Өлең, жыр, ақындар

Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

К.Мыңбаев ЖОББМ-нің

тарих пәнінің мұғалімі: Ханнанов Рустем Расильевич.

6 сынып Ежелгі қазақстан тарихы, 2-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы                  

Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан

Сабақтың  жалпы мақсаты

 1. Ерте темір дәуіріндегі орталық қазақстанда өмір сүрген тайпалар туралы тарихи   деректерді біледі.

 2. Сарыарқа даласындағы ескерткіштердің орналасыуын және өзіне тән ерекшеліктерін  түсінеді.

 3. Орталық Қазақстан тарихы туралы тың мәліметтерді жинақтап, тарихи баға бере алады.

Әдіс-тәсілдер

 Блум таксономиясы, диалог, ОүБ, жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Миға шабуыл» әдісі.

Күтілетін нәтижесі

 Оқушыларда ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан туралы түсінік қалыптасады.  Түйінді ой қорытынды жасайды. Тарихи деректерді өздігінен ізденеді, картамен жұмыс жасауға дағдыланады.

Түйінді идея

Нақты ойлау арқылы ой қорыту

Уа-қыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер,  көрнекілік-тер

 

1

7 мин 

  Топқа бөлу.

  Үй тапсырмасын сұрау

  Миға шабуыл сұрақтары.

  1. Сарматтарда әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік болғаны неден көрінеді?

  2. Әскери демократияның мәні неде?

  3. Тұрмыс деген ұғымға не кіреді?

  4.Сарматтардың әсемдік заттарын ата?

  5. Сарматтардың ыдыстарында  кейінгі қазақ ыдыстарымен  ұқсастық барма?

  6. Сарматтардың негізгі және қосымша шаруашылығы. Атаңдар?

  7. Сармат ескеркіштерінің негізгі белгілерін атаңдар?

Геометриялық фигуралардың қималары арқылы топқа бөлінеді

Слайд

 

2

2 мин

  Жаңа сабақтың тақырыбын тарихи мозайка арқылы анықтау.

  «Қазақстан, темір,ерте, орталық, дәуіріндегі»

Оқушылар сөздерді дұрыс қою арқылы жаңа тақырыпты табады.

Суреттер

3

1 мин

 

Электорндық оқулықтан үзінді көрсетіледі.

 

Оқушылар электрондық оқулықтан көрсетілген видеоны тыңдайды

Электрондық оқулық

4

8 мин

  «Кімдер жүйрік» ойыны - деңгейлі сұрақтарға жауап беру. (бағдаршам көзі:сары , жасыл)

  1.Сарыарқы ұғымы нені білдіреді?

  2.Сарыарқа қандай аймақтармен шекараласып жатыр?

 

Екі топ оқушылары слайд арқылы көрсетіліп тұрған жасыл мен сары домалақты таңдап, арғы бетіндегі сұрақтарға жауап береді.Сұраққа жауап беру үшін мәтінмен жұмыс жасайды оқулықтағы бірінші тақырыпша бойынша «Сарыарқа-ұлы дала»

Слайд,оқулық

5

17мин

  «Брейн-ринг»оқытып үйрету ойыны (слайдтта 4 дөңгелектің бірі тандайды)

 1. Орталық Қазақстанның ежелгі тұрғындары ?

 2. Орталық Қазақстан тұрғындары туралы кімнің деректерінде кездеседі?

 3. Исседондармен көршілес тұрғындарын  ата?

 4. Дала тұрғындарының негізгі шаруашылығы?

 5 .Жылы күнді «қолдан » ұзартты дегенді қалай түсінесіңдер?

 6.Көшпелі шаруашылыққа тән өмірді сипаттап беріңдер?

 7. Орталық  Қазақстанның жер аумағы шамамен қандай?

 8. Орталық қазақстанға тән мәдениет?

 9. «Мұртты қорғандардың» ролі қандай?

 10. Тасмола мәдениеті қай өңірден табылған?

 11. Мұртты қорғандарды сипаттап беріңдер?

Екі топ оқушылары слайдтағы 4 үстел (қызыл, сары, жасыл, көк) бойынша деңгейлік тапсырмаларға жауап беруде тақырып бойынша «Сарыарқа тұрғындары», «Шаруашылығы», «Ерте темір дәуіріндегі ескерткіштері» атты тақырыпшалармен жұмыс істеп отырып жауап береді

слайд

6

7 мин

 

Тест арқылы бекіту

 

Таратпа тестерге оқушылар жауап береді

А-4 қағаз

7

3 мин

«Ынталандыру сендвичі»  арқылы топтар бір-бірн бағалайды. «Бағалау парағы»  арқылы өзін-өзі бағалайды.

 Көңіл- күй Рефлексиясы
«Күн» ӘДІСІ

Үй тапсырмасы: Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан. Жұмыс дәптері 1,2,3, тапсырма орындау.

Оқушылар стикерге «позитивті ұсыныс,не ұнады», «конструтивті сын,нені жақсарту керек және оны қалай жақсарту керек» , «позитивті ұсыныс:маған ұнады бірақ келесіде....»сұрақтарына жауап жазады. Стикерді плакатқа салынған ақ желкенге апарып жапсырады.

Стикерлер, сендвич суреті.

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз