Мақсаты: Мәтінді оқи отырып, оның негізгі идеясын ашып, табиғатты аялауға, қамқор болуға үйрену.
Міндеттері:
1. Топпен жұмыс істеуге бейімделу;
2. Сын тұрғысынан ойлай отырып, топтық тапсырмаларды орындау;
3. Күз ерекшеліктерін айту;
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу»
Сабақтың әдіс – тәсілдері: «Амандасу рәсімі», «Топтастыру», «Сынақтан өткізу», «Қайта бағыттау» сұрақтары, «Венн диаграммасы», «Кубизм», «Қызығушылықтарын ояту», «ДЖИГСО», «Диалогтік оқыту» стратегиясы, «Картоп егу» сергіту сәті, «2 жұлдыз, 1 тілек» рефлексиясы
Формативті бағалау оның ішінде: смайликпен бағалау
 
| Уақыты (мин) | Жоспар мазмұны (сабақ кезеңдері) | Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс – әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
| Ұйымдастыру кезеңі 
 | Психологиялық дайындық: Амандасу рәсімі 
 
 
 Өткен сабақты пысықтау 
 
 
 
 
 
 Топқа бөлу: | Оқушылармен амандасады: 
 
 
 
 Үй тапсырмасын тексеру: * «Күзгі орман көрінісін» қалай елестетесіңдер? * Әңгімеде қандай кейіпкерлер бар? * Тиіннің іс – әрекеті қалай суреттелген? * Борсық қысқа қалай дайындалды? *Мәтінде қоян қалай суреттелген? *Мәтінде қандай ағаш атаулары берілген? *Мәтінде қанша ағаш түрлері айтылған? -Топқа бөлу: жәндіктердің атауына қарай топтастыру | Амандасу рәсімі: Амансың ба алтын күн, Амансың ба көк аспан. Амансың ба достарым, Амансың ба ұстазым. Өткенді пысықтау: «Кубизм» стратегиясы бойынша әр топ өзіне түскен сұрақ бойынша жауап береді. 
 
 
 
 
 
 Әр топта 6 оқушыдан 1. «Құмырсқа» тобы 2. «Шегіртке» тобы 3. «Ара» тобы 4. «Инелік» тобы | 
 | 
 
 
 Текше 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Жәндіктердің суреттері | |||
| Тұсаукесер | Сюжетті мақал – мәтелдердің жалғасын тап | Интербелсенді тақтаны қолдана отыра, сюжетті мақал – мәтелдерді көрсетеді. 
 . . . жаны тәтті. 
 Тояды қарның тіленбей. 
 | Сюжетті мақал – мәтелдер жалғасын табады. 
 Жалқаудың жаны тәтті. 
 Тояды қарның тіленбей. 
 | 
 | Интербелсенді тақта 
 Тұсаукесер | |||
| Жаңа сабақ | Сынақтан өткізу сұрақтарын қою 
 | - Мақал – мәтелдер не жайында? - Еңбек деген сөзді қалай түсінеміз? - Еңбек етуден жалықпайтын адамды кім дейміз? - Онда бүгін біз еңбек пен еңбекқор сөздерінің мағынасын толығырақ түсінеміз. | - Әр мақал – мәтелдердің мағынасын ашады 
 | 
 | 
 | |||
| Сергіту сәті | «Картоп егу» | Сергіту сәтінің мәтінін оқып тұрады | Іс – қимылмен көрсетеді. | 
 | 
 | |||
| Мәтінмен жұмыс | «Күзгі орман көріністері» | - Әр топқа мәтінді оқуға 5 мин уақыт беріледі. | - Тақтаға әр топ мәтінді оқи отыра, жасырын тұрған сөзді табады. «Құмырсқа» тобы: . . . шегіртке Ыршып жүріп . . . Көгалды қуып . . . , Қызықпен жүріп жазды алған. 
 «Шегіртке» тобы: Жылы . . . жоқ, тамақ жоқ, Өкінгеннен не пайда? . . . тоңған, қарны . . ., Ойын қайда, . . . қайда? 
 «Ара» тобы: Секіру қайда, сүрініп, . . . қайғы жабады. Сабанда жатып дән жиған . . . іздеп табады. 
 «Инелік» тобы: Селкілдеп келіп . . . , Аяғына бас ұра: 
 . . . шыққанша асыра! | Формативті бағалау, яғни топтардың сабаққа қатысу белсенділіктеріне қарай смайликпен бағалау. 
 Жасырын сөзді тапқан топқа жапырақ беріледі. | Таратпа қағаздар | |||
| Сергіту сәті | 
 | 
 | Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Қолға қалам аламыз, Әдемі етіп жазамыз. | 
 | 
 | |||
| Топпен жұмыс | Суретпен жұмыс 
 Сөйлем құра | 1.Әр топқа суреттер таратады 
 2.Әр топқа еңбек етеді, ұшады, секіреді, бал жинайды сөздері жазылған үлестірмелі қима қағаздарын таратады | 1.Әр топ өз тобының атауының суретін бояп, оны сипаттап береді. 2. Еңбек етеді, ұшады, секіреді, бал жинайды сөздеріне сөйлем құрайды. | Тапсырмаларды орындаған сайын әр топ смайлик алады. 
 | Суреттер топтамасы 
 Үлестірмелі қима қағаздар 
 | |||
| Сергіту сәті | «Мұның аты еңбек» 
 | 
 | Іс – қимылмен көрсетеді. Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек. | 
 | 
 
 | |||
| Топпен жұмыс | Топпен жұмыс | 3. Әр топ өздерінің ойларынша күзгі орман көрінісін суретін салады. | 3. Әр топ күзгі орман көрінісінің суретін салады. | Тапсырмаларды орындаған сайын әр топ смайлик алады. 
 | Постер, маркер. | |||
| Бекіту | Топпен жұмыс | -Бүгінгі өткен мәтінге сүйене отырып, жазғы және қысқы шегірткенің іс – әрекетін салыстырмалы түрде жазғызу | -Әр топ шегірткенің жазғы және қысқы іс – әрекеттерін салыстырмалы түрде жазады. ШЕГІРТКЕНІҢ ІС - ӘРЕКЕТІ 
 жазғы әрекеті қысқы әрекеті 
 
 
 
 
 
 | 
 | 
 | |||
| 
 Рефлексия | «+,-,қызықты» | Оқушыларға стикерлер тарату + сабақта не ұнады? -сабақта не ұнамады? Қызықты сабақтың қай кезеңі қызықты болды | Әр топ мүшелері «+,-,қызықты» рефлексиясын толтырып, ұнаған смайликке жабыстырады. | 
 | 
 | |||
| Бағалау | 
 | Әр топ жинаған смайликтерін санайды. 
 | «BLOB» бағалау парақшасы | 
 | 
 | 
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі