Ескелді би Жылгелдіұлы — нақыл сөздері, ойлары және өмірбаяны

Ескелді би Жылгелдіұлы нақыл сөздері, ой-толғамдары және автор туралы қысқаша мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың дәйексөздері, өмірбаяны және басқа бөлімдеріне апаратын ішкі сілтемелер бір жерде жинақталған.

Автор туралы

Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған Ескелді би — күллі қазақ халқына қауіп төнген ХVIII-ғасырда ел қорғаған ерлердің бірі. Ол өзінен екі жас кіші Балпық әулиемен, Қабылиса сияқты әрі ақын, әрі батырмен, қол бастаған Орақ батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы жойқын жорықтар жасап, елінен, жерінен айырылып босып кеткен жалайырлардың басын құрап, Жетісу өлкесіне қоныстандырған тарихи тұлға.

Автордың бөлімдері

Нақыл сөздері

Жарияланған материалдар

Әйел - үйдегі ырысың,
Ұл - айбарлы қылышың.
Қыз - түздегі өрісің,
Келін - кеңейген тынысың.
Олақ - міншіл,
Қызғаныш - күншіл.
Сырғақ - сыншыл,
Бос сөз - былшыл.

Ілмектер: ырыс, әйел, ұл, қыз, келін, қызғаныш, сын Ескелді би Жылгелдіұлы
WhatsApp Telegram