Шатенова Сафура Ералықызы
Жезқазған қаласы №1 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу.
Мақсаты: а) Оқушыларға екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу әдіс тәсілдерін үйрету.
Ә) оқушылардың ой өрісін, математикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын молайту.
Б) Оқушыларды ұқыптылыққа , шапшаңдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: схема, сызбалар,(бәйшешек суреті)
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың тақырыбы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2.Топқа бөліп таныстыру
І топ. «Тұлпар» тобы
ІІ топ. «Қыран» тобы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-Үйге қандай тапсырма берілді?
№4. 4 жолды 4 оқушыға оқытып, жауабын ғана атату, ал бақылауды, жауабының дұрыс-бұрыстығын тексеріп отыруды өзге оқушыларға ескерту. Жауабын оқыған әр оқушыдан амалдардың орындалу ретін сұрау.
ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру
Жалпы оқушылардың өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру.
ІV. Жаңа білімді саналы, белсенді игеруге даярлау кезеңі.
-Біз өткен сабақта екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейтуді үйрендік
-енді көбейтудің кері амалы қандай амал еді?
-Иә (бөлу).
-Ендеше, бүгін біз екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейтуді үйренеміз. Ол үшін өзіміздің есепке қаншалықты жүйрік, қырағы екнімізді байқап көрейік.
(Ауызша)
964 санына қарағанда ондықтардың саны 3 есе кем санды жаз. Осындай неше сан жазуға болады.
2-тапсырма. 2 топқа -есе арттыр десе не істейміз?
-есе кеміт десе не істейміз?
В)-Әр топ өткен сабақтықайталап, бүгінгі сабаққа байланысты әр бала дайын отырады
І топ тапсырмасы ІІ топ тапсырмасы
V. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
-Осы қай мезгіл? Көктем
-Көктем екенін қалай сезіндіңдер? Күн жылынды.....
-Ендеше,біз күннің тапсырмасын орындасақ күніміз шайдай ашылып шапағын төгеді
а)Оқулықпен жұмыс
№3. Қолайлы қосылғыштарға жіктеу арқылыекі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлуді пайдаланып түсіндіре отырып, әр топ бірігіп, жұптасып жұмыс жасаймыз осы тапсырманы дұрыс орындайық
1.Мұғалімнің түсіндіруі:
38:2=(20+18):2=20:2+18:2=10+9=19
І топ тапсырмасы: 48:3= 16
ІІ топқа: 65:5= 13
Тапсырманы орындарында отырып орындап, әр топ өз жұмыстарын оқиды. Егер тапсырма дұрыс болса, күн нұрын шашып жылылыққа ие боласыңдар
№4 Математикалық диктант
а) 527-ге 24 және 3 сандарының көбейтіндісін қос. 572-72 =500
б) 807-ден 85 және 5 сандарының бөліндісін азайт. 807-17= 790
в) 8 және 3 сандарының көбейтіндісін 5 есе арттыр. 8*3*5 =120
г) 18 және 4 сандарының көбейтіндісін 9 есе кеміт. 18*4:9=8
-Алда қандай мереке келе жатыр?
-Наурыз мерекесі қандай мейрам? (Жаңа жыл)
-Наурыз мерекесін кімдер тойлайды? (мұсылман халқы)
-Не үшін 22 наурызды тек мұсылман халқы тойлайды?
Басқа ұлттар өзіміз жылдың ауысуын жаңа жыл деп тойлағанымыздай, 1 қаңтарда тойласа, біздер күн мен түннің теңелуіне байланысты және тіршілік атаулының көктемде жаңадан тіршілікке енуіне байланысты 22 наурызда тойлаймыз.
-Наурыз қандай сөзден шыққан?
-Наурыз «навруз» деген парсы халқының тілінен аударғанда «жаңа күн» деп аталады
-Наурызды қай күннен бастап тойлаймыз?
- 22 наурызда тойлағанымен, жалпы наурыз мерекесін тойлауды 14–інде бастайды.
Ол күнде жақындап қалды. Наурызда қандай ұлттық тағам жасалады?
-Ендеше,Наурыз көже жасайық. Ол үшін мына тапсырмаларды орындайық.
№5тапсырма. Мұны орындамас бұрын уақыт, ұзындық өлшем бірліктерін еске түсіріп алайықшы.
-Уақыт өлшем бірліктерін ата.
- 1сағатта неше минут бар? т.б.
-Ұзындық өлшем бірліктерін ата.
- 1дм-де неше см бар? т.б.
-Ауыр салмақ өлшем бірліктерін ата.
-1ц-де неше кг бар?
60 см – 35 = 25 (сүр ет) 1м 60см - 96см= 64 (тұз)
3 тәул. – 58 сағ = 14 (май) 28дм 3см – 154см = 126 (бидай)
3сағ – 96 мин = 84 () 2ц – 36кг = 164 (қамыр)
1-ші тағамды табу үшін мұғалімнің тапсырманы ортақ беру.
Жұмбақ жасыру.
-Наурыз болғаннан кейін ұлттық ойын ойналады. Қандай ұлттық ойындарды білеміз?
Қазір ұлттық ойынның бірін ойнайық.
№7
-Наурызда бізге кім келетін еді? (Қыдыр ата)
Қыстағы жаңа жылды қашан қарсы алдық (1 қаңтарда). Онда Аяз ата ақшақармен келсе, бүгін бізге Қыдыр ата келді. Ендеше,Қыдыр атаның батасын алу үшін мына тапсырмаларды орындайық. Оқулыққа қараймыз.
Барлығы- 84 Ш: 84: 7=12 (к)
Тең бөлді- балаға
Әр бала-? К
-Көктемде алғаш шығатын гүлдерді атаңдаршы.
*Бәйшешек пен жауқазын тапсырмасы. Қай топ 1–ші орындаса, сол топ аталған гүлге ие болады.
№9
І гүлшоқта-39т Ш: 39:3=13(Пг) 39+13=52(2г) 52: 4=13(Пг)
ІІ гүлшоқта-? Т 39+13+13=65(г.ш)
ІІІ гүлшоқта – 4есе кем
№10
«Бәйге» ойыны. Қай қатар 1-ші орындаса, оза шауып келген топ бәйгені қанжығасына байлайды.
І топ ІІ топ
24:2= 36:3= 44:1= 55:5=
39:3= 48:4= 88:4= 69:3=
42:2= 48:2= 96:1= 77:7=
-Қыдыр атаның батасын алу үшін тапсырмаларды жақсы орындап шықтық
-Қыдыр атаның батасын тыңдайық.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі