Түс дегеніміз — түс көрушінің мазасын алған проблема мен оның өз алдына қойған мақсатының арасындағы көпір. Ілмектер: түс, маза, проблема, мақсат, көпір Альфред Адлер Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Түс дегеніміз — түс көрушінің мазасын алған проблема мен оның өз алдына қойған мақсатының арасындағы көпір.
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас, Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас. Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас. — Абай Құнанбайұлы ар, мал
Уайым ертеңгі мәселені шешпейді, тек бүгінгі мазаны алады. — Омар Хайям уайым, мазасыздық
Бәрін түсіндіруге болады, бірақ бәріне емеc. — Омар Хайям түсіндіру, нақыл
Әр адамның өмірінде бір рет болса да тағдыр тәлейі оның есігін қағады, бірақ ол кезде адам жақын маңдағы сыраханада отырған болуы мүмкін, сол себепті ешқандай тақылды естімейді. — Марк Твен Өмір, бақ
Егер біреуге өзіңді мазақтауға мүмкіндік берсең, адамдар оны шын қабылдамайды. Және тап осы адамдар қалжыңдасып барлық дүниені ішіңе сақтау мүмкін еместігін түсінбейді. — Эрнест Хемингуэй мазақ, адам
Алты жасар балаға бірнәрсе түсіндіре алмай жатсаңыз, демек ол нәрсені өзіңіз де түсінбегенсіз — Альберт Эйнштейн түсінік, түсіну
Дүние — қайғы не қуаныш әкелмейді. Қайғы мен қуаныштың негізі — дүниені қалай түсінетінімізде. Сондықтан басымыздағы қайғыға Құдай да, өмір де, әлем де, табиғат та, тағдыр да, өзгелер де, тіпті шайтан да кінәлі емес. Нағыз кінәлі — өзіміз ғана. Ал қалғандары — тек себепкерлер. Кінәліні сырттан іздеу — адамның рухани әлсіздігінің көрінісі. Қайғы мен қуаныш, сынақ пен бақ — бәрі де біздің көзқарасымыздан, ішкі түйсігімізден, жүрек жылулығынан туындайды. Күн де, жаңбыр да, түн де, таң да — өздігінен ештеңе білдірмейді. Біреу үшін күз — сағыныш, екіншісі үшін — тыныштық, ал үшіншісі үшін — түңілу. Сол сияқты, сәтсіздік — біреу үшін күйреу, ал екінші үшін — жаңғыру нүктесі. Жоғалту — біреу үшін азап, ал біреуге — шынайы бақытқа жол ашады. Қиындық — біреудің үмітін сөндіреді, ал біреудің рухын оятады. Сол себепті өмірдің мәні — басыңнан не өткергеніңде емес, сол өткергендерге қандай мағына жүктегеніңде. Әлем — айна. Ол саған өз шындығын емес, сенің ішкі шындығыңды көрсетеді. Жүрегің тыныш болса — әлем де саған тыныш көрінеді. Жүрегіңде алай-дүлей сезінсең. әлем жойқын дауылға айналады. Өмірдегі жағдайларға, оқиғаларға мағына беріп, оларды жүрекке жақын немесе жат ету — тек өзіміздің таңдауымыз. Жүрегің тазарса — әлемің жарқырайды. Жаның тазарса — өмірің нұрға бөленеді. Өзіңмен тату болсаң — ешкімге жау болмайсың. Барлығы (жақсылық та, жамандық та) өзімізден басталады. Барлығы (нәтиже мен қорытынды) өзімізбен аяқталады. — Нарша Булгакбаев дүние, түсінік
Адамдардың қате түсінігін бөлшектеу – менің атомды бөлшектеуімнен де қиын. — Альберт Эйнштейн түсінік, Атом
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі