Өлең, жыр, ақындар

Фигуралардың қиылысуы

      Сыныбы: 1 «а»

 Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Фигуралардың қиылысуы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға геометриялық фигуралармен қатар кесінді, түзу және қисық сызықтарды көрсете отырып, «қиылысатын» және «қиылыспайтын» фигуралар туралы түсінікпен таныстыру.                          

2.Дамытушылық: Сабақта түрлі әдіс-тәсіл пайдалану барысында оқушыларды математика сабағына деген қызығушылығын арттыру, құпия сандарды табу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін даыту. Шапшаң жұмыс істеуге бейімдеу.

3.Тәрбиелік: Математикалық тілде сөйлеу арқылы, оқушыларды математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау, ойын әдісі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен амандасу;

- оқушыларға әнұран айтқызу;

- оқушылардың назарын сабаққа аудару;

- оқу құралдарын даярлату.

Психологиялық көңіл-күй: Балалардың бәрі көздерін жұмып, мен айтқан сөйлемнің соңын хормен қайталау керексіздер:

- Сабақта біздің көздеріміз мұқият қарайды және барлығын ... (көреді)

- Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және барлығын ...(естиді)

- Миымыз өте жақсы ....(ойлайды)

Тірек білімдерін жетілдіру

Балаларға таныс геометриялық фигураларды қайталау. Ауызша есептеуге «Не өзгереді?» ойынын өткізу.

Тақтада геометриялық фигуралармен қатар кесінді, сәуле, қисық сызық шашырап орналасқан. Фигуралардың түрлерін анықтау, әр түрінен неше фигуралар қойылғанын сұрау. Дұрыс айтқандарды мадақтау.

    - Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыз фигуралардың қиылысуы жайлы болмақ.

ІІ. Жаңа сабақ.

Тақтаның бір жағына әр түрлі фигуралар (олардың ішінде фигуралармен қиылысқан сызықтар да бар) бейнеленген. Екінші жағында басқа фигуралармен қиылыспаған жеке фигуралар бейнеленген. Балалардан фигуралардың атауы сұралады.

а) Балалар, мына фигура қалай аталады (ирек сызық, ал бұл қисық сызық екеуі не істейді)

- Бірікті, қосылады.

- Балалар, бұны фигуралардың «қиылысуы» деп атайды.

ә) Балалар мына фигуралар қалай аталады.

- Бұлар қиылысама?

- Бұны «қиылыспайтын» фигуралар деп атайды.

Дәптермен жұмыс:

№2 тапсырма. Екі кесіндіні қиылспайтын және қиылысатындай етіп сызу.

№3 тапсырмада балаларды топқа бөліп жұмыс істеу және «Қай топ жылдам» ойыны арқылы есептің шешуін табу. Әрбір топқа бір есептен беріледі. 1- топтан 1- адам тақтаға шығып есепті шығарады.

1-топқа: □- 8 =1

2- топқа: □ + 2 = 6

3-топқа: 2+□ = 8

Қай топ жылдам, әрі дұрыс шығарады, сол топты жақсы бағамен бағалау.

Сергіту сәті:

Жаза, жаза қолымыз

Талып кетті көзіміз

1,2,3 бойға жинап күш

5-тік баға аламыз

Үйге қуанып қайтамыз.

 

№5 тапсырма.

Есепті толықтырып, шешуі мен жауабын табу.

а) Болғаны – 6                              ә) Болғаны - 6

Сатылғаны -2                                 Алынғаны - в

Қалғаны -?                                     Қалды- ?

Шешуі:  6-2 =4                               Шешуі: 6-в=6в

Жауабы: 4                                       Жауабы: 6в

№6 тарсырма (ауызша орындату). Берілген сызықтар бір – бірімен қиылысу мүмкін бе?

ІІІ. Білімдерін тексеру кезеңі.

Тақтамен жұмыс

1)Тақтадағы сәйкестендіру тестін орындау:

2) Тест жұмысы:

1. Ұмытылған цифрды жаз.

0...2...4

2. Сандарды салыстыр.

4  * 1

2 * 0

3  * 2

1 * 1

2 * 4

3 * 3

3. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықта.

2+1              2        1+3

3+1              3        0+2

2+0              4         1+2   

4. Қосуға кері амал құру.

2+1=                   1+3 =     2+0=

…                        …          ….

ІV. Сабақты бекіту.

- Оқушылардың сабақты меңгергенін анықтау үшін семантикалық картамен жұмыс істеу.

Семантикалық карта

V. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуына, есеп шығаруына қарай бағалау

VІ. Үй тапсырмасын беру.

144 беттегі, №4 тапсырма.


Пікірлер (5)

Айдана

рахтет өте керемет сабақ

Тоғжан

Көп рахмет !!!Өте жақсы сабақ.

Тоғжан

Тамаша сабақ.Рахмет сіздерге! 08.05.2016ж.16:56

Әлия

Көп-көп рахмет тамаша сабақ

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз