Өлең, жыр, ақындар

Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

Оңтүстік Қазақстан облысы

Бәйдібек ауданы

О.Орманов атындағы жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі: Кемелова Гүлмира

 

Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жуан және жіңішке айтылатын сөздерді түсіндіру, меңгерту.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мозайка қиындылары конверт, плакаттар, кеспе 42 әріптер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу

2. Оқушыларды түгендеп, оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Шаттық шеңбері

Оқушылар бір-біріне бүгінгі күн сәтті өту үшін, көтеріңкі көңіл күймен бастау үшін тілектер және сәттіліктер тілейді.

ІІІ. Мозайка қиындылары арқылы топқа бөлу. Оқушылар мозайка қиындылары арқылы топқа бөлінеді.

1-топ. «Өнер»

2-топ. «Көк аспан»

3-топ. «Білім»

Әр топ өздерінің топтарының атын, ұранын айтады.

ІV. Үй жұмысы.

41-жаттығу. Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрату. Шешуіндегі сөзде У дауысты ма, дауыссыз ба? екенін ауызша айту. У дыбысының қай жерде дауысты қай жерде дауыссыз болатынын сұрау.

V. Жаңа сабақты түсіндіру

Әрбір оқушыға бір бір конверт беру. Конверттің ішіндегі жүректі алып, сұрағын оқиды. Жауап берген оқушылар тақтаға жапсырады.

43-жаттығуды орындау. Мақалды көшіріп жазып, жуан айтылатын сөздерді табу.

44-жаттығуды орындау. Дәптермен жұмыс. Берілген үйшіктегілерге қатысты сөздерді атау. Сол сөздердің қайсысы жуан және жіңішке екенін айту.   

Ой қозғау.

 

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды екі үйшіктің қайсысына салатынын қадағалау. Дауысты дыбысты қызыл үйшікке, дауыссыз дыбысты көк үйшікке салу.

Ой толғаныс.

Серпілген сауал ойыны.

Оқушылар бір біріне қарама қарсы тұрып,допты сұрақ қойып лақтырады. Қағып алған оқушы жауабын айтады.

Бекіту.

«Кім жылдам»ойыны арқылы сабақты бекіту.

Үйге тапсырма беру.

Бағалау.

Пікір ағашына балалар түс арқылы стикерді жапсырады.

Мактакыз-4

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз