Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Раздольный орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Бейлхан Лена
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: "Дос және достықтың сыры неде?"
Мақсаты:
1. Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгілері туралы түсінік беру;
2. Оқушыларды өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын, пікірін жеткізе білулеріне көмектесу;
3. Оқушыларды достыққа адал болуға, шыншылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Түрі: Тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Көрнекілігі: интереактивті тақта, нақыл сөздер,сызбалар.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау страегиялары, сұрақ-жауап, ой бөлісу.
Көрнекілігі: безендірілген сынып, нақыл сөздер, интерактивті тақта, слайд.
Өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі. Бастауыш сынып оқушыларын 2 топқа бөліп отырғызу.
Психологиялық дайындық. Танысу тренингі.
Шаттық шеңбері:
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Қайырымды боламын!
ІІ.Негізгі бөлім. 1. «Кел, ойланайық, пікірлесейік!»
- Достық туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
- Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
/Оқушыларды тыңдау/.
Мұғалім:
- Олай болса бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың тақырыбы - «Дос және достықтың сыры неде?» деп аталады.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен:
- Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
- Достықтың 2 түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі-амал достық, -дейді.
- Дұрыс–ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық-өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер?
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады. Олар бір-бірінің қуанышында да, сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады. Олар бір-біріне шынайы болмайды. Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.
2. «Ғажайып сөздер». 3 сынып оқушылары:
1-оқушы: Достық-ізгі ниетті адамдардың бір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп, ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы. Достық ізгі қасиет.
2-оқушы: Достықтың нәрі оның қадіріне жете білу. Достық киелі ұғым.
3-оқушы: Жаны таза, жүзі жылы, жөні түзу, ақылды, парасатты болу- нағыз достықтың белгісі.
4-оқушы: Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.
5-оқушы: Адал достық-өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа.
6-оқушы: Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады.
Мұғалім:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. Ел арасында айтылатын мына бір аңыз есімізге түседі.
3 сынып оқушылары: Көрініс: «Екі дос». Ертеде, елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Кенет тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр, күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскері оны бас салып ұстап, тұтқынның сұрауымен қолбасына алып келеді.
Жігіт қолбасына:
— Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек өмірімді ғана бере аламын. Өмірімді алып, досымды босатыңдар, — деп өтінеді.
Қолбасы:
— Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, — дейді оған.
— Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, — дейді жігіт.
Жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады.
Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе жатқан екен.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екен» деп шешіп, әскерлеріне шегінуге бұйрық берген дейді.
Досының өмірі, бостандығы үшін ер жігіт көзінен айрылғанына қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына риза. «Дос – қияметтік» деген сөз осындай қасиеттің көрінісі ретінде қалса керек.
3. Топтармен жұмыс.
1). Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың суретін салайық. Сосын сол бойынша түсіндірейік.
Мысалы: Достық-адамдар арасындағы байланыс.
1-топ- қыран бүркіт пен тудың; 2 – топ – отбасының және балалардың суреттерін салды.
Мұғалім: Достық-аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдызды да, гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды. Достық адамды асқақтатады.
2). Жағдаяттар шешу.
*Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. Екі күн болды сені көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр. Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды. Сен оны көргенсің. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің?
3). «Алақан» тренигі.
Хор: «Дос болайық бәріміз» әнін оқушылар бәрі орындайды.
Мұғалім:
- Дос қандай болу керек? /Топтастыру/ (Әділ, адал, шыншыл, шыдамды, сенімді, мейірімді, батыл, т.б.)
/Оқушыларды тыңдау/
4). 5 жолды өлең құрау.
1. Дос
2. Адал, сенімді.
3. Көмектеседі, құтқарады, сыйлайды.
4. Достар мақсатқа бірге жетеді.
5. Жолдас.
ІІІ.Қорытынды бөлім.
- Сонымен, дос деген кім?
Шарты: Бір сөйлеммен айту.
Сыр бөлісетін адам. Мені өте жақсы түсінетін адам. Сенімді адам, т.с.с.
Мұғалім сөзі:
Ендеше, сенімді, адал достарыңыз көп болсын, Қорыта келгенде, менің сіздерге айтарым:
Достықты қадірлей біліңіздер, досыңның кемшілігін кешіре біл. 100 сом ақшаң болғанша 100 досың болсын дегенді ұмытпайық!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі