп-салдары мен ішкі рухани дүниеміздің қозғалысын түсіну қабілетімізбен бірге өседі.

Ілмектер: тану, қабілет, себеп, рухани дүние, қозғалыс Альфред Адлер

Қалың көпшілік үшін қирату — өздері төзгісіз санап келген жағдайдан құтылудың бір жолы, сондықтан да ол əдетте жақсартудың алғы шарты ретінде қабылданады.

Ілмектер: көпшілік, шарт, жақсарту Альфред Адлер

Өнердің дамуы — қоғам дамуының көрінісі. Өнер көре білу мен сезіне білуге үйретеді, оның өзі де əлдебір тіл тəрізді жəне оның бойында зор мүмкіндіктер жинақталған.

Ілмектер: өнер, мүмкіндік, қоғам, тіл Альфред Адлер

Түс дегеніміз — түс көрушінің мазасын алған проблема мен оның өз алдына қойған мақсатының арасындағы көпір.

Ілмектер: түс, маза, проблема, мақсат, көпір Альфред Адлер

Қарап көріңіз