5 сынып
1.Сабақтың тақырыбы: Өзім туралы
2.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өзін таныстыра білуіне әсер ету және тақырып бойынша білімдерін тереңдетіп оқыту.
Дамытушылық: Оқушының ой- өрісін сөздік қорын дамыту, тілге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыны ұқыптылыққа, сыпайылыққа, зеректікке баулу.
3. Сабақтыңәдіс- тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
4. Көрнекілігі: оқулық, тақта, әңгіме
5. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа ыңғайлау, түгендеу, олармен аздаған пікір алыса отырып, сабаққа дайындықтарын сұрау.
II. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Сабақта өздерің туралы айта білуді үйрену,және деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдеріңді одан әрі жетілдіру.
III. Үй жұмысын тексеру:
IV. Жаңа сабақты түсіндіру:
Тірек сызба бойынша өзі туралы әңгімелеуді түсіндіріп өту. Оқушылар түсінгендері бойынша сызбаға қарай отырып, әр бала әңгімелеуді бастамас бұрын ойлануға уақыт беріледі, содан соң олар баяндайды
Сергіту сәті: Шеше кеше неше кесе
Сынды кеше
V Жаттығу жұмысы:
Деңгейлік жұмыстар:
3- ші деңгей. Өзіңді таныстыр. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар: бүгін, есім, оқушы.
2-ші деңгей: Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар; қазір, үй, ұнатамын.
2-ші тапсырмаға диалог құрастыру.
Сынып, даңғыл, көше сөзін буынға бөліп сипаттап беру.
1-ші деңгей : Танысу тақырыбына әңгіме құрастыру.
Қазақ тілі фонетикасы мен орыс тілі фонетикасын салыстыру, өз ойларын жазбаша түрде жеткізу.
Тірек сызбаға қайта оралу: Сызба бойынша диалог құру.
Сенің аты –жөнің кім?
Менің атым Дима.
Сенің туған жылың қашан?
Менің туған жылым 1996ж
-----------------------------------
---------------------------------
VI.Сабақты қорытындылау: Құрған диалогтарын оқыту
VII. Бүгінгі сабақ не жайлы болды? Сұраққа жауап алу.
VIII. Үйге тапсырма: Өзі туралы монолог айту.
IX . Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі