Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы
«Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» КММ-нің
бастауыш сынып мұғалімі Сүндетқалиева Нұржамал Жеңісқызы
Пән аты |
Дүниетану 1 сынып |
||
Тақырыбы: |
Адамдардың күзгі еңбегі |
||
Мақсаты: |
Адамдардың күз мезгіліндегі еңбек түрлері, қысқа дайындық жұмыстарының маңыздылығын үйрену. |
||
Сабақтың түрі: |
Жаңа сабақ |
||
Пәнаралық байланыс: |
Бейнелеу өнері, еңбекке баулу, өзін-өзі тану. |
||
Күтілетін нәтиже: |
А) Адамдардың күзгі еңбек түрлерін, адамға тигізер пайдасын біледі. |
||
В) Күзгі табиғат, күз мезгілінің ерекшелігін танып, білу арқылы күзгі еңбек түрлері туралы әңгіме құрап айта алады. |
|||
С) «Күздің бір күні қыстың мың күнін асырайды» деген мақалдың мағынасын өз ой- тұжырымдамаларымен дәлелдей алады. |
|||
Дереккөздер, құрал-жабдықтар
Белсенді әдіс-тәсілдер |
Дүниетану оқулығы, 1 сынып К. Аймағамбетова,Т.С. Идилова, Алматыкітап баспасы 2012 жыл, электрондық оқулық (дүниетану, 1 сынып), себеттер, жемістер, көкөністердің суреті, жіп, қыстырғыштар, күзгі киімдердің суреттері, бағдаршам, смайликтер
Ыстық алақан, галереяға саяхат, кезбе тілші, кір жаятын жіп, |
||
Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау |
«Бағдаршам», «смайлик», «кері байланыс сауалы»
|
||
Сабақтың барысы |
Уақыты |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Кіріспе
|
2 мин
5 мин
3 мин
1 мин |
Жағымды көңіл-күй қалыптастыру. «Ыстық алақан»
Үй тапсырмасын тексеру. «Галереяға саяхат»
«Кезбе тілші» «Құстардың күзгі тіршілігі»
Топқа бөлу «Күзгі өнімдерді жинау» |
Оқушылар бір-біріне ыстық тілектерін білдіреді.
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
1 оқушы шығып, оқушыларға сұрақтар қояды.
Оқушылар көкөніс пен жемістерді себетке жинау арқылы топқа бөлінеді. |
Тұсаукесер
|
2 мин |
Электрондық оқулықпен жұмыс («Адамдардың күзгі еңбегі») |
Оқушылар көргендері бойынша ойларын жинақтап, әңгімелейді. |
Негізгі бөлім
Қорытынды
Үйге тапсырма |
3 мин
8 мин.
2 мин
5 мин
1 мин
10 мин
1 мин
2 мин |
Мәтінмен жұмыс Мәтінді оқып шығамын.
Топпен жұмыс 1 топ Егіс даласындағы еңбек түрлері туралы әңгімелеу. 2 топ Бау- бақшадағы жұмыс түрлері туралы әңгімелеу.
Ойын «Күзгі белгілер» Күзгі белгілерді, басқа маусымдық белгілермен араластырып айтамын.
Дәптермен жұмыс 1 топ жеміс-жидектерді ермексазбен бейнелейді. 2 топ жеміс-жидектердің суретін салады.
Бағалау. «Бағдаршам»
«Кір жаятын жіп» Күзде ауылда қысқа дайындық қалай жүреді? Күзгі ауа райын суретте. Жүздеген қозы көгенде, ( Жүзім ) Түймедей қыз, ( Пияз ) Қызыл түсті жеміс-жидек, көкөністерді ата. Себетте 8 алма бар еді. Оның 3-еуін досыңа бердің. Себетте неше алма қалды? Жетпіс қабат жейдесі, (Орамжапырақ) Картоп сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Дөп – дөңгелек доптай, (Қарбыз) Жаңбырдың таңбасын көрсет.
«Адамдардың күзгі еңбегі» тақырыбына әңгіме құрастырып, сурет салу.
Бағалау «Смайлик»
«Кері байланыс сауалы» -Не ұнады? - Қандай ұсыныстарың бар? |
Оқушылар мәтінді талдайды.
Оқушылар топпен жұмыстанып, бір оқушы жауап береді.
Күзгі белгілерді атағанда оқушылар қол соғу керек.Сонан кейін неге бұлай екенін дәлелдейді. Оқушылар жұмыстанады.
Екі топ бір-бірін бағалайды.
Оқушылар жіпке ілінген күзгі киімдерден өзіне қажеттісін таңдап, соңында жазылған жұмбақты шешіп, тапсырманы орындайды.
Екі топ бір-бірін бағалайды.
Екі топ бір-бірін смайликтермен бағалайды. Сұрақтарға ауызша жауап береді.
|
Токашева Жамиля
Денгейлик сабагыныз аукымды . 1 -сынып окушыларымен барлык жоспарды улгере алсаныз оте жаксы деп ойлаймын.Рахмет!