Өлең, жыр, ақындар

Жуан дауыстылар. Сиыр. Ақбұзау

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Сағыз селосы

№ 9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Сағынова Айнур

 

    Сабақтың тақырыбы:  Жуан дауыстылар. Сиыр. Ақбұзау

    Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жуан дауысты дыбыстар туралы түсінік беру. Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы үй жануарларының адам өміріне пайдасын ұғындыру.

Дамытушылығы: Сөйлеу әрекеттерін, ой-өрісін дамыту, берілген сұраққа тиянақты жауап беру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелілігі: Сауатты, таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ж.Смақов суреті, интерактивтік тақта.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, семантикалық карта, синквейн әдісі.

Түрі: жаңа сабақ.

Жүрісі:

I. Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық  

Балалар сендер кімсіңдер? (Оқушылар)

Қандай уәде бересіңдер?

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер,білім  көп оқып,

Өсе берсін санамыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

«Боз бие» өлеңін мәнерлеп оқу

III. Бекіту

- Біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?

- Төрт түлікке нелер жатады?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыстарды ата

- Дауыссыз дыбыстарды ата

IV. Қызығушылықты ояту «Ойлан, тап» кестесімен танысу

Енді балалар мына кестеге қарайық. Бізге мысалдар берілген. Осы мысалдарды орындап, жанындағы әріпті мысалдың жауабы қанша шықса, сол номердегі тор көзге апарып жазамыз.

1  

2   

3  

4   

 

 

 

 

Н      2+2

Ж      7-1                                                                       

У       3-1

А       9-6

V. Жаңа сабақ

Жұмбақ

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш сияғы бар. (Сиыр)

VI. Мағынаны тану

28-жаттығу 1.Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар. Көркем жазу                        

            Сиыр

Мінезім-жайлы сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Сырымды менің ұғып ал:

Етім-дәмді, сүтім-бал.

2. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды табыңдар.

VII. Сергіту сәті:

Бір, екі, үш,

Қарлығаш болып ұш.

Төрт, бес, алты,

Қарлығаш боып қалқы.

Жеті, сегіз, тоғыз, он

Қайта орныңа қон.

29-жаттығу 1.Сөздерді оқыңдар.

Сүт, айран, қаймақ, кілегей, май, құрт, ірімшік

2. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды теріп жазыңдар.

VIII. Семантикалық карта

Сөздер

Жуан дауысты дыбыс

Сүт

 

Айран

+

Қаймақ

                     +

Кілегей

 

Май

                    +

Құрт

                    +

Ірімшік

 

IX. Суретпен жұмыс

- Суретте кімді көріп тұрсыңдар?

- Баланың жанында кім бар?

- Бұзау ненің төлі?

Ж.Смақов «Ақ бұзау»

Ж.Смақов (1932-1975) бұрынғы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Ынтымақ деген жерде дүниеге келген. Ақынның алғашқы өлеңі «Пионер» журналына шыққан.

«Ақ бұзау» мәнерлеп оқу

Ақ бұзауым ұнайды,

«Мө-мө» деп сүт сұрайды

Ақ бұзауды бағамын

Апамнан алғыс аламын.

Келеді өсіп күн санап,

Қоямын ба тұмшалап.

Тұмсығын созып қарайды,

Тілімен мұрнын жалайды.

X. Синквейн әдісі

1. Не?

2. Не істейді?

3. Қандай?

4. Сөйлем

5. Синоним

XI. Қорытынды

Ойын «Тез ойла, сөз ойла»

ЫЗҚО

УБАЗҰ

XII. Үйге тапсырма

«Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқу

28-жаттығудың 3 тапсырмасы

XIII.  Бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз