Өлең, жыр, ақындар

Өө дыбысы мен әрпі

Бастауыш сынып мұғалімі Тасыбаева А.Б

Сауат ашу: 19.11.2015 ж

Сабақтың тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Өө дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру.

2. Дамытушылық мақсаты: Мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруге үйрету.

3. Тәрбиелік мақсаты: Шыншыл болуға баулу.

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы.

Оқыту әдісі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын технологиялары.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме суреттер, әріптер, оқулық.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2) Психологиялық сәт.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

ІІ. Өткенді қайталау:

1 )Өткен барлық әріптерді қайталау.

2) «Дауысты-дауыссыз» ойыны.

ІІІ Оқулықпен жұмыс 89-бет.

А) Әр оқушыға оқыту.

Ә)

- Төрт түліктерге нелер жатады?

- Түйе, қой, сиыр, жылқы.

- Төрт түлік атасы не деп аталады?

Түйе атасы

 – Ойсыл қара.

Сиыр атасы

 - Зеңгі баба.

Жылқы атасы

- Қамбар ата.

Қой атасы

- Шопан ата.

- Төлдер қалай аталады?

- Бота, қозы, бұзау, құлын.

Б)Рольмен әңгімелету

- ІY Жаңа сабақ

- Бүгін біз Өө дыбысын пысықтаймыз. Қандай деген сұраққа жауап беретін сөздерді анықтаймыз.

1. Мақал-мәтел айтуға жаттығу         

Сөз атасы - мақал.

Жақсы сөз - жарым ырыс.                        

Өтірік айтпа, ұрлық жасама.                               

Жұмбақ шешу.                                                   

Бір беткейде екі көл. (Көз)      

Күміс қасықтың            

Асты алтын.   (Тіл мен сөз)   

Жағасы құрақ,               

Мөлдір суат. (Көз)

- Қандай суат?

Мөлдір суат.

2. Қандай ? сұрағына жауап болатын сөздерді табу.

                   Қандай?

.....қайшы        қайшы......

.....жалау         жалау......

.....бөлме         бөлме.......

.....тау              тау........

Көже, шөже, көрік, көлік, көмек, сөз, көз, төл, көл, сөздерін оқу.

3.Сергіту сәтін өткізу.

Буындық, дыбыстық талдау жасау. Көже, көрік, көкек, сөз, төл, шөже, көлік, көмек, көз, төл, көл.

4. Өлең жаттауға жаттығу 

5. Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

А) Суреттермен жұмыс.

Сұрақ қою:

- Бұл не? (өрік, өгіз, көбелек, бөдене)

- Өрік сөзі қай дыбыстан басталады?

- Өгіз сөзі қай дыбыстан басталады?

- Көбелек сөзін буынға бөлейік.

- Ө дыбысы қай буында айтылады?

- Бөдене сөзін буынға бөлейік.

- Ө дыбысы қай буында айтылады?

Ә )Тақтаға өріс, көрік, өлең сөздерін жазып көрсету. Әріптердің қосылуына оқушылардың назарын аудару.

Өрік-жоғарыдан қосылады

Көбелек-ортадан қосылады

Өлең-төменнен қосылады

Сөз-ортадан қосылады

Рефлексия

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта өткен сабақтан алған білімімізді пысықтадық.

- Өө дыбысы қандай дыбыс?

- Бүгін біз сабақта не істедік? (Оқыдық, жаздық, жұмбақ шештік, дыбыс талдадық, ойын ойнадық)

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Жұлдызшаларды санайық (Мадақтау)

Үйге тапсырма: 90 бет «Бөпешім» өлеңін жаттау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз