Қызғаныш – құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты. Ілмектер: қызғаныш, құрт, ауру, азап, от Мұхтар Әуезов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қызғаныш – құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.
Әйел - үйдегі ырысың, Ұл - айбарлы қылышың. Қыз - түздегі өрісің, Келін - кеңейген тынысың. Олақ - міншіл, Қызғаныш - күншіл. Сырғақ - сыншыл, Бос сөз - былшыл. — Ескелді би Жылгелдіұлы ырыс, әйел
Өзiңе тiлемеген жамандықты басқаға да тiлеме. Өзiңе iстеген жақсылықты басқадан қызғанба. — Мағжан Жұмабаев тілек, жамандық
Мақтау мен масаттану — даусыз мойындаудың күнгей беті де, күндеу мен қызғаныш — көлеңке беті. — Әбіш Кекілбаев мақтау, масаттану
Өз тағдырына риза болмағандар басқаның бақытын қызғанады. — Бальтасар Грасиан көре алмаушылық, іштарлық
Қызғаныш - таза мөлдір сезім. — Ілияс Есенберлин қызғаныш, сезім
Қызғаншақтық — кең дүниені тар еткізетін кесел. Өз мінезінен өзі құса болған қайғыдан жаман қайғы жоқ. Ол адамды іштен жегідей жейді. Бір кездегі денелі салмақты жас жігіт, енді күжіреген, қас-қабағы түнерген, ашулы кісіге айналады. — Ілияс Есенберлин қызғаныш, мінез
Қызғаншақтар үнемі дүрбімен қарайды, ол кішкентай нәрсенің үлкен нәрсеге, ергежейлілерді — алыптарға, жорамалды — шындыққа айналдырады. — Мигель де Сервантес қызғаныш, қызғаншақ
Қызғаныш — құрт ауру. Ол мыс қазандай қайнайтын азап оты. — Мұхтар Әуезов қызғаныш, ауру
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі