Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
Ілмектер: іс, күш, еңбек ету Мұхтар Әуезов
Өзіне-өзі ғашық болушылық – бұл адамның үлкен соры. Бұл, ең алдымен, өзімшілдікті, күншілдікті туғызады.
Ілмектер: ғашық, сор, өзімшілдік, күншілдік Мұхтар Әуезов
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ - деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас.
Ілмектер: отан, ана, қайрат Мұхтар Әуезов
Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады.
Ілмектер: адам, мінез, жастық Мұхтар Әуезов
Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.
Ілмектер: амал Мұхтар Әуезов
Адам көркі – ақыл.
Ілмектер: адам, ақыл Мұхтар Әуезов
Жауға – жалынба, досқа – тарылма.
Ілмектер: жау, дос Мұхтар Әуезов
Ұстаз – ұлы есім.
Ілмектер: ұстаз Мұхтар Әуезов
Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам – менің жүз ғайыбымды кісіге айтар.
Ілмектер: айып, кісі, айту Мұхтар Әуезов
Өзіне өзі ғашық болу - адамның үлкен соры, бұл ең алдымен өзімшілдікті, күншілдікті туғызады.
Ілмектер: ғашық, өзімшілдік Мұхтар Әуезов
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
Ілмектер: дәуір, тіл, адам, интеллигент, рухани, тәрбие, азамат Мұхтар Әуезов
Өнерпаз болсаң, өр бол.
Ілмектер: өнерпаз, өр Мұхтар Әуезов
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.
Ілмектер: татулық, ашу Мұхтар Әуезов
Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.
Ілмектер: азамат, сын, ерлік, елдік Мұхтар Әуезов
Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.
Ілмектер: ауыз, қол, жан Мұхтар Әуезов
Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Ілмектер: білім, білімсіз, бақ, азық Мұхтар Әуезов
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
Жолдасын таппаған ер азады,
Ілмектер: жолдас, ер, басшы, ел Мұхтар Әуезов
Басшысын таппаған ел азады.
Іздессең – табарсың, алыссаң – аларсың
Ілмектер: іздеу, табу, алысу, алу Мұхтар Әуезов
Қызғаныш – құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.
Ілмектер: қызғаныш, құрт, ауру, азап, от Мұхтар Әуезов
Тумай жатып – толдым деме, толмай жатып – болдым деме.
Ілмектер: толдым, болдым Мұхтар Әуезов
- Мағжан Жұмабаев
- Мағжан Жұмабаев
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі