Ақмола облысы
Шортанды ауданы
Новокубанка орта мектебінің
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:
Шаривхан Алтынгүл
Тақырып: Достық қымбат өмірде
Сынып: 1
Құндылық: Дұрыс іс-әрекет
Қасиеттер: Қарым-қатынасты бұзбау, жанжалдаспау, достыққа адал болу.
Мұғалiм: Шаривхан А Cынып 1 Оқушылар саны
Сабақ мақсаты: Оқушыларға шын достар арасындағы қарым-қатынастар туралы түсіндіре отырып, дұрыс іс-әрекет құндылығының мағынасын ашу. 1. Білімділік: балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету; 2. Дамытушылық: жанжалдаспау қаситетін, өзара көмек беру қарым қатынастарын дамыту; 3. Тәрбиелік: татулыққа, достыққа, адал болуға тәрбиелеу.
|
Ресурстар: Әдістемелік құрал, ғаламтор,оқулық, дәптер, суреттер, музыка, мультфильм |
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Топқа бөлу 5 Т ережесін еске түсіру Тыныштық сәтi. №1 Нұрға бөлену. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың дәптер бетіне өз досына арнап салған суреттерді мадақтап,көрме ұйымдастыру. |
Сабақ барысын талқылау: музыка |
3. Дәйексөз. "Нағыз дос қиындықта танылады" Халық даналығы Нағыз дос қандай болу керек? Достың нағыз дос екенін қандай жағдайлардан көруге болады? |
Мағынасын ашу, талдау, оқушылардың ойларын тыңдау |
4.Әңгiмелеу. Қарлығаш пен дәуіт /ертегі/
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады. Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» - дейді. - Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жок, - дейді көкек. Қарлығаш ұшып қарғаға келеді. - Қарғажан, маған көмек бере ғөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып. Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан: - Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! - дейді маңғазданып. Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Қарлығашқа дәуіт кездеседі. - Достым, неғе жылайсың? - деп сұрайды ол қарлығаштан. - Ұлы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады. - Олай болса, мені тезірек жеткіз, — дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді. Дәуіт ұяға жетіп жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады. Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен. Талқыланатын сұрақтар: 1 сұрақ. Қарлығаштың басына қандай іс түсті? 2 сұрақ. Не себепті көкек пен қарғаны нағыз достар деп атауға болмайды? 3 сұрақ. Егер сендерден достарың көмек сұраса қайтер едіңдер? 4 сұрақ. Нағыз достықтың мәні неде деп ойлайсыңдар?
5.Мұғалімнің сыйы: Ойын: «Мен қандай баламын?» Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына Мен деген сөз жазылады. Алдын ала оқушылар санына сәйкес қағаздан жасалған күннің шуағы тәріздес жолақтар таратылады.Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін айтып, шуақты тақтаға кезекепен іліп отырады. Тақтада жақсы қасиеттерге толы үлкен күн құрастырылады. |
Қарлығаш пен Дәуіт мультфильмін көрсету, ертегіні түсіндіру
Ойын: «Мен қандай баламын?» |
6 . Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 4 топ Балалар суреттерге қарап, «Суреттегі кейіпкерлер бір-бірімен қайткенде достаса алады?» деген жағдаяттардың шешімін табуы тиіс. Суретте өздеріне таныс, мультсериалдардан көріп жүрген кейіпкерлер берілген. Олар үнемі бір-бірімен түсінісе алмай, бір-бірімен келісімге келмей, шым-шытырық оқиғаларға тап болып, кашан көрсең де бірін-бірі куып, бір-бірімен алысып жүретін кейіпкерлер.. Ендеше, балалар осы кейіпкерлерді достастырудың амалдарын тапқандары дүрыс. Оқушылар жағдаяттардың шешімін топпен бірлесіп іздестіріп, шешеді. Балалар өз шешімдерін жария етеді. Әр топқа бір суреттен беріледі. |
Жағдаяттарды талдау |
7.Үй тапсырмасы. Оқушыларға өз досы туралы әңгіме құрып келу тапсырылады. /ауызша/ |
|
8.Топпен ән айту. Біз - өмірдің гүліміз Сөзін жазған Ә. Дуйсенбиев Әнін жазған Б. Ғизатов Зеңгір көктен, Нұрын төккен, Ортақ біздің күніміз. Жайнап өскен, Жайдары өскен, Біз өмірдің гүліміз. Бал достыққа, Жолдастыққа, Шақырады әніміз. Тыныштықта, Нұр құшақта, Бақыттымыз бәріміз! |
|
Соңғы тыныштық сәтi. Мұғалімнің сөзі: Көздеріңді жұмыңдар, бойларыңды еркін ұстаңдар, көз алдарыңа өз достарыңды немесе достасқыларың келетін адамдарды, олармен өткізген жақсы сәттеріңді естеріңе түсіріңдер. Осы жақсы сезімдеріңді жүректе сақтаңдар, достыққа берік болыңдар. Көзімізді ашамыз, бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Рахмет. |
№1 Нұрға бөлену. Музыка |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі