Утегенова Бахытжан Амановна
Үлкен кенті
Жамбыл ауданы
Алматы облысы
Бастауыш сынып мұғалімі
Жоғары санатты білікілік
Сабақтың тақырыбы: Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру.
Сабақтың мақсаты:
1)жалаң және жайылма сөйлем туралы берілген білімді кеңейту,бекіту.Сөйлемнің жалаң,жайылма болып бөлінуі тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
2)ауызша,жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын,байланыстырып сөйлеу қаблетін арттыру.
3)іздемпаздыққа,ұқыптылыққа,сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі : кесте,үлестірмелі қима қағаз,тірек сызба,мақал мәтел.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Қорыту: а)сұрақ -жауап
IY.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабақта біз жалаң және жайылма сөйлем жайлы ұғымымызды бекітіп,кеңейтеміз.
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру дағдыларымызды арттырамыз.
Екі топқа бөлінеміз. Білгірлер Тапқырлар.
Көркем жазу Мезгіл
Бастар оңына жол
Екі жылға созылады ол
Басы да сол
Жаіа жылдың,
Ескі жылдың
Соңы да сол. Қыс.
Ққ сөйлем құрау,жазу,жалаң,жайылма екенін анықтау.
Қайрат қарады.Қара қарға қарқылдады.Қанат қалың қарға құлады.
1. тапсырма. Тірек сызбамен жұмыс:
Б Т
Сөйлем Бастауыш Баяндауыш
Х С Л Тұрлаулы мүше
Жалаң Жайылма Тұрлаусыз мүше
2. тапсырма.
Жалаң сөйлемнен жайылма сөйлем жасау.
Жаңбыр жауды. Марат оқыды. Әли келді. Жел соқты. Ұшақ көтерілді.
Жайылма сөйлемнен жалаң сөйлем жасау.
Айман доппен ойнады. Мал өрістен ерте келді. Күләш суды құдықтан әкелді. Күн көктемде жылынады. Жанар мектептен келді.
3. тапсырма.
Сызба бойынша сөйлем құрау.
Сөйлем бойынша сызба сызу.
Құстар келді. Өзен суы тасыды. Мал өрістен ерте келді.
4. Тапсырма.
Шығармашылық жұмыс. Керекті сөздерді қойып, жалаң жайылма сөйлемдерді анықтау.
(Кім ?) балаларды оқытады ? (Не ?) жапалақтап жауды ? (Кім ?) сурет салады? (Не ?) мөңіреді. Малды (кім ?) бағады.
Үйді (кімдер ?) салады. (Кім ?) егін егеді. (Кім ?) балаларды емдейді. (Не ?) маңырайды. Балықты (кім ?) аулайды.
5. тапсырма. Мақалмен жұмыс.
Отан от басынан басталады.
Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Білім - жанып тұрған шырақ.
V. Қорыту
Дидактикалық ойын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі