Өлең, жыр, ақындар

Критериалды бағалаудың тиімділігі

Ақмола облысы, Есіл ауданы

Свободный ауылы "Свободный орта мектебінің"

Тарих пәнінің мұғалімі: Тоқтархан Сұңқар.

 

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша

Күні: 20.01.16ж.

          № 3 Коучинг

Сабақтың тақырыбы:

     Критериалды бағалаудың тиімділігі

 

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 

Жалпы мақсаттары:

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау теориясын сабақта қолдануға үйрету, критериалды бағалаудың тіміділігін көрсету.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

 Мұалімдер критериалды бағалаудың тиімді  әдіс–тәсілдерін меңгеріп,оларды сабақ барысында тиімді пайдаланады.

Пайдаланған әдіс тәсілдер

1.Тренинг                   2. Топтық жұмыс

3. Жеке жұмыс          4. Кері байланыс

Қажетті құралдар

Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер

Коучинг  сессия өткізу кезеңі

Уа- ты

      Коучтың  іс-әрекеті

Мүғалімдердің  іс-әрекеті

Психологиялық ахуал

Тренинг

3 мин

Мұғалімдермен амандасу.

Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.

Ортаға шығып, бір-бірлеріңіздің  арқаларыңызға жабыстырған ақ қағазға тілек жазасыздар

   Музыкамен билеп жүріп арқаларындағы қағазға тілек жазады.

Топқа бөлу

1-топ «Формативті»

2-топ «Суммативті»

1 мин

Суреттер арқылы топқа бөлу (формативті смайликтер салынған сурет, суммативті 4,5,3 сандардың суреті)

Мұғалімдер суреттер арқылы екі топқа бөлінеді.

     

 

 

 

 

        Білу

 

 

 

 

 

 

4 мин

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. Интертақта арқылы қосымша мәлімет көрсетемін.

Білім сапасын көтерудің  бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе-оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.

Критериалды бағалаудың  екі түрі бар - жиынтық және қалыптастырушы.

Жиынтық бағалау-оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қортындыларын шығару.

Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің  басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамассыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесімен танысады.

 

 

 

 

Өздеріне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады.

 

Өздеріне белгілі мәліметтерімен топта  талқылап отырады

  

 

       Түсіну

 

 

8 мин

 

Екі топқа бір бір оқулық беремін

 

Қадағалаймын

,

Мұғалімдер сол оқулықтан тапсырма дайындайды, сол тапсырма бойынша бағалау критерийн жазады да, тапсырманы  қарсы топқа береді.

 

Екі топ та берілген  тапсырмаларды орындайды. Бағалау критерийлері арқылы  бір-бірінің тапсырмаларын бағалайды.

 Жеке жұмыс

5 мин

Мұғалімдерге А4 парағын   тарату

Тапсырма, аттың суретін салу

Бағалау критерийлерін жазу.

  1. Суреттің параққа орналасуы
  2. Суретті ұқсата білу
  3. Сыни ойдың болуы

Берілген тапсырма бойынша, бағалау критерийлеріне сүйене отырып сурет салады

 

Теориялық материалдар

5 мин

Бағалау  туралы презентация көрсетемін. Материалдар беріп таныстырамын.

Ашық сұрақ қоямын:Сіз сабаққа қалай қолданар едіңіз

Мұғалімдер бағалаудың не екеін, оның түрлерімен, қолдану тиімділігі туралы материалдармен  танысады.

Бекіту

3 мин

Дискуссиялық өрнек

Кестесін таратып беремін

Кестені  толтырады.  

7. Кері байланыс

2 мин

2-жұлдыз,1 тілек

 

 


Пікірлер (8)

Жанар Кусаинова

Коучинг жақсы құрастырылған, тартымды, тек бағалау туралы презентациясын бірге салғанда тіпті тамаша болар еді, рахмет!

орынгул

коучинг өте жақсы құрастырылып,құрылымы жақсы ойластырылған.Уақыт болса тағы да басқа жұмыстарыңызды салсаңыз.

муяссар

каучинг жақсы құрастырылған.

Жанаргул Кидирбаева Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылы

Өте жақсы құрастырылған.Мен бастауыш сынып мұғалімімін. Жоғары және төмен кластарға арнап ,байланыстырып кітап жазуға қалайсыз?

Маргарита

Коучинг өте жақсы құрастырылған,маған өте ұнады!

Маргарита

Коучинг сабағыңыз өте тартымды,әрі қызықты,тағы да басқа сабақтарыңыз жарияланса екен деймін!

Коучинг жақсы құрылған

Бағалау критерилері туралы ақпараттар келтірілген

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз